Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К



Pdf көрінісі
бет33/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

 
Құрал – жабдықтар:
залалсыздандырылған фильтр қағазы бар Петри 
табақшалары, залалсыздандырылған құбыр суы бар пробиркалар, 
бактериялар мен ашытқылар суспензиясы; өсімдік дәндері; дәндерді 
залалсыздандыруға арналған спирт ерітіндісі мен сутек асқын тотығы; 
бактериологиялық тұзақ; 85%-дық ацетон; 1 мл тамшуырлар; спирт шамы; 
сызғыш.


Зертханалық жұмыстың орындалу жоспары: 
1 сабақ. 
Кейбір топырақ микроорганизмдерінің өсуді ынталандыру 
қабілетін анықтау мақсатында тәжірибе қою.
 
2 сабақ.
Өсімдік өскіндеріндегі жапырақ санын, тамыры мен сабағының 
ұзындығын есептеу керек. Алынған нәтижелерді кестеге енгізеді. 
Микроорганизмдердің дақылдық сұйықтығының белсенділігін анықтау 
мақсатында тәжірибе қою.
3 сабақ. 
Сұйылтылған дақылдық сұйықтықтың өсуді ынталандыру 
белсенділігін тамыр мен сабақ ұзындығы жапырақ санына, хлорофилл 
концентрациясы мен өңделмеген биомасса бойынша анықтау қажет. 
Нәтижелерін кестеге енгізеді. Алынған нәтижелер бойынша салыстырмалы
сараптама жүргізеді. Есеп дайындайды.
 
Бақылау сұрақьары: 
1.
Микроорганизмдердің бірінші және екінше реттік метаболиттері 
туралы. 
2.
Микроорганизмдер өндіретін физиологиялық белсенді қосылыстар 
сипаттамасы. 
3.
Өсімдіктің өсуін ынталандыратын микроорганизмдерді тәжірибеде 
қолдану және сипаттамасы.
4.
Микроорганизмдер мен өсімдіктердің қарым – қатынас типтері.
5.
Өсімдіктердің өсуін ынталандыратын фитагормондарды өндіретін 
микроорганизмдер. 
5 тапсырма. Табиғи биотоптар микрофлорасы.
 
Сабақтың 
мақсаты:
Топырақтағы 
ішек 
таяқшалары 
тобының 
бактерияларын анықтау әдістері.
Топыраққа түскен адам мен жануарлардың қалыпты микрофлорасы
сонымен қатар, патогенді микроорганизмдер әдетте ұзақ өмір сүрмейді. 
Дегенмен, адамның қалыпты микрофлорасы өкілдері топырақ биоценозы 
құрамына қосылуға қабілетті. Ал бөлек түрлері тұрақты мекенетушілері 
болып қала береді. Осыған байланысты, топырақтан табылған адам мен 
жануарлардың қалыпты микрофлорасы осы биотоптың ластанғанының 
белгісі. Мұндай микроорганизмдерді санитарлық – көрсеткіштік 
микроорганизмдер 
деп 
атайды. 
Санитарлық 
– 
көрсеткіштік 
микроорганизмдер (СКМ) – қоршаған ортаның, СКМ-нің түсу жолымен 
түсіп отыратын, патогенді микроорганизмдермен жанама ластануын 
көрсететін өзіндік индикаторлар.
СКМ – дардың едәуір ақпараттық тобына ішек таяқшалары 
бактериялары жатады (ІТТБ). Оған жұқпалы ауруларды (тиф, дизентерия 
және т.б.), тағамнан улануды (
Salmonella 
туысының кейбір бактериялары) 
туғызатын микроорганизмдер және адам мен жануарлардың ішегіндегі 
тұрақты қалыптысы – ішек таяқшасы (
Escherichia
) мен оның түрлері жатады. 


Ішек таяқшасы – барлық аталған микроорганизмдер ішінде санитарлық 
көрсеткіш болып есептеледі. Себебі, олардың қоршаған ортада өзгеріссіз 
сақталу мерзімі патогенді микроорганизмдердің тіршілік мерзімдерімен 
сәйкес келеді. Сонымен қатар, ішек таяқшаларын анықтау әдістері де тиімді 
болып табылады. Ішек таяқшалары тобының бактерияларының бөлек 
туыстарының санитарлық – көрсеткіштік мәні бірдей болмайды. 
Escherichia
туысы бактерияларының тағам өнімдерінде, суда, топырақта, жабдықтарда 
табылуы бұл объектілердің жуық арада фекальді ластанудың болуының 
көрсеткіші. Ол үлкен санитарлық және эпидемиологиялық мәнге ие. 
Citrobacter
мен 
Enterobacter
туысының бактериялары едәуір ескі фекальді 
ластану көрсеткіші болып табылады. Сондықтан олардың санитарлық – 
көрсеткіштік мәні 
Escherichia
туысының бактерияларына қарағанда төмен 
шамаға тең болады.
Ішек 
таяқшалары 
тобының 
бактерияларын 
(ІТТБ), 
микроорганизмдердің 3 туысына бөледі.: 
Escherichia, 
Citrobacter, 
Enterobacter
, олар 
Enterobacteriaceae 
тұқымдасына жатады
.
Escherichia 
туысына микроорганизмдердің 5 түрі кіреді. Олар: 
E.coli, E.blattae, 
E.fergussonii, E.hermanii и E. vulneris

Citrobacter
туысына үш түр кіреді: 
C.amalonaticus, C.diversus, C.freundii,
ал 
Enterobacter
туысы 12 түрді 
біріктіреді. Олар көптеген ортақ морфологиялық, дақылдық және 
ферментативті қасиеттерге ие. ІТТБ құрамына ұсақ қозғалғыш, грамтеріс, 
спора түзбейтін таяқшаларды жатқызады. Олар 37
о
С температурада (5 – 
24сағат ішінде) қышқыл мен газ түзе отырып, лактоза мен галактозаны 
ферменттеуші 
және 
оксидазалық 
белсенділікке 
ие 
болмайтын 
микроорганизмдер.
Топырақтың жалпы бактериалды ластануы маңызды көрсеткіштерге 
жатады. Ол үшін мезофильді аэробты және факультативті анаэробты 
микроорганизмдер 
санын 
(КМАиФАМ) 
анықтайды. 
Сапрофитті 
микроорганизмдердің жоғары саны органикалық ластануды көрсетеді, 
микробтық контаминацияда санитарлық – көрсеткіштік микроорганизмдер 
саны басым болады.
 
Микробтық сан – салмақ бірлігінде немесе зерттелетін объектіде 
болатын микроорганизмдердің жалпы мөлшері. (1 г топырақ, 1 мл Н
2
О, 1 м
3
ауа).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет