Бақылау сұрақтары: 1.
Микроорганизмдер қарым-қатынасы типтері.
2.
Микроорганизмдер әлеміндегі антагонизм.
3.
Бактериялар мен актиномицеттер – антибиотик өндірушілері.
4.
Биоценоздағы антибиотиктер рөлі.
5.
Өсімдік шаруашылығында антибиотиктерді қолдану
6.
Тағам өндірісінде антибиотиктерді қолдану
4 тақырып: Топырақ микроорганизмдерінің өсімдіктің өсуіне әсері Мақсаты: Топырақ микроорганизмдерінің өсуді ынталандыру
белсенділігін анықтау.
Түрлі
әсерге
ие
метаболиттердің
биосинтезіне
бағытталған
микроорганизмдердің көптеген биологиялық қызметі белгілі. PGPМ (Plant
Growth-Promotion Microorganisms) агробиотехнологияда болашағы зор
микроорганизмдер болып табылады. Олар өсімдіктің өсуін ынталандыратын
және өнімділігін
арттыратын
биопрепараттарды
жасауда
кеңінен
қолданылады.
PGPМ қолдану химиялық тыңайтқыштардың орнын алмастыра алатын
таптырмайтын шешім және Қоршаған ортаның ластануын жоғарылатпауға
мүмкіндік береді. Себебі, оларды өсімдіктердің табиғи тіршілік ортасынан
бөліп алады. Сонымен қатар, өсуді ынталандырушы микроорганизмдердің
әсері тиімділігі өсімдіктің түріне, өсіру жағдайларына және басқа да көптеген
факторларға тәуелді. Микроорганизмдердің өсімдіктің өсуін ынталандыру
қабілеті олардың негізгі үш қасиетіне байланысты. Олар: 1) өсімдіктің өсуін
реттейтін фитогармондардың бөлінуіне; 2) олардың әсерімен өсімдіктердің
қоректену элементтерінің қолжетімділігінің артуымен; 3) өсімдіктің түрлі
аурулардан қорғана алуына. Бұл қасиеттер PGPМ-нің әр түрінде көрінуі
мүмкін немесе бір т.рінде ғана жинақталуы мүмкін.
Өсімдіктің
өсуін
ынталандыратын
микромицеттерге
(PGPМ)
Aureobasidium ,
Aspergillus ,
Penicillium, Trichoderma, Fusarium туыстарына
жататын көптеген түр өкілдерін жатқызады.
.