Беруін талдау Оқу құралы Қостанай



бет1/24
Дата28.02.2018
өлшемі3,66 Mb.
#38329
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Қаржы кафедрасы



Даулетбаев Б.Т., Тобылов Қ.Т.

Кәсіпорынның қаржылық есеп

беруін талдау

Оқу құралы


Қостанай

2011

УДК 35.073.0526

ББК 65.291.9 я73

Д19



Құрастырушы:

Тобылов Қуаныш Тобылұлы - э.ғ.к., қаржы кафедрасының доценті

Даулетбаев Балға Тобылұлы - қаржы кафедрасының аға оқытушысы
Пікір жазғандар:

Исмуратова Ғ. С. – э.ғ.д., профессор, Қостанай инженерлік-педагогикалық университетінің сырттай бөлімінің деканы

Жиентаев С.М. - э.ғ.д., профессор, Қостанай мемлекеттік университетінің экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі

Сартанова Н.Т. – э.ғ.к., доцент, Қостанай мемлекеттік университетінің қаржы кафедрасы

Даулетбаев Б.Т., Тобылов Қ.Т.

Д19 Кәсіпорынның есеп беруін қаржылық талдау. Оқу құралы. – Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011 – 117 б.


Экономика факультетінің студенттеріне арналған «Кәсіпорынның есеп беруін қаржылық талдау» пәні бойынша оқу құралына дәрістер, тәжірибе сабағына тарсырмалар, бақылау сұрақтарымен өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары еңгізілген.

050509-Қаржы, 5В050900-Қаржы, 5В0508-Есеп және аудит мамандықтары бойынша білім алатын студенттерге арналған.


ББК 65.291.9 я73


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіндегі экономика факультетінің әдістемелік кеңесімен бекітілген

« » 201 ж. № хаттамасы


А.Байтұрсынов атындағы



Қостанай мемлекеттік университет

МАЗМҰНЫ


Кіріспе.....................................................................................................................................

5

Тарау 1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайдын талдау әдісі және мазмұны .........

6

1.1.Қаржылық талдаудың пәнi, құрылымы, реттеу тәсiлдерi................................

6

1.2.Қаржылық есептi оқу әдiстерi.............................................................................

7

1.3.Факторлық талдаудың үлгiлерi............................................... ...........................

9

Бақылау сұрақтары.................................................................................................................

9

Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары........................................................................

10

Тарау 2. Қаржылық есептемесі және оның талдауы.....................................................

15

2.1. Кәсiпорынның қаржы жағдайын игеру үшiн қолданылатын ақпараттар.....

15

2.2.Бухгалтерлік баланс.............................................................................................

16

2.3.Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп..............................

17

2.4.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі..............................................

18

Бақылау сұрақтары.................................................................................................................

18

Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары........................................................................

19

Тарау 3. Кәсіпорынның табыстылығын талдау..........................................................

23

3.1.Табыстылықтың түсінігі мен мәні……………………………………………..

23

3.2.Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау..........................................

24

3.3.Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау.................................

25

3.4. Бақылау сұрақтары……………………………………………………………..

27

3.5.Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары…………………………………..

27

3.6.Тәжірибелік тапсырма………………………………………………………….

30

Тарау 4. Кәсіпорынның мүлігінің құрылымы және динамика құрамын талдау ...

31

4.1.Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау….

31

4.2.Өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) талдау ......................

32

4.3.Ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау................................

33

Бақылау сұрақтары……………………………….......................…………………………..

34

Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары…………………............................…...…….

34

Тәжірибелік тапсырма……………………………………………………….......................

36

Тарау 5. Қаржылық ресурстың қайнар көзінің құрылымы және динамика құрамын талдау (баланс пассиві)......................................................................................

38

5.1.Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының салыстырмалы көрсеткіштерін талдау…………………………………………....

38

5.2.Меншікті капиталды талдау...............................................................................

42

5.3.Қатыстырылған капиталды талдау .................................................................

44

Бақылау сұрақтары.................................................................................................................

49

Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары........................................................................

49

Тәжірибелік тапсырма...........................................................................................................

53

Тарау 6. Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығын талдау.............................................…….................................................................................

56

6.1.Кәсіпорын төлемқабілеттілігінің түсінігі мен мәні ........................................

56

6.2.Төлем қабілеттіктің негізгі көрсеткіштері........................................................

57

6.3.Кәсіпорынның өтімділігін талдау ....................................................................

60

Бақылау сұрақтары.................................................................................................................

69

Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары........................................................................

69

Тәжірибелік тапсырма...........................................................................................................

74

Тарау 7 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау..................................................

76

7.1.Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің түсінігі мен мәні..............................

76

7.2.Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштері...................................

77

Бақылау сұрақтары.................................................................................................................

85

Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары........................................................................

85

Тарау 8. Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдау................................................

93

8.1. Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігінің түсінігі мен мәні.............................

93

8.2. Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері............

96

Бақылау сұрақтары.................................................................................................................

100

Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары........................................................................

100

Тарау 9. Кәсіпорынның потенциалдық банкроттылығын және кәсіпкерлік қатерін талдау ......................................................................................................................

104


9.1.Банкроттықтың түсінігі және оны алдын алудың белгілі механизмі............

104

9.2.Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың ролі мен маңыздылығы........................................................

105

9.3.Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың негізгі әдістері.....................................................................

106

Бақылау сұрақтары.................................................................................................................

110

Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары........................................................................

110

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................................

115

Қосымшалар............................................................................................................................

116


Кіріспе
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәеіпорынньщ жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасык жаңартуға және де әлеуметтiк климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

Кәсіпорынның есеп беруін қаржылық талдаудың негізгі міндеті – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау зерттеуіндегі дағдыларды меңгеруге көмек беру.

Осы курсты оқығаннан кейін студент келесілерді білуі тиіс: кәсіпорынның қаржылық есептемесінің түрлерін және олардың құрылымдарын (бөлімдерді, бөлімшелерді және баптарды), қаржылық талдау әдістерін, қаржылық жағдайдың және оны сипаттайтын көрсеткіштердің түсініктері, мағыналары.
Тарау 1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайдын талдау әдісі және мазмұны

Мақсаты: Қаржылық талдаудың пәнiмен, құрылымымен, реттеу тәсiлдерiмен танысу. Қаржылық есептi оқу әдiстерi мен факторлық талдаудың үлгiлерiн қарастыру
Жоспар:

1.1 Қаржылық талдаудың пәнi, құрылымы, реттеу тәсiлдерi

1.2 Қаржылық есептi оқу әдiстерi

1.3 Факторлық талдаудың үлгiлерi


1.1 Қаржылық талдаудың пәнi, құрылымы, реттеу тәсiлдерi
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе ."қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған ,,арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру кездерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.

Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетгі қаржы ресурстармен "қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруа-шылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржьшық ұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді".

В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорыннын қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.

М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".

Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінін қаржылық жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық түрақтылық; несиеқабілеттілігі; капиталды айдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады .

С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".
1.2 Қаржылық есептi оқу әдiстерi
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дөлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, езіндік қүн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.

Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұлұғымды былай анықтауды ұсынамыз:

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы етеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі, Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессіяде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.

Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі корлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын,сондай-ақ етелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де ез мндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық түрақты болып табылады" деп жазады.

Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өтеықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша "Каржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".

В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуынын өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып. оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынньщ қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды- Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы хұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.

"Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".

В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады" . Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемле-
кетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасык жаңартуға және де әлеуметтiк климатты жақсартуға жэне басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

Айта кету керек, біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" деп жазады В.Т. Артеменко мен М.В, Беллендир.

Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д. Шеремет мен В.С. Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді.Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі деп түсіндіреді.

Э.А. Маркарьян мен Г.П. Герасименко да дәл осындай көзқараста - "Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе "сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржьшық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады". Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сүрақтар да шиелінісе түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет