Әдетте емдік және балалар мекемелерінің гигиеналық жағдайын, ауасын
тексеру барысында патогенді стафилакокктарды санитарлық-көрсеткіштік
микроорганизмдер ретінде пайдаланады. Ал тағам өнімдері үшін бұл
көрсеткіштер басқа мағынаға ие. Себебі, стфилакокктардың патогенділігі
емес, энтеротоксигенділігі, яғни тағамдық интоксикацияны туғызатын
энтеротоксин юөлу қабілеті алаңдаушылық туғызады.
Микробиологиялық өндірісте өндіруші микроорганизмдердің болуын
анықтайды
(
гидролизді-ашытқылы
зауыттарды
Candida
,
ферменттік
зауыттарды
Aspergillus
және
споралы бактерияларды; өсімдіктерді
зиянкестерден қорғаушы бактериалдық заттар өнеркәсібінде
Bacillus
thuringiensis
және сальмонеллалар; т.б.).
Седиментациялық
әдіспен
алынған
ауа
микрофлорасы
бар
табақшаларды стафилакокктарға зерттейді. Элективті-дифференциалдық
қоректік орталарға егетін, стафилакокктардың таза дақылын алады.
Стафилакокктарды анықтау әдісі ас тұзының жоғары құрамы болатын
ортада өсу қабілеттілігіне негізделген. Токсигенді стафилакокктардың
дақылын бөліп алу мен оларды сапрофиттерден
дифференциациялау
мақсатында көбінесе сарыуызды-тұзды агар (СТА) мен сүтті-тұзды агар
(СТА) сияқты элективті-дифференциалды қоректік орталарды қолданады.
Саруызды-тұзды агарды
тұзды агар негізінде дайындайды. Оны
дайындау үшін ет-пептонды сорпаға (рН 7,2 - 7,4), 2% агар және 6,5% хлорлы
натрий қосып, су моншасында ерітіеді. Еріген соң алып, сүзеді. 100 см
3
немесе 250 см
3
көлемде құйып алып 121
о
С-та 30 минут бойы
залалсыздандырады.
Ет-пептонды сорпаның орнына құрғақ қоректік агарға 6,5 % NaCl
өосып пайдалануға болады..
Зерттеу алдында тұзды агарға сарыуыз қоспасын қосады. Ол үшін 100
мл залалсыздандырылған ерітіліп, 45
о
С дейін суытылған тұзды агарға 20 мл
жұмыртқа сарыуызының эмульсиясын қосады. Әбден араласқан СТА-ны
залалсыздандырылған Петри табақшаларына 20 - 25 см
3
құйып 4 - 6
о
С
температурада 7 тәулік бойы сақтайды.
Жұмыртқа
сарыуызының
эмульсиясын
дайындау
үшін
залалсыздандырылған Петри табақшасының түбіне алдын-ала этил спиртіне
батырылған мақтамен мұқият сүртілген тауық жұмыртқасын орналастырады.
Залалсыздандырылған пинцетпен екі қарама-қарсы жағынан тесік жасайды.
Осы екі тесіктің біреуінен ақуызын толығымен алып тастайды да, сосын
тесікті үлкейтіп сарыуызын залалсыздандырылған 200 мл
колбаға бөліп
алады. Саруызға ақырындап 180-200 мл залалсыздандырылған 0,8%-дық
хлорлы натриді 20-30мл-ден бөлшектеп құйып отырып, гомогенді масса
алғанша мұқият араластырады.
Осы ортада патогенді стафилококктар өсіп шыққан кезде олардың
колонияларының бойында ортаның лайлану зоналары пайда болады яғни
олар
лецитиназаға
оң реакция көрсетеді
.
Егер
СТА-да өсіп шыққан
стафилококктар лецитиназалық реакция көрсетпесе, оларды қиғаш ет-
пептонды
агрға
егеді.
Кейін
плазмокоагуляция
реакциясында
диффернециациялайды.
Сүтті-тұзды агарды да
тұзды агар негізінде дайындайды. 100 мл
залалсыздандырылған ерітіліп, 45
о
С дейін суытылған тұзды агарға 10 мл
залалсыздандырылған майы алынған жылы сүтті құямыз. Ортаны мұқият
араластырып, табақшаларға құяды.
СТА-дағы стафилококктар колониясының пішіні диаметрі 2-4 мм диск
тәрізді, тегіс жиекті болады, сары, ақ,лимон түстес пигменттелуі мүмкін. Аз
дегенде 5 сипатты колонияны
қиғаш ет-пептонды агарға егіп, кейін осы
дақылдармен
плазмокоагуляция
реакциясын жүргізеді (патогенді және
сапрофитті стафилококктардың дифференциациясы үшін.
Плазмокоагуляция реакциясы.
0,5 мл залалсыздандырылған қан
сарысуы бар пробиркаға агарлық немесе 0,1 мл сорпалық 18-24 сағатттық
дақылдан зерттелетін микроорганизді бактериологиялық тұзақпен енгізеді.
37
о
С-та инкубациялап, нәтижесін 30 минут, 2, 4 және 24 сағаттан кейін
анықтап отырады.
Оң нәтиже – тығыз немесе борпылдақ ұйынды түзіледі; егер
сұйылтылған сарысуды қолданса, ұйынды сұйық бетінде қалқып жүреді.
Сарысуды дайындау. 1:2 – 1:4 болатындай
етіп физиологиялық
ерітіндімен сұйылтылған немесе толық қоян сарысуын қолданады. Қоянның
жүрегінен пункция әдісімен алған қанды (10 мл жуық) 1мл 5%
залалсыздандырылған лимонқышқылды ерітінді бар пробиркаға құйып алып,
мұқият араластырып, центрифугалайды. Сарысуды (тұнба үстіне бөлініп
шыққан сұықтық) залалсыздандырылған пробиркаларға құйып алып, 4-5
тәулік тоңазытқышта сақтайды.
Стафилококктардың дифференциациясы үшін, сонымен қатар, маннит-
тұзды агарды да қолдануға болады. Онда
S. aureus
сары колониялар,
S.saprophyticus
– қызғылт (маннитті ашытпайды),
S. epidermidis
– ақ түсті
(маннитті ашытады) колониялар өсіп шығады.
24 кесте
Ауадан бөліп алынған стафилококктардың түрлік
белгілерін анықтау
Колония
№
Лецитиназаға
реакция
Сүтті-тұзды
агарда өсіп
шыққандар
Плазмокоагуляция
ға реакция
Түрі
1
2
Достарыңызбен бөлісу: