Берден Мақпал Абсанова Динара


ЭНЕРГИЯ АЛМАСУЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ



бет2/4
Дата26.11.2022
өлшемі0,88 Mb.
#159994
1   2   3   4
Байланысты:
презентация физиология

ЭНЕРГИЯ АЛМАСУЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

  • Тікелей калориметрия – организмнен бөлінген жылуды бикалориметрде (Этуотер-Бенедикт камерасы) тікелей өлшеу.
  • Жанама калориметрия – энергия шығынын денеге сіңген оттегінің не денеден шыққан көмірқышқыл газының мөлшерін өлшеу арқылы анықтайды (Дуглас әдісі, оксиспирография).

ЗАТ АЛМАСУ РЕТТЕЛУІ

  • Организмге қажетті энергия және құрылыс (пластикалық материалдар) тағам құрамымен күнделікті үздіксіз сырттан түсіп тұруы шарт. Негізгі 3 түрлі макронутриенттер: белоктар, май, көмірсулар организмде тотыққанда энергия бөледі. Ол организмнің әртүрлі қажеттілігіне жұмсалады.

Белок алмасуы.

  • Белок алмасуы.
  • Белок- денеге қажет аса маңызды қоректік зат әрі жасуша негізін құратын құрылыс материалы.
  • Ферменттер белоктардан тұрады. Дененің негізгі функцияларының орындалуына қатысады: тыныс алу, ас қорыту, сыртқа шығару, қорғаныс қызметі, гормондар.
  • Қозғалу қызметі( актин, миозин).
  • Белок –қуат қоры. Тәуліктік нормасы: 90-100г. белок құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам денесінде түзіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі( олар орны толмас амин қышқылдары: лейцин, изолейцин, метионин, гистидин, аргигин, триптофан, лизин, треонин).

ДЕНЕДЕГІ БЕЛОК АЛМАСУ ДӘРЕЖЕСІН ЗЕРТТЕУ ҮШІН АЛДЫМЕН АЗОТ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ (БАЛАНСЫ) ТЕКСЕРІЛЕДІ.

  • Азот тепе-теңдігі
  • Ас пен бірге ас қорыту жолына түскен соң, денеге сіңген азоттың мөлшері несеп, тер және нәжіс арқылы денеден шығатын азоттың мөлшері тең болса, бұл азот тепе-теңдігі деп аталады. Денеге келіп түскен азот одан шығарылып тасталған азоттан басым болса, азот тепе-теңдігі оң деп есептеледі (өсіп кележатқан жас организмде, екі қабат әйелдерде кездеседі). Сыртқа шығарылған белок қалдықтарындағы азот мөлшері денеге сіңген белоктағы азоттан басым болса, азот тепе-теңдігі теріс деп аталады. (белогы аз тағамдармен тамақтанғанда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет