Бес жастағы балалардың уақыты және кеңісті,бағдарлау ерекшеліктері



бет2/3
Дата05.09.2023
өлшемі61,92 Kb.
#180282
1   2   3
Байланысты:
f6175aed5683750

ІІ жартыжылдық

  • Жиын.
  • Түпкілікті жиын және оның құрамдас бөліктері арасындағы қатынастарды орната білуді дамыту; бүтін өзінің бөліктерінен үлкен екендігін, бірдей сандардың өзара бірыңғай сәйкестігі, үлкен және кіші бөліктерді анықтау. Сан, санау.
  • 1) 10 саны көлеміндегі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды танып және атай білуге үйрету. 10 көлеміндегі санды тура және кері санауға жаттықтыру;
  • 2) «тең» туралы ұғымдарын қалыптастыру, топтағы әртүрлі заттардың тең мөлшерін анықтай білуге үйрету, топтарды санау мен салыстыру арқылы санның мағынасын дұрыс жалпылау;
  • 3) затты бірнеше бірдей бөлікке бөлуге болатыны туралы ұғымды қалыптастыру, бұл бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету. Бүтінді түсінуге баулу (бөліктен бүтін үлкен, ал бөлік бүтіннен кіші);
  • 4) қарапайым мысалдар мен есептерді шеше білу дағдыларын бекіту.

Ересектер тобындағы балалардың сан туралы түсінігі нақтыланады. Оларды 10-ға дейінгі сандардың құрамымен таныстырамыз. Жекелеген элементтерден тұратын топтағы заттардың бір-бірінен айырмашылығы болғаны жөн (түсі, көлемі, т.б. жағынан). Сондықтан алдымен түрі бірдей, бірақ бояуы, көлемі немесе пішіні жағынан айырмашылығы бар заттар қолданылады. Мысалы, көлемі бірдей 5 шеңбердің суреті салынған: оның 3-еуі көк, 2-еуі қызыл. «Барлығы неше шеңбер? Бес болуы үшін – 2-ге нешені қосамыз? Бес дегеніміз – 3 пен неше?». Содан соң қызыл және көк түсті шеңберлердің санын өзгертеміз (1 және 4, 2 және 3, 4 және 1).

  • Ересектер тобындағы балалардың сан туралы түсінігі нақтыланады. Оларды 10-ға дейінгі сандардың құрамымен таныстырамыз. Жекелеген элементтерден тұратын топтағы заттардың бір-бірінен айырмашылығы болғаны жөн (түсі, көлемі, т.б. жағынан). Сондықтан алдымен түрі бірдей, бірақ бояуы, көлемі немесе пішіні жағынан айырмашылығы бар заттар қолданылады. Мысалы, көлемі бірдей 5 шеңбердің суреті салынған: оның 3-еуі көк, 2-еуі қызыл. «Барлығы неше шеңбер? Бес болуы үшін – 2-ге нешені қосамыз? Бес дегеніміз – 3 пен неше?». Содан соң қызыл және көк түсті шеңберлердің санын өзгертеміз (1 және 4, 2 және 3, 4 және 1).
  • 5 жастағы балаларды реттік сандарды пайдалана білуге үйрете бастауға болады. Реттік санауды үйрету барысында педагог «Не өзгерді?» (ойыншықтардың орнын ауыстырамыз, бірінші тұрған зат үшінші орынға ауысты т.б.), «Қай ойыншық жоқ?» деген ойындарды пайдаланса болады. Педагог балалардың көзін жұмдырып, ойыншықты ақырын алып тастайды. Балалар көзін ашқаннан кейін қайсы ойыншықтың «жоғалғанын» табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет