ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңдағы физиология – организмдердің қоректенуі, тыныс алу,
өсіп, дамуы және олардың қоршаған ортамен байланысы жайындағы ғылым.
Физиологиясын меңгеріп білу микроорганизмдердің тіршілігін
басқаруға, бірлесіп тіршілік ету барысындағы түрлі микроорганизмдердің өз
арасындағы және басқа организмдермен де байланысын бықылауға
мүмкіндік туғызады. Физиология негздерін білу түрлі өнімдерді өңдеу,
сақтау кезіндегі микробиологиялық үрдістерді жүргізе алуға, оларды
өндірісте және ауылшаруашылығындағы тәжірибелік мақсаттарда тиімді
пайдалануға, сондай-ақ қажет болғанда олармен күресу құралдарын жасауға
мүмкіндік береді.
Микроорганизмдер морфологиялық тұрғыда үлкен ерекшеліктерге ие
болмағанмен, физиологиялық тұрғыда алуантүрлі. Әсіресе зат алмасу
үрдісінің негізін қалайтын, қоршаған орта мен тірі организмдер арасындағы
үздіксіз байланыс құраушысы болып табылатын қоректену, тыныс алу
үрдістерінде айтарлықтай ерекшеліктер болады. Беріліп отырған пән
студенттерде микроорганизмдердегі метаболизм мен оның реттелуі туралы
және
тәжірибе
жүзінде
микроорганизмдердің
қызметінің
негізгі
физиологиялық заңдылықтарын пайдаланудағы жинақталған білім жүйесін
қалыптастыруға көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: