Антагонизмді
in vitro анықтау әдістерінің ішінде зерттелетін және
индикатор микрооргнизмдерді жеке-жеке және бірізділікпен дақылдауға
негізделген қатты қоректік ортадағы мерзімі ұзартылған антагонизм әдісі
едәуір кең таралған. Сандық бағалаудың неғұрлым қарапайым әдісінің біріне
қатты қоректік ортада зерттелетін дақылдардың колония айналасындағы
тест-дақылдардың өсуінің тежелу аймағының ұзындығын ескере отырып
(штрих, блок, колония, лунка) жүргізетін мерзімі ұзартылған антагонизм
әдісі болып табылады. Оның бірнеше нұсқалары бар:
1)
Штрих арқылы егу әдісі;
2)
Макроколония әдісі;
3)
«лунка» әдісі.
1 зертханалық жұмыс. Штрих арқылы егу әдісімен микроорганизмдердің антагонисттік белсенділігін бағалау Бұрыннан белгілі немесе болжанып отырған антагонистті қоректік агары
бар табақшаның бетіне диаметрі бойынша сызықтар арқылы немесе
зерттелетін бактериялар үлгісін салатын жартылай кепкен агардағы арнайы
кесілген «ойыққа» егеді. Антагонистті термостатта 18-48 сағат дақылдайды
(түріге қарай). Кейін антагонисттің өсу зонасына тікелей жақын жерге
антагонисттік әсерге сезімталдығы тексеріліп отырған микроорганизмдерді
перпендикуляр штрих арқылы егеміз (2 сурет). Бұл жағдайда сезімталдық
дәрежесі нысана-микроорганизм өсуін тежейтін аймақтың көлемімен
анықталады
Микрооргнаизмдер арасындағы қарым-қатынас типін суреттеуде
Джонсон мен Карл дәрежесі қолданылады.
А=0 балл – екі организмнің аралас өсуі немесе қсудің тежелуінің
болмауы;
В=1 балл – байланысу кезіндегі екі-жақты келісілген тежелу, дақылдар
жанасқаннан кейін екі организмде өсу тоқтайды;
В
1
=2 балл – байланысу кезіндегі екі жақты келісілген тежелу, бірнеше
күннен кейін антагонист тежейтін организмнің үстіне өсе бастайды;
С= 3 балла – екі-жақты келісілген ара қашықтықта тежелу;
D=4 балл – байланысу кезінде бір организмні тежелуі , антагонист
тежелген организмді басып өседі;
Е= 5 балл – байланысу кзінде бір организмнің тежелуі, антагонист
тежелген организмнен жоғары өзгеріссіз жылдамдықпен өсе береді.
Көрсетілген өлшем бірліктерге сәйкес балмен әрбір штамм бойынша
антагонизм индексін есептейді. Алынған мәліметтерді 13 кестеге енгізеді.
2 сурет. Штрих арқылы егу әдісі
13 кесте.
Зерттеліп отырған штамның антагонизм индексі
Тест-культура
Индекс антагонизма
Тәжірибені
қорытындылау
1
2
3