3.3 Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру, және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;
өнімдер;
ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсім) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.
Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшейтін көрсеткіш табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капитал) қатынасын көрсетеді.
Барлық ативтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептейді:
Да= _Таза табыс
Барлық активтер
Ағымдағы активтердің табыстылығы ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді:
Дт.а.= Дч
Та
Мұнда: Та- ағымдағы активтердің орташа көлемі.
Меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады:
ДСК= Дч
СК
Мұнда: Дч – таза табыс:
СК – меншікті капитал.
Қарыз капиталының табыстылық мөлшерлемесі, кредиторлар табысының қарыз капиталына қатынасы ретінде анықталады:
Д= Кредиторлар табысы = Кредиторларға төленген пайыздар
Қарыз капиталы Қаржылық қарыздық міндеттемелер
(қысқа, орта және ұзақ мерзімді)
Кәсіпорынның инвестицияланған капиталына табыстылық мөлшерлемесі, таза табыстың (салық төленгеннен кейін) активтердің жалпы массасына қатынасы ретінде анықталады:
Да=Дч(1-Сн)
А
Мұнда: Да- активтердің табыстылығы (инвестицияланған капитал);
Дч – таза табыс;
Сн- салық мөлшерлемесі;
А – активтер;
1-Сн - салық мөлшерлемесінің компанияға әсері.
Табыстылықтың маңызды салыстырмалы көрсеткіштің бірі бұл өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі. Ол таза табыстың материалдық айналым қаражаттарының қалдығы мен негізгі құралдардың орташа құнына қатынасы ретінде есептелік шығарылады.
Тәжірибеде қаржылық салымдардың табыстылығы деп аталатын көрсеткіш те қолданылады, ол бірлескен кәсіпорындарда үлестік қатысудан және құнды қағаздар бойынша алынатын табыстардың, қаржылық салымдардың құнына қатынасы ретінде аныталады.
Келесі маңызды көрсеткіш – бұл негізгі қызметтен алынатын табыс:
ДоД=ДО
SN+Pn
Негізгі қызмет табыстылығының (табыс нормасы) көрсеткіші - өткізілген өнімнің табыстылығы. Бұл көрсеткіш өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың мөлшерін көрсетеді.
Сату көлемнің табыстылығы жалпы табыстың және өнімді өткізуден алынған табыс қатынасы арқылы анықталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Табыстылықтың түсінігі.
2. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері.
3. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері.
Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Кәсіпорынның табыстылығы қандай көрсеткіштер арқылы сипатталады ?
A) Абсолютті және салыстырмалы
B) Кірістірмелі және абсолютті
C) Абсолютті және табысты
D) Салыстырмалы және пайдалы
E) Нарықты және негізгі
2. Табыстар немесе кірістер сомасы, ол ?
A) Салыстырмалы көрсеткіш
B) Абсолютті көрсеткіш
C) Табыс көрсеткіш
D) Өнім көрсеткіш
E) Кіріс көрсеткіш
3. Нарықтық экономика жағдайына кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түркі мақсаты, ол ?
A) Құжаттар
B) Шығын
C) Пайда алу
D) Мәнді болу
E) Дұрыс жауап жоқ
4. Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіш ?
A) Жұмыс қызметі
B) Төлемдер
C) Өнім өткізуден түскен табыс
D) Салыстырмалы табыс
E) Жалпы табыс
5. Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші ?
Төлемдер
Жалпы табыс
Салыстырмалы табыс
Жұмыс қызметі
Өнім өткізуден түскен табыс
6. Жалпы табыстың өзгеруіне не әсер етеді ?
A) Төлемдер
B) Абсолютті көрсеткіші
C) Салыстырмалы көрсеткіші
D) Негізгі факторлар
E) Жұмыс қызметі
7. Табыстың келесі абсолютті көрсеткіш ?
A) Өнім өткізуден түскен табыс
B) Жалпы табыс
C) Жұмыс қызметі
D) Төлемдер
E) Негізгі қызметтең түскен табыс
8. Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шығындардың өзгеруі, ол ?
A) Негізгі факторлар
B) Төлемдер
C) Нарық пайдасы
D) Табыс
E) Абсолютті көрсеткіш
9. Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш ?
A) Абсолютті
B) Салыстырмалы
C) Табыстылық
D) Төлемді
E) Экономикалық
10. Қандай көрсеткіш үш топқа бөлеміз ?
A) Абсолютті
B) Салыстырмалы
C) Экономикалық
D) Табыстылык
E) Нарықтық
11. Кең қолданылатын, дұрыс көрсеткіштерінің біреуі ?
A) Абсолютті коэффициент
B) Табыстылык коэффициент
C) Салыстырмалы коэффициент
D) Экономикалық коэффициент
E) Төлемді коэффициент
12. Тәжірибе жүзінде қандай көрсеткіш кеңінен қолданылады ?
A) Ағымдағы активтер табыстылығы
B) Жалпы активтер табыстылығы
C) Ақша құралының табыстылығы
D) Авансталған активтер табыстылығы
E) Жалпы капиталдың табыстылығы
13. Ағымдағы активтер табыстылығының формуласы ?
A) Тағ.акт = Шығын – Ағымды актив
B) Тағ.акт = Шығын / Ағымды актив
C) Тағ.акт = Таза табыс / Ағымды актив
D) Тағ.акт = Табыс + Ағымды актив
E) Тағ.акт = Шығын * Ағымды актив
14. Акционерлік компаниялар құқықтарында жұмыс істейтін кәсіпорындар көрсеткіші қалай аталады ?
A) Меншікті капиталдың табыстылық коэффициент
B) Ставка табысы
C) Абсолютті коэффициент
D) Салыстырмалы коэффициент
E) Табыс коэффициент
15. Негізгі қызметтің табыстылық көрсеткіші, ол ?
A) Шығын айырмасы
B) Өткізілген өнімнің табыстылығы
C) Пайда өнімінің табысы
D) Абсолютті пайданың табыстылығы
E) Салыстырмалы көрсеткіштің табыстылығы
16. Меншікті капиталдың табыстылық коэффицентінің формуласы ?
A) Тменш.кап = Таза табыс – Салыстырмалы табыс
B) Тменш.кап = Шығын + Меншікті капитал
C) Тменш.кап = Пайда / Салыстырмалы табыс
D) Тменш.кап = Табыс * Меншікті капитал
E) Тменш.кап = Таза табыс / Меншікті капитал
17. Өнім өткізуден түскен табыстың өзгеруі, ол ?
A) Коэффициент
B) Негізгі фактор
C) Абсолютті көрсеткіш
D) Салыстырмалы көрсеткіш
E) Таза табыс
Тапсырмалар:
«Тәжірибе» кәсіпорынның қаржылық есептемесіне сүйене отырып (Қосымша А,Б,В) кәсіпорынның табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін есептеп (Кесте 1.1) кезең аралығындағы өзгерістерге қорытынды жасаңыз.
Кесте 3.1
«Тәжірибе» кәсіпорынның табыстылықтың
абсолютті көрсеткіштерін талдау
Көрсеткіштер
|
Кезең басына
|
Кезең аяғына
|
Өзгерістер (+;-)
|
|
|
|
|
«Тәжірибе» кәсіпорынның қаржылық есептемесіне сүйене отырып (Қосымша А,Б,В) кәсіпорынның табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерін есептеп (Кесте 1.2) кезең аралығындағы өзгерістерге қорытынды жасаңыз және факторлық талдау арқылы өзгерістерге себеп болатын көрсеткіштерін анықтаңыз.
Кесте 3.2
«Тәжірибе» кәсіпорынның
табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
Көрсеткіштер
|
Кезең басына
|
Кезең аяғына
|
Өзгерістер (+;-)
|
|
|
|
|
Тарау 4. Кәсіпорынның мүлігінің құрылымы және динамика құрамын талдау
Мақсаты: Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау, өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) талдау, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау жасауға үйрену.
Жоспар:
4.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
4.2 Өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) талдау
4.3 Ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау
4.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің қолда нақты бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есептә жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің құндары қосылады. Екінші әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорын барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің өсуі мүлік әлде қайда мобильді болады, оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.
4.2 Өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) талдау
Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай жаратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның әндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдеп және бордақылаудағы малдар құндары қосылады.Екінші әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. "Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффкциентінің келесі шегі, яғни Кп > 0,5 қалыпты болып есептеледі" - деп жазады А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулин. Көрсеткіштердің мәні ең төменгі (қатерлі) мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезендегі қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді мекшікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндш бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мулікті арпыру үшікұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен аныкталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициет мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты камту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділгінің өскендігін көрсетеді.
Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйіндеқандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.
Кәсіпорын муліктерінің жалпы құнындағы негізпқұралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағынын өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткішкәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.
4.3 Ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау
Әрі қарай, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.
Нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.
Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Осылайша, мүліктің және ағымдағы активтердің мобильділігінің өскеніне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы қажет. Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты тал-даушы оның құрылымын зерттеу негізшде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.Дебиторлық борыштың құрамы және құрылымы мен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлартолығымен ескерілмей қалуы мүмкш. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек.
Бақылау сұрақтары:
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы
Өндірістік потенциалының түсінігі және оның көрсеткіші
Кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің мәні
Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау қандай көлемін анықтауға береді ?
A) Абсолютті және салыстырмалы
B) Абсолютті және көмекші
C) Салыстырмалы және көмекші
D) Абсолютті және активті
E) Активті және пассивті
2. Ненің өсуі кәсіпорын қызметінің кеңеюін мәлімдейді ?
A) Пассивтің
B) Активтің
C) Абсолюттің
D) Салыстырманың
E) Көрсеткіштің
3. Қаржылық есептіліктің маңызды элементі не ?
A) Абсолют;
B) Салыстыру;
C) Көрсеткіш;
D) Активі;
E) Пассив;
4. Актив құрылымын жалпы және оның жекелеген элементтерін талдау қандай талқылауға мүмкіндік береді ?
A) Салыстырмалы
B) Рационалдыі
C) Көрсеткішті
D) Құрылымды
E) Талдамалы
5. Кәсіпорын капиталының орналасуы туралы ақпарат қайда көрсетіледі ?
A) Коэффициентте
B) Салыстырмалы көрсеткіште
C) Баланс активінде
D) Баланс пассивінде
E) Абсолютті көрсеткіште
6. Баланстағы валютамен ағымдағы активтер үшін анықтау маңызы ?
A) Иммобильді қаражаттардың коэффициенті
B) Мобильді сәйкестендіру коэффициенті
C) Активті баланстың коэффициенті
D) Пассивті баланстың коэффициенті
E) Кәсіпорын активтерінің мобильдік коэффициенті
7. Коэффицент мәні неғұрлым жоғары болса, онда кредиторлармен есептесу мүмкіндігі қандай ?
A) Соғұрлым кем болады
B) Соғұрлым артык болады
C) Тең болады
D) Орташа болады
E) Дұрыс жауап жоқ
8. Кәсіпорын активтерінің орналасу тиімділігі не ?
A) Мобильді және демобильді
B) Иммобильді және демобильді
C) Мобильды және иммобильды
D) Мобильді және коэффициентті
E) Демобильді және демобилизациялау
9. Мобильді және иммобильді қандай актив арқылы анықтауға болады ?
A) Активті
B) Пассивті
C) Демобильді
D) Ағымды
E) Баланстық
10. Қатынастың қандай шамасы арқылы ерекшеленеді?
A) Критикалық және салыстырмалы
B) Оптималды және салыстырмалы
C) Дұрыс жауап жоқ
D) Аталғанның барлығы
E) Оптималды және критикалық
11. Кәсіпорынның өндірістік потенциалының маңызы неде ?
A) Жағдайын зерттеу
B) Мақсатын қарастыру
C) Негізін зерттеу
D) Қорларын тексеру
E) Балансты зерттеу
12. Ерекше орынды кәсіпорын мүлкінің жалпы құнында не алады ?
A) Мобильді коэффициент
B) Демобильді коэффициент
C) Ұлес соммасының өзгеруі
D) Нақты құнның коэффициенті
E) Мөлшерлі төлем өзгерісі
13. Кәсіпорын мүлкінің жалпы нәтижесінде негізгі қорлардың қандай құны болуы тиіс ?
A) Тұрақты
B) Нақты
C) Активті
D) Пассивті
E) Салыстырмалы
14. Дебиторлық берешек құрамы қандай ?
A) Ауыспалы және салыстырмалы
B) Нақты және ауыспалы
C) Көмекші және үмітсіз
D) Үмітсіз және сенімсіз
E) Сенімді және көмекші
15. Дебиторлық берешек кәсіпорынның қаржылық жағдайына қандай әсер тигізеді ?
A) Теріс
B) Оң
C) Активті
D) Пассивті
E) Өзгермелі
16. Жеке қаражат көздерінің қоры бұл
А) Қаржылық тұрақтылық коры
В) Материалдық қоры
С) Нақты құн қоры
D) Негізгі құралдар қоры
Е) Материалдық емес қоры
Тапсырмалар:
1. Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен құрылымына талдау жасаңыз (Кесте 4.1).
Кесте 4.1
Кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымын талдау
|
АКТИВ
|
Кезең басында
|
Кезең соңында
|
Кезең аралығындағы
өзгеріс (+,-)
|
Құрылымдағы
өзгеруі
(4гр.-2гр.)
|
сомасы,
мың тг.
|
үлес
салма-ғы,%
|
сомасы,
мың тг.
|
үлес
салма-ғы,%
|
мың тг.
(Згр.-
1гр.)
|
%,
(5гр.:1гр.-100)
|
А
|
Б
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
I бөлім Ұзақ мерзімді активтер
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
Негізгі құралдар
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
.....
|
|
|
|
|
|
|
|
|
I бөлімнің барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
II бөлім Ағымдағы активтер
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
Шикізаттар мен материалдар
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
.....
|
|
|
|
|
|
|
|
|
II бөлімнің барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Баланс
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымын келесі кесте бойынша талдаңыз:
№
|
Көрсеткіштер
|
Кезең басында
|
Кезең соңында
|
Кезең аралығындағы
өзгеріс (+,-)
|
Құрылымдағы
өзгеруі
(4гр.-2гр.)
|
сомасы,
мың тг.
|
үлес
салма-ғы,%
|
сомасы,
мың тг.
|
үлес
салма-ғы,%
|
мың тг.
(Згр.-
1гр.)
|
%,
(5гр.:1гр.-100)
|
1
|
Ағымдағы активтер,
|
|
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.1 Тауарлы материалдық қорлар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.2 Дебиторлық борыш
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.3 Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.4 Басқа да ағымдағы активтер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
Тарау 5. Қаржылық ресурстың қайнар көзінің құрылымы және динамика құрамын талдау (баланс пассиві)
Мақсаты: Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының салыстырмалы көрсеткіштерін талдау, меншікті капиталды талдау, қатыстырылған капиталды талдауды қарастыру
Жоспар:
5.1 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
5.2 Меншікті капиталды талдау
5.3 Қатыстырылған капиталды талдау
5.1 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуекелсздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:
КТС = МК:АК
Мұндағы: КТС - тәуелсіздік коэффициенті;
Мк- меншікті капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.
Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жогары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мұмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.
Қаржылық талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен несие берушілерді қамтамасызететін, меншікті капиталдың оның жалпы сомасына қатынасының ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есептейді. А.Д. Шеремет, А.М. Ковалев; В.П. Привалов, О.В. Ефимова және тағы басқалар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемелерін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең төменгі көрсеткіш бола алады деп санайды. АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффи-
циентінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тей болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі төмен болады: өз қаражаттарынан қалыптастырьілған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған қаражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен кұнсызданған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.
Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады). Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол ақпаратт ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады. Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер меншіктік капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мұмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады.
Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің қүрылымын зерттеу үшін келесідей талдау кестесі құрылады.
Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) төмендегенін дәлелдемейді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді.
Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:
КТ = ҚК:АК немесе КТ = 1 – КТС.
Мұндағы: КТ - тәуелділік коэффициені;
Қк - қатыстырылған капитал;
Ак - авансталган капитал (баланс валютасы, жиыны);
КТС - тәуелсіздік коэффициенті.
Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.
Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды.
Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын менішкті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.
КК = МК : ҚК
Мұндағы: КҚ - қаржыландыру коэффициенті;
МК- меншікті капитал;
ҚК- қатыстырылған капитал.
Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.
Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті - <1 болатын жағдай (кәсіпорн мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырған капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасыньщ коэффициенті:
КҚ/М= Қк * Мк
Мұндағы: КҚ/М - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;
Қк - қатыстырылған капитал;
Мк - меншікті капитал.
Бұл коэффициент кәсіпорын активіеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді.
Арнайы әдебиеттерде бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: К<1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражатының айналу жьщдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне ешшқандай әсерін тигізбейді.
Кәсіпорынның тәунлсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:
КҚТ=(МК+ҰМ)/АК.
Мұндағы: КҚТ - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;
МК – меншікті капитал;
ҰМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер;
АК – авансталған капитал.
Бұл дербестік коэффициентпен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.
КҰ/М = ҰМ*(МК + ҰМ)
Мұндағы: Кұ/м - қарыз қаражаттарын зақ ерзімді тарту коэффициенті немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
ҰМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін
қаржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар тартылған үзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың лесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.
Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициалау коэффициентін де қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданыяады және меншікті капиталдың негізгі қүралдарға қатынасымен анықталады.
Активтерді құрудың ең дұрыс жолы больш, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиіалының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады, Кәсіпорын, барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір қызық ой - меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айнальщ қаражаттары (ағымдағы активтер) келесі жолмен қалыптасуы керек: 1/4 - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал 3/4 - қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпкер, егер өзінің капиталы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады. Нарықтық қарым- қатынас осы принцип (қағида) бойынша құрылған. Аз ғана капиталың бола тұра, кеп табыс алуға болады.
Меншікті, қарыз (қатыстырылған) және жалпы (авансталған) капиталдың қатынасын әр түрлі түрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен қалыптасқан жағдай, меншікті және қатыстырылған капиталдың (міндеттемелердің) құрылымын және оның есеп беру кезеңіндеп өзгерістерін зерттеуді қажет етеді.
5.2 Меншікті капиталды талдау
Біздің отандық тәжірибеде кәсіпорынның меншікті капиталының құралу көздері болып мыналар саналған: жарғылық капитал, резервті қор, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру мен салымдар (келіп түсулер), жалгерлік міндеттемелер, баланс пассивінің I бөлімінде көрсетілген бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезен шығындары мен төлемдер резервтері, күмәнді қарыздар бойынша резервтер, 1997 жылы қүрылган баланс пассивінің II бөлімінде көрсетілген алдағы кезең табыстары. БЕС-2 сәйкес 1998 жылдың балансында меншікті капиталға жарғылық капитал, қосымша төленбеген капитал, қосымша төленген капитал, резервті капитал және бөлінбеген табыс жабылмаған зиян) кіреді.
Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы аныкталады. Меншікті айналым қаражаттарының көлемін анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасынан баланс активінің бірінші бөлімінің жалпы сомасын (қорытындысын) алып тастау керек.
Тәжірибе жүзінде күрделі салымдарды қаржыландыру және негізгі құралдарды сатып алу үшін, меншікті капиталға теңестіріліп қосылатын, ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар пайдаланылады. Аржыландырудың осы қатыстырылған көзі ескеріліп, алдағы көрсеткіштің мөлшері анықталады. Бұл көрсеткіш абсолютті болып табылады, оның динамикадағы өсуі - оң, ал темендеуі теріс бағыты ретінде қарастырылады. Біздін кәсіпорынымызда бұл көрсеткіштің мөлшері меншікті айналым қаражаттарының мөлшеріне тең, себебі ұзақ мерзімді несиелерді кәсіпорын тартқан жоқ.
Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы ұлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылык тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау (маневрлық) коэффициенті деп аталады.
Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жұмсауға болатын, мобильді нысанда екендігін кәрсетеді және келесі формуламен анықталады:
КЖ = МАК / МК.
Мұндағы: Кж - жұмсау коэффициенті;
Мак - меншікті айналым капиталы;
Мк - меншікті капитал.
Бұл коэффициентті А.Д. ІПеремет, Р.С. Сайфуллин, Е.В. Негашев осылай анықтайды. Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары негізгі құралдарды алуға және капитал салымдарына бағытталатынын ескере отырып В.В. Ковалев, Э.А. Маркарьян және Г.П. Герасименко бұл коэффициентті меншікті капиталға ұзақ мерзімді міндеттемелерді қосып есептейді. В.Ф. Палий бұны "дұрыс" десе де біз оған қосыла алмаймыз, себеб, сөз жұмыс капиталы жөнінде емес меншікті айнальш капиталы жайында болып отыр, Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражатынын көп бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтарда бекітілгендігін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.
Қаржылық кезқараспен айтсақ оның өсуі және жоғары деңгейі кәсірорынның қаржылық жағдайын оңды деп сипаттайды: бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді, олардың көп бөлігі негізгі құралдарға да айналымнан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салынған. Сондықтан жұмсау коэффициентінің өсуі кәсіпорын мулкінің нақты құрылымындағы мүмкін болатын шектерінде ғана тиімді. Егер коэффициеш негізгі құралдардың құнының азаюынан емес, негізгі құралдарға қарағанда меншікті қаражат көздерінің тез өсуіне байланысты көбейсе, онда коэффициенттің жоғарылауы шыныменен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артқанын дәлелдейді.
Оптимальді мөлшері ретінде жұмсау коэффициеит >= 0,5 деп алынуы мүмкін, бірак іс жүзінде тұрақты қалыптасқан мәндері жоқ. Бұл көрсеткіштің ұсынылып отырған деңгейі кәсіпорынның менеджер мен оның меншік иелері өз қаражаттарын мобильді және иммобильді активтерге салудың тепетеңдік принципін сақтау керек екендігін көрсетеді, бұл баланс өтімділігін қамтамасыз етеді.
Жұмсау коэффициентікің мәні, кәсіпорын қызметінің сипатына байланысты: оның әдеттегі деңгейі материал сыйымдылығы жоғары өндірістерге қарағанд; қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде төмен болуы керек (себебі қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде меншікті қаражатының айтарлықтай бөлігі негізгі өндірістік қорларды жабудың көзі болып табылады).
Кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрактылықты талдау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы-материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен есептеледі:
КК/Қ = МАК / ҚТМ .
Мұндағы: КК/Қ - тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті;
Мак - меншікті айналым капиталы;
ҚТМ – тауарлы- материалды қорлар.
Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде тауарлы-материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.
КК/Қ >= 0,6-0,8
Қорлар мен шығындардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілудің қалыпты коэффициенті, меншікті қаражат көздерімен қажетті қорлар мен шығындарын, қалғандарын қысқа мерзімді карыздармен жабу назарға алынып анықталады. Бірақ бұл кезде қорлар мен шығындардың көлемі, олардың айналу жылдамдығы жоғарылаған кезде негізделген қажеттілікке сәйкес болу керек. Егер олардың мөлшері негізгі қажеттіліктен асып кетсе, онда меншікті айналым қаражагтары материалдық қорлардың бір бөяігін ғана жаба алады, яғни көрсеткіш <1 болады. Керісінше кәсіпорынның материалдық қорлары үздіксіз жұмыс жасауға жеткіліксіз болғанда көрсеткіш >1 болуы мүмкін, бірақ бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы екендігін көрсетпейді. Сондықтан материалдық қорлардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткішінің деңгейін ең бірінші материалдық қорлардың жағдайына байланысты бағалап қарастыру керек.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат көздерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық есеп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымын бағалаумен қатар кәсіпорынньщ қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады.
1>1>
Достарыңызбен бөлісу: |