Бір-біріне бағынбайтын бір қатардағы қызметтес-
тер арасындағы қақтығыс:
а. вертикальды
в. горизонтальды
80
с. аралас
д. тік
е. конструктивті
33.
Бір-біріне бағынышты адамдар арасындағы
қақтығыс:
а. деструктивті
в. вертикальды
с. горизонтальды
д. аралас
е. шекісу
34.
Субъектінің өз-өзіне қарай бағытталуы:
а. экстроверсия
в. аффект
с.эйфория
д.интроверсия
е.апатия
35.
Медициналық қызметкердің коммуникативтік
компетенттілігін төмендететін психологиялық ерекшелік-
терге жатады, барлығы тек біреуінен басқасы:
а. депрессия
в. үрейлену
с. қобалжу
д. интроверсия
е. экстроверсия
36.
Белгісіздікке бағытталған эмоциялық реакциясы-
ның жеңіл түрі:
а. эйфория
в. апатия
с. үрейлену
д. интроверсия
е. дисфория
37.
Мейірбикенің медициналық әрекет алдында жүр-
гізілген сұхбаты кезінде немесе дәрі-дәрмек қабылдау ере-
желерін түсіндіргенде кездесетін коммуникативті кедергі:
а. логикалық түсініксіз болмау кедергісі
в. семантикалық
81
с. фонетикалық
д. мәдени-әлеуметтік бөгеттің
е. стилистикалық
38.
Тіл және дикция ақаулары болған жағдайда
кездеседі:
а. логикалық түсініксіз болмау кедергісі
в. семантикалық
с. фонетикалық
д. мәдени-әлеуметтік бөгеттің
е. стилистикалық
39.
Науқастың психологиялық ерекшеліктеріне, жағ-
дайына байланыссыз, мәдени, білім дәрежесіне сай емес
сөздерді қолданғанда кездесетін кедергі:
а. логикалық
в. семантикалық
с. фонетикалық
д. стилистикалық
е. қатынасу
40.
Науқаспен психологиялық жағымды контакт
орнатуға, эмоционалды қолдау көрсетуге кедергісін
келтіреді:
а. экстроверттілік
с. рефлексия
е. интроверттілік
в. аффилиация
д. сенсетивтілік
82
МОДУЛЬ 4. ПСИХОДИАГНОСТИКА
Тақырып 4.1. Сауалдама тәсілінің негізгі мінездемелері
және оның түрлері
Сауалдама
– медицинадағы ең қарапайым процедуралар-
дың бірі болып есептелінеді. Медициналық қызметкер мен
науқастың арасындағы сұхбат тек ауру тарихын білуге ғана
бағытталмаған. Мұнда ең басты мақсат клиникалық маңызы
бар мағлұматтармен алмасу, медицина қызметкері мен науқас
арасында одақ құру. Науқас медицина қызметкеріне келгенде
көмек іздеп келеді, ал білімді де тәжірибелі медицина
қызметкері науқасқа көмек көрсетуі тиіс.
Медициналық мекемелердің көпшілігінде ең кең таралған
клиникалық сауалдама - қарапайым медициналық мағлұ-
маттарды жинақтау. Бұл мағлұматтар қазіргі аурудың белгі-
лері мен симптомдарын, өткен аурулардың ағымын,
науқастың жанұясы жайлы мағлұматтарды айқындауға және
жүйелер бойынша шолу өткізуге көмек береді.
Науқастың өмір сүруінің басқа аспектілері, мәселен
психосоциалды мінездемелері, көп жағдайда медициналық
сауалдама жүргізген кезде анықталады.
Медицина қызметкерлері медициналық қарау кезінде
пациенттің эмоционалды жағдайын білу үшін жол табуға
үмтылады. Сонымен қатар, науқастың өзін-өзі тану денгейін,
тұлға аралық қатынастардың мінездемелерін және қиындық-
тарды жеңе алу қабілетін, науқаста бар болған жағдайда
психосоциалды
дамуының
бұзылыстарын
анықтауға
тырысады.
Медициналық қызметкерде сауалдама өткізу шеберлігі бү-
кіл профессионалды қызметінің барысында дамып отырады.
Оқу орнын бітірген соң, жұмыс барысында Бұл дағдыны
менгереді деген оймен, өткен жылдары медициналық қыз-
меткерлерді оқытуда Бұл мәселеге керекті назар аударыл-
маған. Студент-медиктер науқастармен оқу барысында сөй-
лесіп үйренген жағдайда, науқаспен сұхбат жүргізу дағдысы
|