Дұрыс (тиімді) тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз етеді.
Тағам заттары: белоктар, майлар, көмірсулар, макро және микроэлементтер (минерал заттар), витаминдер, фитоцидтер, тағамдық талшықтар). Қазіргі кезде академик А.А.Покровский ұсынған " Балансты тамақтану" концепциясы кең қолданылады. Рациональды ( тиімді) тамақтану 3 принципке негізделеді:
Белок-80-100г (1г белок 1 кг дене салмағына шаққанда, оның ішінде 55%-жануар белогы болу керек
Май-80-100 (50-60% жануар майы)
Көмірсу-400-500 г
ағза тіршілігінің бірқалыпты өмір сүруі үшін өте аз мөлшерде ғана қажет болатын, заттардың дұрыс алмасуында әсер ететін, онда реттеуші қызмет атқаратын кіші молекулалы органикалық қосылыстар.
Витаминдер өндірісте арнайы дәрі-дәрмек ретінде шығарылады. Дегенмен, ағзаның қажеттілігін өтеуде азық-түлік қорымен тағам арқылы келген табиғи витаминдердің пайдасы зор.