СӨЖ 4 апта
Тапсырма
Берілген сұрақтардан 1 сұрақты таңдап жауап (конспект) дайындап Платонус жүйесіне жүктейсіздер
«Қазақстандағы 1921-1922 жж. аштық: құжаттар, статистика, ақпарат» деректері бойынша контент- талдау дайындау.
Тұтас Түркістан идеясының жеңіліс табуы. Т. Рысқұлов және М. Сұлтанғалиев.
Басмашылар қозғалысы. Әнуар Паша және .З. Валидов.
Қазақ өлкелік партия комитетінің «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі.
Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу - біртұтас Түркістан идеясының біржақты күйреуі.
Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі.
Қазақстандағы 1921-1922 жж. аштық: құжаттар, статистика, ақпарат.
1921-21 жылдары аралығындағы оқиға Қазақ халқының тарихындағы қаралы кезеңдердің бірі. Қазақ халқының бір бөлігі ашаршылықтан қаза тапса, тағы бір бөлігі елден жыраққа кетті. Бұл оқиғаны Кеңес басшылары «Жазда күннің ыстық болуынан, шегірткенің қаптап кетуінен егістік бітік шықпады, соның салдарынан халық малын азық қылуға көшті. Ол мал басының санының азайып кетуіне алып келді.» деген мыйға қонымсыз себептермен түсіндірді. Бұндай жалған себеп, Кеңес үкіметінің жауыздығын басқа елдерге көрсетпеуі үшін ойлап табылды.
Шын мәнісінде біз бұл ашаршылықтың себебі мүлде басқада екенін білеміз. Азамат соғысы кезінде Қызыл гвардияның әскері аш қалмау үшін қазақ жерін барынша тонады. Мұның айқын көрінісі егістіктен жиналған 54 мин. Пұт астықты тартып ала отырып, тағыда 417 млн.астықты салық ретінде деп тартып алды. Бұдан кейін өмір сүру үшін бос қаптан басқа не қалды.
Кеңес үкіметінң қазақ жеріндегі ашаршылықты бақылап отырған комиссияның жазған мәлімдемесінде, Орынбор, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Бөкей, Ақмола, Торғай губерниялары мен Адай г уезі бойынша 1921 жылдың Желтоқсан айында 1559911 адам, 1922 жылдың Қаңтар айында 1600452 адам, Ақпанда 1629431 адам,Наурызда 1736413 адам, Сәуірде 2303320 адам, Мамырда 2071222 адам аштыққа шалдыққан деп айтылған. Осы кезде қазақ жерінде 4781263 адам өмір сүретінін есепке алсақ, жалпы халықтың 55%-ы аштыққа шалдыққан болып шығады. Ал бұл Кеңес үкіметінің мәлімдеуімен айтылған сан, сонда шын мәнісінде қанша адам аштыққа ұшырады. Бір ғана Орал губерниясының халқының 99%-ы аштыққа шалдықты. Сонымен қатар жығылғанға жұдырық болып халық арасында сүзек, тырысқақ, іш безгегі, оба сияқты жұқпалы аурулар тарай бастады.
1921 жылы 15 шілдеде «Ашыққандарға арнайы төтенше көмек көрсету» комитеті құрылды, яғни «Компомгол». Комитеттің басқарушысы етіп Сеітқали Меңдешевті тағайындады. Меңдешев «Қазақ республикасындағы ашыққандарға көмек беріңдер!» деген үндеу жариялады. Бұған дейінде ашыққандарға көмек берілңп келдң, бірақ тек қалаларға. Ал қалада қазақтардың 2%-ы ғана өмір сүретін еді. 1921 жылы тамыз айында Меңдешевтің қол қоюымен Қазақ АКСР ОК республика шаруаларына үндеу жарияланды. Үндеуде – қоныстанушы шаруаларға қоныстанған жерін тастап, Украинаға көшулерін сұрады.
Қазақстандағы аштықпен күресу мәселесі 1922 жылы 19-27 ақпан аралығында Орынборда партия мүшелерінің 2-ші жалпы конференциясында қаралды. Конференцияға барлығы 118 делегат қатысты. Аштарға жәрдем көрсету комиссиясының басшылығымен 173 балаларға арналған тамақтанатын пункттер, 5 губерниядағы 225466 ашыққан балаларға арналған, 425 асхана ашылды.
Конференция барысында елдегі аштықпен күресуде мынадай міндеттер ұсынды:
Ақық-түлік қорларын дайындауды күшейту және оны аудандарға бөлу;
Тұқымдық астықты уақытылы қабылдауда және оны бөлуде төтенше әдіс қолдану;
Қоғамдық жұмыстар мен қолөнер артельдерін ұйымдастыруды жеделдету;
Аштықпен күресуде барлық Халкомдардың және өлкелік мекемелердің жұмысын күшейту;
Автотранспорттық тамақтандыру орындарды жеткізу арқылы дала өлкесіндегі ашыққан қазақтарға көмек көрсету;
Жұт пен аштық кезінде күйзеліске ұшыраған қазақ ауыл шаруашылығын тез арада малмен қамтамасыз ету.
1922 жылы 15 қазанда Қазақ Орталық Атқару комитеті жанынан Ашаршылық салдарынан құтқару орталық комиссиясы құрылды және оны ЦЕКАПЩСЛЕДГОЛ деп те атады.
Достарыңызбен бөлісу: |