14
қастың қайғы-қасіретіне ортақтасуы, науқастың қайғысына
психологиялық тұрғыдан қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі
ойын сезінуі («мен сенімен біргемін»). Бұл - тиісті дәрежеде
медициналық қызметкер- науқас коммуникациясын қамта-
масыз ететін психологиялық құбылыс.
Эмпатия ұғымында
медициналық қызметкер өзін науқастың орнына қоюы
арқылы, өз ішкі сезімдері арқылы науқастың жан дүниесін
түсінуге тырысуын білдіреді.
Эмпатия - идентификация механизмдеріне негізделеді, ол-
науқаспен психологиялық жанасу құруға ықпал жасайды.
Медициналық қызметкердің эмпатиялық қатынасы, оның
науқасқа инициативаны беріп қоюы-ауру адам туралы толық
және дәл мәлімет алуға, науқастың медициналық қызметкері-
нің білгерлігіне сенімін арттыруға, диагностикалық-емдеу
шараларының
тиімділігіне, сауығу сенімін тудыруға
жәрдемдеседі.
Коммуникативтік білгерліктің келесі психологиялық си-
паттамасы - сенситивтілік.
Достарыңызбен бөлісу: