Бердіғалиева Толқын Беркімбайқызы Кулагино орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Еңбек өтілі 5 жыл
Дата 25.12.2016 өлшемі 11,46 Kb. #4940
Бердіғалиева Толқын Беркімбайқызы Кулагино орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Еңбек өтілі 5 жыл Оқушыларды еркін сөйлеуге үйрету, тіл байлығын арттыру. Бастауыш мектепте ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін қалыптастыруға қадам жасаушы. Мағжан Жұмабаев Психолог Н. И. Жанкин "Сөйлеу интеллектінің даму каналы. Тіл неғұрлым ерте меңгерілсе, білімде соғұрлым оңай және толық меңгеріледі" Жоғарыда қойылған мақсаттардан мынадай міндеттер туындайды: • Оқушының оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру. • Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту. •Шығарманың түпкі мазмұның-мәнін түсінуі, кейіпкердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау. • Өзіндік ой пікірін айта білуге баулу. •Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту. - Мазмұны, анық болуы; - Логикалық байланыс ; - Дәлелді болуы; - Ойдың дәл тартымды болуы; -Өте түсінікті болуы (артық сөз, орынсыз тіркес болмауы); -Мәнерлі, әсерлі,сенімді,таза, әдеби тіл нормасына сай болуы. Суретпен жұмыс арқылы тіл дамыту Әр түрлі тапсырмалар беру Ауызша суреттеп сөйлеу әдісі Түрлі-түсті суреттер немесе өз ортасына байланысты баяндау әдісі 1.Мәтінді түсініп оқу, іштей оқу; 2.Мәтіндегі түсінбеген сөздермен сөздін жұмысын жүргіз (қарапайым сөздермен сөз мағынасын түсіндіру). 3.Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрату; 4.Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру,сипаттау, теңеу; 5. Әңгімені өз жаныннан толықтыру, аяқтау; 6. Мәтінді сахналау; Табиғат көрінісін , суреттен көргенін, көрмеден, түрлі мәдени орындардан алған әсерін, жанды - жансыз заттарды көз алдында тұрғандай етіп суреттеп баяндауға дағдыландырады. Суреттеп сөйлеуге баулуда оқушы жауапкершілігі артады. Себебі бір нәрсені суреттеуде, сол заттың белгілері мен ерекшеліктерін айтуда оқушы әр ұғымның атауын іздестіріп , сөздік қорын байытады. Ауызша суреттеп сөйлеу әдісі Ойдан әңгіме, өлең шығарту әдістері Оқушылар қиялға өте бай келеді. Сондықтан оқушыларға өз қиялдарынан шағын әңгіме, ертегі айтқызып, өлең шығарту жұмысы жүргізіледі. Бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамытады. Оқушы тілін дамытуда жазбаша жұмыстар басты роль атқарады. Түрлі-түсті суреттер арқылы немесе өз ортасына байланысты баяндау әдісі Бұл әдістер арқылы ауызша және жазбаша баяндау негізінде сөздік қорын молайтып , тілін дамытуға мүмкіндік туады. Тіл дамытуға арналған шығармашылық тапсырмалар 1.Қай әрпім жоқ? Құр...қ, Сағ..т, Бақ ...т, ІІІ..л, Б...з, Қ...з 2.Түсіп қалған буынды тап. Ер..., Дәрі..., Ал..., Ор.. , О...шы, Күн... 3.Қандай сөз жетпейді? Талғат ... оқушы (әдепті, жақсы, жаман, ұқыпты, салақ, талантты, талапты, т.б.). Раушан анасына-... сыйлады ( гүл, орамал, бестікбаға, ән, өзінің қолөнер туындысын, т.б). Оқушы әріпті, сөзді қоя отырып, оның бір ғана жауабы болмайтынын, көп екенін, тағы ізденуге болатынын түсінеді. Табиғат құбылыстарына , заттарға жұмбақтар құрастыру. Мысалы, Дидардың құраған жұмбағы: Өзі жас, мұртты Сүтті ұрлап ішті (Мысық). Әр үйде белін буған бір пысық бар (Сыпыртқы). Айнараның құраған жұмбағы: Өзі қызық жануар, Тоғайлардан табылар. Қорқақ болып қашады, Бірақ тышқанды басады. (Қоян) Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең, әңгіме, ертегілер, өтірік өлеңдер жазғызу т.б. Эссе жаздыру. “Тіл білгірі” интеллектуалдық сайыс Мақсаты: Алған білімдерін грамматикадан ойын арқылы қайталау; ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін , тіліміздің қызықты құбылысын түсіндіріп, оқушылардың біліктілігі мен танымдылығын арттырып, қызықты сұрақтар арқылы жауапты тез табуға, тапқырлықпен орындауға дағдыландыру; Ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды, тапқырлықты, шығармашылықты дамыту ; Білімпаздыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, озық болуға тәрбиелеу. Сайыстың бөлімдері «Зымыран сұрақтар» «Полиглот» бәйгесі «Сөзтапқыш» «Көрерменнен базарлық» «Жұмбақтар» шешу. Данышпандар тобы Ойшылдар тобы Қорыта айтқанда,оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты түрлендіре жүргізілетін жұмыс – оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін тудырып,шығармашылық ізденіске бейімделушілігін молайтады,тіл байлығын арттырады. Тіл дамыту жұмыстарында дамыта оқыту жүйесі іске асып әр оқушы өз бетінше жұмыс істеуге , өз ойын еркін айта білуге қалыптасады. Оқушыға берілген тапсырманы біртіндеп күрделендіре түсіп,шәкірт бойындағы шығармашыл ізденісті тереңдете түсу менің және барлық ұстаздар қауымының негізгі мақсаттарының бірі болмақ деп есептеймін. Достарыңызбен бөлісу: