Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бөлімінің мақсаты: коммуникативтік-танымдық қабілеттерді, математикалық және логикалық ойлауды қалыптастыру.
Міндеттері:
танымды дамыту, зейінін, қабылдау, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлау вариативтілігін; ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін (талдау, жинақтау, салыстыру, қорытындылау, жіктеу, модельдеу, құрастыру, себеп-салдарлы байланыстарды анықтау) үйрету, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
І жартыжылдық.
Жиын
Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі, жиын түрлі элементтерден құрылатындығы туралы түсінігін дамыту. «Бір» деген ұғым – бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру.
Сан, санау.
Сөйлеген кезде математикалық терминдерді қолдана білуді қалыптастыру. 6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекілік негізінде 2, 3, 4, 5, 6 санының пайда болуымен таныстыру. 7 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету. 7-ден 10-ға дейінгі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекі негізінде 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен таныстыру. 10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету
Шама.
Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілей білуге, заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету. Шамасы 4 бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану
Геометриялық пішіндер.
Геометриялық пішіндер.
Дөңгелек және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақшамен таныстыру. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр) дұрыс атап, оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру.
Кеңістікте бағдарлау.
Кеңістік ұғымдарын бекіту. Қағаз бетінде бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.
Уақытты бағдарлау.
Уақыт ұғымдары туралы білімдерін бекіту. Таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру. Апта күндерін, жыл мезгілдерін атау кезінде оларды ретімен дұрыс айта білуге үйрету.
Салмақты бағдарлау.
Заттардың салмағын өлшеміне қарай алдымен қарама-қарсы көрсеткішпен тең және тең еместігін алақанына салып өлшеп анықтауға үйрету.