Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К



Pdf көрінісі
бет31/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

 
Тапсырма
топырақ микроорганизмдерінің өсуді ынталандыру 
белсенділігін анықтау.
 
Әдістемелік нұсқау 


 
1 зертханалық жұмыс. Топырақ микроорганизмдерінің өсуді 
ынталандыру белсенділігін анықтау 
 
Дәндерді дайындау. 
Тәжірибе үшін шығым жақсы көлемі мен сыртқы 
түрлері ұқсас бір сорттың дәндері таңдап алады. Тәжірибені жүргізу үшін 
сұлы (
Avena sativa
)
мен соя (
Glycine hispida
) дәндері қолданылады. Клетка 
титрі 10
-4 
КТБ/мл болатын дақылдық сұйықтықта дәндерді жібітіп қояды. 
Залалсыздандырылған құбыр суында жібітілген тұқымдары бақылау ретінде 
қойылады. Дәндердің шығымының төмендеуі мен тамыр, өскіндердің өсуінің 
тежелуі бақылаумен салыстырғанда 30% -дан жоғары болатын болса, онда 
мұндай дақылдар улы болып есептеледі.
Дәндерді залалсыздандыруда сутек асқын тотығы мен этанолдың 
қоспасы (1:1) болып табылатын, аралас залалсыздандыруды қолданады. 
Залалсыздандырудан кейін тұқымдарды 3-5 рет залалсыздандырылған 
дистилденген сумен жуады. Дәннің қабығы қатты болған сайын, 
залалсыздандыру режимі де соғұрлым қатаң болуы тиіс және де 
тұқымдардың тек сырты ғана емес, сонымен бірге іші де жұқтырылатынын 
ескеру қажет. Мысалы, сұлы дәнін залалсыздандырудан бұрын 20 минут 
бойы сабын ерітіндісінде ұстайды, кейін оларды 1 сағат құбыр суы астында 
жуады. Залалсыздандырылған құбыр суында алдын-ала ісінген дәндерді 
залалсыздандыру жеңілдейді. Қолданылатын ерітінділердің концентрациясы 
мен залалсыздандыру уақыты тест-объектінің физиологиялық ерекшеліктері 
мен тәжірибе мақсатына сәйкес болуы мүмкін.
Өсуді 
ынталандыру 
белсенділігін 
анықтау

Дәндерді 
Петри 
табақшасының ішіндегі фильтр қағазының үстіне орналастырып, үстіне 2-3 
мл дақылдық сұйықтықты құяды (бұл мөлшері d=90 мм Петри табақшасы 
ішіндегі дәндер мен фильтр қағазының сулануы үшін қажет). Бақылау 
нұсқасының дәндері залалсыздандырылған құбыр суымен суландырылады. 
Тәжірибе ұзақтығы 7-ден 14 тәулікке дейін. Тәжірибе аяқталысымен тамыр 
мен өскін сабағының ұзындығын өлшейді (6 сурет), сонымен қатар, 
жапырақтар санын санап, 19 кестені толтырады.


6 сурет. Тамыр мен өскіннің сабағының ұзындығын өлшеу
19 кесте.
Микроорганизмдерінің өсуді ынталандыру белсенділігін анықтау 
Микробтық дақыл 
Тамыр 
ұзындығы, мм 
Сабақ 
ұзындығы, мм 
Жапырақ саны, 
шт 


Бақылау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет