флакондардың әрқайсысынан, алып 3-4 секторға бөлінген Эндо ортасының
үстіне тұзақпен егу жүргізеді. Егілетін материаларды изоляцияланған
колониялар алу есебімен таңдау қажет. Табақшаларды 37°С температурада
16-18 сағат бойы инкубациялайды.
Өсу болмай, ішек таяқшалары тобының бактерияларына тән емес
сипаттамалар болса, нәтижені теріс деп есептейді.
Эндо ортада өсіп шыққан қызыл, қызғылт, ашық қызғылт, метал
жылтыры
болатын
не
болмайтын
колониялардан
(лактоза
оң
колониялардан) жұғынды дайындайды. Грам бойынша бояп, топырақта
болатын оксидаза оң бактериялар мен
Pseudomonadaceae
тұқымдасының
грамтеріс
бактерияларынан
ІТТБ
диффиренцациялауға
мүмкіндік
беретіноксидазалық тесті жүргізеді. Осы мақсатта қоректік орта бетінен
шыны таяқшамен 2 -3 изоляцияланған колонияларды іліп алып, диметил- n-
фенилендиаминмен шайылған фильтр қағазына штрих арқылы жағып
шығады. Теріс оксидазалық тестте қағаз түсі өзгеріссіз қалады, ал оң
болатын болса, қағаз 1 минут ішінде көк түске боялады. .
Жұғындыларда грамтеріс таяқшалар мен оксидазалық тестің теріс
болуы, ІТТБ болатындығын жылдам көрсететін оң жауап алуға мүмкіндік
береді. Сараптаманың нәтижесін коли-титрмен көрсетеді.
Аз ластанған топырақтарды жылдам сараптау әдістері ретінде
мембраналық фильтр әдісін қолдану ұсынылады. Ластанған топырақтарды
сараптау кезінде Эндо ортасына 0,1-0,5 мл топырақ супензиясын тікелей беттік
егу жүргізуге болады (10
-2
дейін сұйылту дайындайды).
Жоғары дәрежелі фекальді ластанған үлгілерді сараптауда Эндо
ортасына 0,1-0,5 мл мөлшерде топырақ суспензияларын тікелей беттік егу
жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: