Оқыту үшін бағалау – бұл оқушылар мен мұғалімдер оқыту үдерісінде оқушының қай жерде екенін, жетістікке жету үшін қай бағытқа бағдар алуы керек жəне жетістікке қалай қол жеткізуге болатыны туралы шешім қабылдау үшін қолданатын дəлелдемелерді іздестіру жəне түсіндіру үдерісі. Əрбір оқушы өзінің жағдайын, білімін ары қарай жетілдіру үшін не істеу керектігін білуі керек. Мұғалімнің араласуымен оқушылар уəжделуі жəне өз бетінше оқи алуы үшін қолдау ала алады.
«Қазақстан Республикасының білім беру мекемелері үштілділік саясатын қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін 1-сыныптан оқыту арқылы енгізеді». Бұл үштілді саясат қазіргі заман талабын қанағаттандырады.
«Үш тілді оқыту төрт тілдік дағдыны дамыту арқылы (тыңдалым, айтылым, оқылым жəне жазылым) коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған».
Сонымен қатар белсенді оқытудың тағы бір тиімділігі кері байланыс әрекеті.
Кері байланыс әрекеті сабақтың әр кезеңінде қолданылып, мұғалімнің оқушымен үздіксіз қарым-қатынаста болып, оқыту үдерісін ары қарай жоспарлауға және түзетіп отыруға жағдай тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |