2.4 Инновациялық сабақ – сабақты ұйымдастырудың жаңа формасы
Ғасырлар бойы мектеп балаларды оқытудың жеткілікті тәжірибесін
жинақтап келеді.Көптеген оқыту формаларын зерттеуші –педагогтар
(И.М.Чередов, В.К.Дьяченко, В.А.Сластенин) оқыту процесінің формаларын
тиімді қолдану жөнінен әртүрлі көзқараста болып келеді.Бұл мәселе бойынша
әлі күнге дейін бірегей пікір жоқ. Сондықтан да қазіргі таңда оқытудың жаңа
формалары талданып, оқушыларға білім беруді жоғары деңгейге көтеру
жұмыстары жүргізілуде. Жеке тұлғаға бағытталған педагогика қазіргі заманғы
мектептерде оқыту процесін ұйымдастырудың дәстүрлі емес тәсілдерін
қолдануды ұсынады. Білім беру мазмұны білім, білік, дағды, шығармашылық
қызметің, тұлғаның дүниетанымдылық және тәрбиелік сапасының жүйесін
құрайды, ал оның өзі білім алушының жоғары деңгейде білім алуына
бағытталған қоғам талаптарын қанағаттандыруы қажет [1]. Дәстүрлі білім
64
беру жүйесінде оқытудың мақсаты мен мазмұны бір –біріне сай келетін болса,
(негізгі мақсат – ғылым негіздерін білу, ал мазмұны – осы негіздің
ақпаратының таңбалы түрде берілуі), ал инновациялық оқытуда бұл екеуі бір-
бірінен алшақ болады.адамның жеке потенциалын құрудың өзекті мәселесінің
бірі- оның алдағы пәндік және әлеуметтік жағдайдағы іс-әрекетінде
қабілеттілігін ашуға бағытталған, ал мазмұны жағы осы мақсатқа қол жеткізуді
қамтамасыз ету. Егер мұғалім оқыту процесін ұйымдастырудың жаңа
формасын таңдап, жақсы дайындықпен келсе, онда бұл процестің қызықты әрі
қажетті екендігі дәлелденеді, ал оқушылар берілген мәселені шешуге белсенді
түрде атсалысып, оқу сапасы жоғарылар еді.
Педагогикада сыныптық –сабақ жүйесі оқыту-тәрбиелеу процесін
ұйымдастырудың әртүрлі формаларын қарастырады: үй тапсырмасы,
экскурсия, өндірістік практика, машықтану және семинар сабақтары,
консультация, сынақ, емтихан т.б.
Алайда мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде –
сабақ басымдылық рольге ие.Педагогикалық әдебиеттерде мынандай көзқарас
бар, сабақ – педагогтар мен оқушылардың белгілі бір құрамының ұжымдық
және жеке дара мәселелерін шешуге, дамытуға, тәрбиелеуге бағытталған өзара
мақсатты қатынасып ұйымдастырудың вариативті формасы болып табылады.
Сабақтың өткізілуі мен сипаты қандай да бір динамикалық жүйе түрінде
педагог пен оқушының өзара қарым- қатынасына әкеледі, оның мақсаты -
оқушының білім, білік және дағдысын қалыптастыру, қабілеттілігін, іс-әрекет
және қатынас тәжірибесін арттыру. Сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі оның
құрылымы арқылы анықталынады, оның өзі сабақтың негізгі компоненттерінің
дидактикалық тұрғыда негізделінген ішкі қарым – қатынасы, олардың мақсатты
түрде жіктелінуі мен өзара қатынасы арқылы түсіндіріледі.
Дәстүрлі сабақ құрылымының 4 түрлі элементі бар: сұрау, түсіндіру,
бекіту және үй тапсырмасы. Мұндай сабақтар
біріншіден
:
білімді
қалыптастырғанмен, оқушының жалпы дамуына еш әсер етпейді, өйткені
дәстүрлі құрылымның элементтері оқушының өзіндік оқу іс-әрекет процесін
анықтай алмайды.
Екінші
жағынан мұндай сабақ оқу процесінің сыртқы
белгілерін ғана көрсетсе (ұйымдастыру, сұрау, түсіндіру, бекіту т.с.с.) және оқу
танымдылық заңдылықтары, оқу қызметінің құрылымын көрсетпейді.
Сондықтан дәстүрлі сабақ педагог үшін жаңа іс- әрекетке нұсқаушы бола
алмайды.Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыруда оның парасаттылығы,
рухани байлығы, мәдениеті, адамгершілік қасиеті, сондай-ақ интеллектісінің
жоғарылығы мен интеллектуалдық потенциалына көп көңіл бөлінуде.Мұндай
тұлғаны қалыптастырушы маманның өзі кәсіби біліктілігі жоғары, ғылым
негіздерімен қаруланған, өз бетінше ойлайтын және шешім қабылдай алатын
ұйымдастырушылық қабілеті бар, өмірлік және кәсіби мәселелерді
шығармашылық тұрғыдан шеше алатын болуы керек. Сондықтан ол үнемі
ізденісте болуы тиіс, яғни оқытудың кез-келген кезеңдерінде оқушылырға
білім мен тәрбие берудің, оларды дамытудың жаңа формасы мен тәсілдерін
таба алатындай болуы тиіс. Бұл принциптерді жүзеге асыру жолдары мен
65
тәсілдері қандай да бір шығармашылық, дәстүрлі емес және тиімді деңгейде
болуы керек.
Инновациялық сабақтар – қандай да бір тақырыпты немесе бірнеше
тақырыпты өткеннен соң іске асырылады және ол оқушының білім деңгейін
бақылаушы және бағалаушы функциясын атқарады.Мұндай сабақтар өзгеше
бір, дәстүрлі емес жағдайларда өткізіледі.Өйткені бұл жағдайлар оқушыға
мерекелік атмосфера туғызып, мұғаліммен арада психологиялық тосқауылды
болдырмайды, оқушы өз жұмысының нәтижесін көрсете алатын дәрежеде
болады. Мұндай сабақтарға оқушылардың барлығы дерлік қамтылады, сондай-
ақ естуге, көруге болатын көрнекіліктердің (компьютерлік және бейне техника,
көрмелер, буклеттер, стендтер т.с.с) барлығы пайдаланылады. Бұл сабақтарда
әдістемелік, педагогикалық және психологиялық сипаттағы мақсаттарға жетуге
болады:
1) нақты бір тақырып бойынша оқушының білімін, біліктілігін және
дағдысын бақылауға;
2) оқушының сабаққа деген іскерлік талпынысы мен қабілеті ашылады;
3) сабақта мұғалімнің ролі ең аз мөлшерде болады.
Әрине, инновациялық сабақтар өзінің құрылысы, ұйымдастыру мен өткізу
әдісі бойынша, қатаң талаптың болмауы мен оқушының өзін-өзі басқа қырдан
көрсете алуы жағынан оқушыларға өте ұнайды. Сондықтан мұндай сабақтар
әрбір мұғалімнің күнтізбелік жоспарында болуы тиіс. Алайда, барлық сабақты
мұндай формада өткізе беру керек деген талап болмауы тиіс.Дәстүрлі емес
сабақтардың да өткізетін кезі, өзіне тән формасы, сценарийі болуы керек.
В.А.Сластенин «инновация» ұғымын жаңа, жаңалық, өзгеріс деп ұғу
керектігін; яғни инновация қандай да бір жаңалықты ендіру құралы мен үрдісі
деп түсіндіреді. Педагогикалық үрдісте
инновацияны
оқушы мен мұғалімнің
бірлескен әрекетін оқыту мен тәрбиелеудің , ұйымдастырудың мақсаты, әдісі
және формасына енгізілген жаңалық деп ұғу керек. 80-90 жылдардағы
сабақтарының дамуының ерекшеліктері сол, жалпы білім беретін және кәсіптік
мектептерде сабақ өткізудің стандартты түрлерін енгізудің белсенді үрдісі
пайда болды. Стандартты емес яғни, инновациялық сабақтар дәстүрлі емес,
икемді, вариативті құрылымды болды. Олар негізінен оқушының оқуға деген
іс-әрекетін , ынтасын жоғарылатуға бағытталған еді [2].
Қазіргі кездегі педагогикада инновациялық сабақтардың әртүрі
пайдаланылады. Олардың ішінен төмендегі топтарын қарастыруға болады:
1.
Жарыс және ойын түріндегі сабақтар:
конкурс, турнир, эстафета,
дуэль,КВН, іскерлік ойындар, рольдік ойындар, кроссворд, викторина.
2.
Қоғамдық тәжірибе жұмыстарының формасы, жанры мен әдістеріне
негізделген сабақтар:
зерттеу, өнертапқыш, оқулықтарға талдау
жүргізуші, комментарий, миға шабуыл, интервью, репортаж, рецензия.
3.
Оқу материалын дәстүрлі емес ұйымдастыруға негізделінген сабақтар:
даналық сабақ, ашық әңгіме сабағы.
66
4.
Қарым –қатынастың көпшіліктік түрі :
пресс-конференция, аукцион,
бенефис, митинг, дискуссия, панорама, телехабар, телекөпір, рапорт,
диалог, ауызша журнал, телегазет.
5.
Фантазия – сабақтар
: ертегі-сабақ, сюрприз-сабақ, 2 ғасыр сабағы т.б.
6.
Мекемелер мен ұйымдарды имитациялауға негізделінген сабақтар:
сот,
тергеу жүргізу, трибунал, цирк, патенттік бюро, ғылыми кеңес,
редакция алқасы.
Сонымен инновациялық сабақтарда бұрын соңды пайдаланылмаған сабақ
элементтері
қолданылып, ойын түрінде өткізіледі. Ойын кезінде оқушылар оқу
материалын бекіту және білумен қатар өздері сабаққа белсенді араласады, бір-
бірімен және мұғаліммен еркін сұхбаттасады.
Достарыңызбен бөлісу: |