ҰОҚ барысында түрлі дидактикалық ойындарды пайдалануға кеңес береміз (ойындар мынадай құралдардан алынды:
«Не қайда тұр?» ойыны. Балалардың алдына әртүрлі заттар қойылады. Оларды ойдағы шаршының бұрыштарына және ортасына орналастырамыз. Жүргізуші балалардан қоянның артында және қуыршақтың алдында немесе түлкінің оң жағында және қуыршақтың алдында тұрған заттың атын сұрайды.
«Не өзгерді?» ойыны. Үстелде бірнеше зат жатыр. Балалар олардың қалай орналасқанын жаттап алады.Содан соң көздерін жұмады. Ал педагог бір-екі заттың орнын ауыстырады. Көзін ашқаннан кейін балалар қандай өзгерістер болғанын, заттың бұрын қайда тұрғанын, қазір қай жерде тұрғанын атап көрсетеді. Мысалы, қоян мысықтың сол жағында тұрған, енді ол оның оң жағында тұр немесе қуыршақ аюдың оң жағында тұр еді, енді ол алдына шығып кетіпті және т.б.
«Ұқсасын тап» ойыны. Балалар педагог көрсеткен заттардың суреті салынған картинаны іздейді. Содан соң заттардың қалай орналасқанын суреттейді: «Сол жақта бірінші піл, оның артында маймыл, ең соңында аю тұр» немесе «Ортасында үлкен шәугім, оның оң жағында көгілдір тостаған, сол жағында қызғылт тостаған тұр».