Бердалы мырзаханов



Pdf көрінісі
бет51/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

 
 
83 
жеңілге түседі, бірақ Бұл кезде оқытушы немесе консультант 
болуы тиісті. 
Сауалдама әдісі, экспериментатор және респондент (па-
циент) арасындағы тікелей (интервью) немесе тікелей емес 
(сауалнама, анкета) қатынас, зерттелуші индивид, топ
?
әлеуметтік қауым жайлы мағлұмат алу тәсілі. Сауалдама әдісі 
тұлғаны зерттеудегі ең кең таралған әдіс болып есептелінеді. 
Сауалдаманың мақсаты - науқастың бағытын, өзі жайлы
айналасындағы адамдар жайлы ой-пікірін анықтау. Сауалда-
маны басқа тәсілдермен қосарластырып қолданған өте тиімді 
болады және де көптеген қателердің алдын алады. 
Сауалдаманың мына түрлері белгілі: интервыо, сұрақ-
анкетасы және жеке сауалнамалар. 
Интервью 
- ауызша сөйлесу нәтижесінде ақпарат алудың 
амалы. Интервью байқау әдісі секілді ертеден келе жатқан 
әдіс. 
Интервью 2 түрлі мағлұматтар береді. Біріншіден, науқас-
тың сөйлеу мәнерін, жүріс-тұрысын, мимикаларын, бейтаныс 
адамдармен қатынасын байқауға болады. Екіншіден, интер-
вью кезінде науқастың өмірі жайлы мағлұматтар алуға 
болады. 
Интервью түрлері
Құрылу дәрежесіне қарай:

Стандарттандырылған немесе формальды интервью. 
Бұл интервьюде сұрақтардың құрылуы және олардың 
нәтижесі алдын ала анықталады. 

Стандарттандырылмаған немесе бос интервью. Мұн-
дай интервьюде медициналық қызметкер жалпы жоспарға 
сүйене отырып, жағдайға байланысты сұрақтар қояды. 

Жартылай стандарттандырылмаған немесе фокустел-
ген интервью. Мұндай интервьюді жасаған кезде медицина-
лық қызметкер стандарттарға негіздей отырып, басқа да керек 
сұрақтар қоя алады. 


 
84 
Зерттеу дәрежесіне қарай:

Алдын 
ала 
жүргізілген 
интервью. 
Жағымды 
зерттеулер кезінде қолданылады

Негізгі интервью. Негізгі мәлімет жинау кезеңінде 
қолданылады; 

Қадағалау интервью. Күдікті нәтижелерді тексерген 
кезде қолданылады. 
Қатысушылардың санына қарай:

Индивидуальды 
интервью 

Бұл 
интервьюде 
медициналық қызметкер мен науқас қана қатысады. 

Топталған интервью-екі адамнан көп тұлғалар 
қатысады. 
Интервъюдің негізгі фазалары: адаптация, қойылған 
мақсатқа
жету, қозуды шешу.
Интервью 
адаптация
фазасынан басталады- Бұл кезде 
науқасты сұрақтарға жауап беруге және сұхбаттасуға дайын-
дайды. Бұл фазаның мазмұны- барлау, дайындық жүргізу. 
Интервьюдің келесі фазасының негізгі мазмұны – 
қойыл-
ған мақсатқа жету
, негізгі ақпаратты жинау, мәселенің 
шешілуіне ықпал жасау. Науқастың көңілін аудару үшін 
функционалды психологиялық сұрақтар қолданылады. 
Медициналық интервъюдің қорытындылануы.
Интервью-
дің соңында жай сұрақтар қойылу арқылы қызбалылыққа 
және сезімдердің шығуына жол беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет