Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К



Pdf көрінісі
бет17/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

 
Тапсырма
жоғары температураның, орта рН-ның түрлі мәндерінің, 
ультракүлгін сәулелерінің, осмостық қысым мен антибиотиктердің 
микроорганизмдерге әсерін анықтау 
 


Әдістемелік нұсқау 
1 зертханалық жұмыс. Микроорганизмдерге жоғары температураның 
әсері
 
Спорасыз бактерияларға жоғары температураның әсері
Су моншасын 80
о
С температураға дейін қыздырады. Қатқан ет-пептонды 
агар бар Петри табақшасын астынғы жағынан үш секторға бөледі. Олар 
дақылдардың 
қыздыру 
уақытын 
білдіреді 
(0-10-30 
белгіленеді). 
Физиологиялық ерітіндіде (0,85%-дық NaCl ерітіндісі) алдын ала 
дайындалған пробиркадағы спорасыз бактериялардың (
Escherichia coli

өлшемесін бактериологиялық тұзақпен 0 яғни қыздырылмаған секторға егеді 
Егуді агар бетіне штрих әдісімен жүргізеді. Дақылы бар пробирканы 10 
минут су моншасында қыздырып, кейін дақылды 10 деп белгіленген секторға 
егеді. Пробирканы қайта су моншасына салып, қосымша 20 минут 
қыздырады да, агардың 30 деген секторына егеді. Табақшаларды 
температурасы 37
о
С термостатқа қояды. 
 
Споралы бактерияларға жоғары температураның әсері
Бұл бактериялардың (
Bacillus subtilis
) термотөзімділігін анықтауды 
спорасыз бактериялар термотөзімділігін анықтағандай етіп жүргізеді.
 
Зең саңырауқұлақтарының өсуіне жоғары температуралардың әсері
Алдын-ала 
дайындалған 
қатырылған 
сусло-агары 
бар 
Петри 
табақшаларын астыңғы жағынан – 5, 25, 40 (белгілеулер саңырауқұлақты 
өсіру температурасына сәйкес) деп белгілейді және қақпағын жоғары 
қаратып орналастырады. Алдын-ала жасалған зең саңырауқұлақтарының 
спораларының сулы суспензиясын алып, бактериологиялық тұзақпен сусло-
агардың бетіне плстинканың ортасына суспензияның бір тамшысын 
тамызады. Егілген табақшаларды төмен қаратып, дақылдардың өсуіне сәйкес 
температуралардағы (5, 25 и 40 
о
С) термостатқа қояды. . 
Нәтижелерді сараптау. 
Споралы және спорасыз бактериялардың 
термотөзімділігін анықтау үшін табақшалардағы сеторларды қарастырады, 
өсудің болу-болмауын анықтайды; қабаттың ауданы мен тығыздығына қарай 
шамамен визуалды әдіспен өсу қарқандылығын анықтайды да, келесідей 
белгіленулерді қолданады: «-» өсудің болмауы, «+» әлсіз өскен, «++» 
қалыпты өскен, «+++» қарқынды өскен. 
Дақылдың 
біртектілігін 
анықтау 
үшін 
барлық 
секторлардағы 
дақылдардан (заттық шыныға бірнеше рет жағу арқылы) фуксинмен боялған 
препарат дайындайды да, оны микроскоптайды және суретке түсіреді. 
Тәжірибе нәтижесін 2 кестеге енгізеді. 
2 кесте. 
Микроорганизмдерге жоғары температураның әсері
Дақыл атауы 
80
о
С қыздырғаннан кейін, мин 
Тәжірибені 



10 
30 
қорытындылау 
Escherichia coli 
Bacillus subtilis 
Ескерту: «-» өсудің болмауы, «+» әлсіз өскен, «++» қалыпты өскен, «+++» 
қарқынды өскен. 
Зең саңырауқұлағының дамуына температураның әсері келесідей 
көрсеткіштер бойынша зерттеледі: колониялардың диаметрінің мөлшері 
(табақшаның астыңғы жағынан миллиметрлік қағаз кесіндісімен өлшенеді) 
және спора түзілуінің болуы (колониялардың боялған зоналарының 
мөлшері). Нәтижелері 3 кестеде сипатталады. . 
3 кесте.
Зең саңырауқұлағының дамуына температураның әсері 
Дақылдарды өсіру 
температурасы, 
о
С 
Саңырауқұлақтың даму қарқындылығының 
көрсеткіштері, мм 
колония диаметрі
Спора түзілу зонасы 
40 
55 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет