Бесқарағай аудандық орталық кітапхананың 2016 жылдың IV тоқсанында атқарылған жұмыстары



Дата02.07.2018
өлшемі78,5 Kb.
#45556
Бесқарағай аудандық орталық кітапхананың 2016 жылдың IV тоқсанында атқарылған жұмыстары.

Бесқарағай аудандық кітапхана жүйесіне қарасты 19 кітапхана үлкендер мен қатар балалар мен жасөспірімдерге де қызмет көрсетеді. Бір жылға жоспарланған бақылау көрсеткіштері:

- оқырмандар саны- 8099 адам.

- интернет- сыныпты пайдаланушылар саны - 545 адам.

- аудан кітапханаларына келушілер саны - 136256

- кітап беру – 164050 дана.

- кітап қоры - 165862 дананы құрайды.

Қазіргі уақытта аудан кітапханаларында – 23 кітапханашы жұмыс істейді. Аудандық орталық кітапханасында және Канонерка ауылдық кітапхнасында кәсіпкерлікке қолдау көрсететін Онлайн орталығы жұмыс атқарады. Орталықта ауыл тұрғындарына тегін жаңа технологияны меңгеру курстары өтіп тұрады. Олармен 162 тренинг өткізілді. Кітапхана мектептер, музей, достық үйі, жастар орталығы, ардагерлер үйі, тәрбие білім орталығымен тығыз байланыста.

Кітапхана қызметкерлері жүргізген іс-шаралар қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, экологиялық, ұлттық, өнегелік мәдениетке, нашақорлықпен күреске және есірткіқұмарлықтың алдын алуға бағытталған.

Өткізілген іс-шараладдың басымды бағыты, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл, «Бір ел-бір кітап» акциясына арналды. Президент күні мерекесіне арналып аудандық кітапханада http://www.pushkinlibrary.kz/pd/ сайтында орналасқан «Ой бөлістім халқыммен...» атты виртуалды кітап көрмесіне және президенттің http://www.akorda.kz/kz , http://www.akorda.kz/ru. ресми сайтына саяхат жасалды. «Президент күні-елінің күні» портрет кеші өтті. Кітапханашылар Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетті гүлдендіру бағытындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, жұмыстарындағы істерін жарықтандыратын құжаттармен таныстырлды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» танымдық сағаты, «Елдің бақытын тербеткен, Тәуелсіздік» деп аталған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оңалту орталығынан мүмкіндігі шектеулі балаларымен «Тәуелсіздік тартуы» іс-шарасы ұйымдастырылды. Кітапханашылар Қазақстан, Елбасы Н.А. Назарбаев туралы слайд көрсетіп, «Сиқырлы ағаш» ойынын ойнатты. Кітапханадағы электронды кітаппен, инновациялық сөйлейтін қаламы бар 12 кітаптан тұратын «Даналық әліппесі» кітабымен және электронды музыкалы қазақ уйімен таныстырды. Облыстық Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен Онлайн режимінде оқырмандармен «Тәуелсіздік тұғырында 25 жыл» тақырыбында диктант жазылды. Аудандық кітапханада Онлайн режимінде «1941. Брестская крепость. Казахстан» кітабының тұсаукесері, кітаптың авторы тарих ғылымдарының докторы, профессор Ләйла Ахметованың қатысуымен өтті. Кітаптың авторы мұрағат материалдары және 1941 жылдың 22 маусымында Брест қамалында болып тірі қалған қазақстандықтардың еске алулары, жаңадан табылған 556 қазақстандықтың тізімі туралы автор мақтанышпен әңгімелеп берді. Сонымен қатар оқушылар автордың әңгімесінен соғыс эшелонының семейден жөнелтілгені, 44 полктың «семейліктердің полкы» болғанын, ресейліктер 125 полкты «қазақ полкы» деп атауы, өйткені ондағы миномет батареясында 50% қазақтар болғаны туралы білді. Кітап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қаржылық қолдауымен, Ұлы Отан соғысы басталғанына және Брест қамалын қорғауға 75 жыл толуына арналып шығарылған. Облыстық А,С.Пушкин атындағы кітапхана базасында « Риск вовлечения детей и молодежи в религиозную деятельность через работу и организаций учреждений культуры и досуга тақырыбында Онлайн-кеңес өтті. , «Бір ел-бір кітап» акциясына арналып Д. Бабатайұлы «Қазақ елінің сыйқырлы данышпандары» әдеби кеш, Ыбрая Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына арналған ақпарат сағат өтті.



Бесқарағай аудандық орталық кітапхананың 2016 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстары

Бесқарағай аудандық кітапхана жүйесіне қарасты 19 кітапхана үлкендер мен қатар балалар мен жасөспірімдерге де қызмет көрсетеді. Бір жылға жоспарланған бақылау көрсеткіштері:

- оқырмандар саны- 5664 адам.

- интернет- сыныпты пайдаланушылар саны - 256 адам.

- аудан кітапханаларына келушілер саны - 12657

- кітап беру – 14307 дана.

- кітап қоры - 164750 дананы құрайды.

Қазіргі уақытта аудан кітапханаларында – 23 кітапханашы жұмыс істейді. Аудандық орталық кітапханасында және Канонерка ауылдық кітапхнасында кәсіпкерлікке қолдау көрсететін Онлайн орталығы жұмыс атқарады. Орталықта ауыл тұрғындарына тегін жаңа технологияны меңгеру курстары өтіп тұрады. Олармен 16 тренинг өткізілді. Кітапхана мектептер, музей, достық үйі, жастар орталығы, ардагерлер үйі, тәрбие білім орталығымен тығыз байланыста.

Кітапхана қызметкерлері жүргізген іс-шаралар қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, экологиялық, ұлттық, өнегелік мәдениетке, нашақорлықпен күреске және есірткі құмарлықтың алдын алуға бағытталған.

Өткізілген іс-шаралардың басымды бағыты, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл, қазақтың ұлы акыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына



арналған. Астана күніне арналып «Астана-біздің дәуірдің нышаны» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әр түрлі топтағы балаларға «Тәуелсіздік түндігі Астана» слайд –презентация көрсетілді. Жаз мезгілі - ғажайып кезең, бұл көтеріңкі көңіл-күй, күлкі және демалыс. Сонымен қатар жаз мезгілі - кітап оқу уақыты. Жазғы каникул кезінде аудандық кітапханада «Жазғы кітап әлеміне саяхат» кітап оқу бағдарламасы жұмыс жасайды. Балаларға арналған іс-шаралар кітапханаға түскен жаңа түрлі-түсті кітаптарға шолу, «Жаз бойы кітаппен», «Сендер үшін кішкентай оқырмандар», «Сүйікті балалар жазушылары» түрлі- түсті кітап көрмелері қызмет көрсетеді. Семей ядролық полигонының 25 жылдық жабылуына орай аудандық орталық кітапханада жоғарғы сынып оқушыларымен тарихи сағат өткізілді. "Невада-Семей" 25 жылдығына көрме ұйымдастырылып кітаптар, газет және журнал мақалалары, Семей ядролық полигоны жөнінде жинақ папкасы ұсынылды. Іс - шара бырысында оқушылар полигон пайда болған тарихымен танысты және Семей полигонының аумағында ядролық жарылыстың салдарынан зардап шеккендер туралы видео фильм көрсетілді. шараның соңында кітап көрме шолу өткізілді. Қазақстан Конституциясына арналған «Конституция-елімнің басты кітабы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға шолу жүргізілді. Ұлы адамдарды еске алып отыру патриоттыққа тәрбиелеудің бірден –бір тақырыбы болады және үнемі ұмытылмауы тиіс. Сондықтанда уақыт өткен сайын біз «тарихтың төріндегілерді» еске алып отырамыз. ЮНЕСКО 2016 жылды Йассауи жылы деп жариялады. Аудандық кітапханада «Ясауи мұрасы-мәңгілік мұра. Наследие Ясави-великое наследие» деген тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітаптарға шолу жүргізілді. Интернеттегі сілтемелерді (https://kaztube.kz/video/99304, (https://kaztube.kz), (http://bmtv.kz/, kzhttps://kaztube.kz/video/100702) пайдаланып кітапхана оқырмандары Йассауи туралы фильмдер көрді. №16 кәсіптік техникалық колледждің 1 курс студенттерімен «Тарихи тұлға» портрет кеші өтті. Кітапханашылар В. Герман и Т. Шерикбай, А. Ерғали ұлы тұлғаның өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырып және кесенесі туралы бейнероликтер көрсетті. Ақынның «Диуани Хикмет» шығармасынан жүрек жарды үзінділер оқылды. Аудандық орталық кітапханада 1-22 қыркүйек аралығында тілдер мерекесіне арналған «Ана тілім ажарым», «Туы төрде-тілі өрде» тақырыптарында кітап көрмесі ұйымдастырылған. 19 қыркүйекте аудандық кітапхананың оқырмандар залында Үлкен- Владимировка орта мектебінің 7 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесіне арналған «Тіл қаруы-сөз» тақырыбында ойын-сайысы өтті. Кітапханашылар Шерикбай Тамаша мен Ергали Айтолқын балаларға жиырма жетінші рет тойланып отырған тілдер мерекесі туралы әңгімелеп берді. Мұндай мереке Қазақстанда бекерден қабылданбаған, өйткені Қазақстан- бірлік пен достықта 130 ұлт өкілдері тұрып жатқан және әр ұлт өкілдері өз тарихымен, салт-дәстүрімен, тілімен мақтанады. Ойын-сайыста екі команда «Тілашар» және «Қара сөз» болды. Бірінші айналым - «Сөз бастау», екінші– «Жеті жұрттың тілін біл, үшінші – «Тіл жүйрікте кім жүйрік» деп аталды. Бірінші орынды «Қара сөз» командасы жеңіп алды. Ойынға белсенділікпен қатыса отырып туған тілде білімін және басқа тілге деген қызығушылықтарын көрсетіп, үйренуге білімдерін шыңдады.

Аудандық кітапхана директоры Ж.Алпыспаева



Бесқарағай аудандық орталық кітапхананың 2016 жылдың II тоқсанында атқарылған жұмыстары

Бесқарағай аудандық кітапхана жүйесіне қарасты 19 кітапхана үлкендер мен қатар балалар мен жасөспірімдерге де қызмет көрсетеді. Бір жылға жоспарланған бақылау көрсеткіштері:

- оқырмандар саны- 4373 адам.

- интернет- сыныпты пайдаланушылар саны - 256 адам.

- аудан кітапханаларына келушілер саны - 72697.

- кітап беру – 8386 дана.

- кітап қоры - 164246 дананы құрайды.

2016 жылдың екінші жарты жылдығына мерзімді баспаларды сатып алуға бөлінген сома – 334 мың теңге. Аудандық кітапханада жұма бойы мерзімді басылымдар баспасына көрме ұйымдастырылып, онда жаңадан келіп түскен газеттер мен журналдар қойылды. Қазіргі уақытта аудан кітапханаларында – 23 кітапханашы жұмыс істейді. Аудандық орталық кітапханасында және Канонерка ауылдық кітапхнасында кәсіпкерлікке қолдау көрсететін Онлайн орталығы жұмыс атқарады. Орталықта ауыл тұрғындарына тегін жаңа технологияны меңгеру курстары өтіп тұрады. Олармен 16 тренинг өткізілді. Кітапхана мектептер, музей, достық үйі, жастар орталығы, ардагерлер үйі, тәрбие білім орталығымен тығыз байланыста.

Кітапхана қызметкерлері жүргізген іс-шаралар қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, экологиялық, ұлттық, өнегелік мәдениетке, нашақорлықпен күреске және есірткіқұмарлықтың алдын алуға бағытталған.

Өткізілген іс-шараладдың басымды бағыты, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл, қазақтың ұлы акыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына



арналған. Аудандық кітапханада 6 мамырда өткен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының маңызды шайқастары: Москва, Сталинград, Курск, Ленинград, Кенигсберг, Берлин шайқастары «Мәңгілік тағзым»тақырыбындағы ерлік сабағы Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесіне арналды. Саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күні- еліміздегі қасіретті тарих беттеріндегі мыңдаған адамдардың жазықсыз жазаланып, лагерлерге жіберіліп, атылғандары туралы еске түсіру. Осы датаға байланысты аудандық кітапханадағы іс-шара «Өткенге тағзым. Ұмытуға болмайды» деп аталған кітап көрмесі 27 мамырдан басталды. Кітапхана қызметкерлері ардагерлер үйінде 31 мамыр «Азалы сол ауыр жылдар» тақырыбында тарихи сағат өткізді. Іс-шараға қуғын-сүргін жылдарының әр кезінде Қазақстанға туыстары мен жақындары жер аударылған Зигле Надежда Валентиновна, Гончар Тамара Леонидовна, Баюн Галина Дмитриевна шақырылып, жастар орталығынан мектеп және колледж оқушылары қатысты. 23 сәуірде «Сүйікті кітаптар әлемі» кітапхана оқырмандарымен өткен сүйікті кітаптарымен кездесу қуаныш мерекесі, осылай басталды. Басында оқырмандар 1943 жылы балалар жазушысы Лев Кассилдің бастамасымен кітаптар апталығының ашылғаны туралы тарихымен танысты. Бірінші күн, «Балалардың сүйікті кітаптарының парады» жас оқырмандардың қызығушылығын оятты. 24 сәуір балалар «Бар ғажайып ертегіде» викторинаға келді. Ертегі дегеніміз не, олардың сыйқырлы, халықтан тараған қандай түрлері бар екенін білді. 25-26 сәуір күндері балалар әртүрлі ойындарға қатысып, сурет салып, сөзжұмбақ шешіп, бейнефильм көрді. 27 сәуір күн «Әдебиет мерейтойлары» кітаптарға шолу өтті. Балалар адамдардағы сияқты кітаптарда да туған күндері болатынын білді. Биылғы жылы дүниежүзіне танымал ертегі А.Толстойдың «Алтын кілт және Буратиноның басынан кешкендері ертегісіне 80 жыл» және тақпақтарын үлкенде кіші де сүйіп оқитын балалар жазушысы А.Л.Бартоға 110 жыл, А. Волковтың туғанына 125 жыл толды. 28 сәуір күні «Оңаша А. Гайдардың «Тимур және оның командасы» кітабымен» әдеби саяхат өтті. 1 маусым күні Жазғы демалыс лагерінің балалары үшін «Кітапхана – балаларды жалықтырмайтын, барлығына қызықты, ғажайып орын» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Саяхатымыз ойын бағдарламасымен басталды: балалар жұмбақ шешті, ертегілерді көре отырып кейіпкерлері мен ертегі аттарын ойларына түсірді. Балаларды заманауи құралы электронды қазақ үйімен таныстырды. Балалар 150 ертегісі, 167 балалар әні, әртүрлі аспаптарда ойналатын күйлері, дәстүрлі әндері, терме-толғаулары, Абайдың 45 қара сөзі бар, мәнерлеп ертегі айтып тұрған киіз үйді көргенде балалар таң-тамаша болды. Балалар белсенді қатысып, разы болып, тағы да кітапханаға келетін ынталарын білдірді. 15 маусым Онлайн орталығында облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапхана базасында «Мәдени, демалыс мекеме ұйымдарының жұмыстары арқылы жастар мен жасөспірімдерді теріс діни ағымдардан сактау» тақырыбында онлайн семинар-кеңесі өтті. Аудандық кітапхана, мәдениет үйі, ішкі саясат мекеме қызметкерлері қатысты. Астана күніне арналып 30 маусымнан бастап «Астана-біздің дәуірдің нышаны» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әр түрлі топтағы балаларға «Тәуелсіздік түндігі Астана» слайд –презентация көрсетілді. Жаз мезгілі - ғажайып кезең, бұл көтеріңкі көңіл-күй, күлкі және демалыс. Сонымен қатар жаз мезгілі - кітап оқу уақыты. Жазғы каникул кезінде аудандық кітапханада «Жазғы кітап әлеміне саяхат» кітап оқу бағдарламасы жұмыс жасайды. Балаларға арналған іс-шаралар кітапханаға түскен жаңа түрлі-түсті кітаптарға шолу, «Жаз бойы кітаппен», «Сендер үшін кішкентай оқырмандар», «Сүйікті балалар жазушылары» түрлі- түсті кітап көрмелері қызмет көрсетеді.

Аудандық кітапхана директоры Ж.Алпыспаева



Бесқарағай аудандық орталық кітапхананың 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

Бесқарағай аудандық кітапхана жүйесіне қарасты туралы 19 кітапхана үлкендермен қатар балалар мен жасөспірімдерге де қызмет көрсетеді. Бір жылға жоспарланған бақылау көрсеткіштері:

- оқырмандар саны- 8099 адам.

- интернет- сыныпты пайдаланушылар саны - 545 адам.

- аудан кітапханаларына келушілер саны - 136256.

- кітап беру – 164050 дана.

- кітап қоры - 162878 дананы құрайды.

2016 жылдың жарты жылдығына мерзімді баспаларды сатып алуға бөлінген сома – 571 мың теңге. Аудандық кітапханада жұма бойы мерзімді басылымдар баспасына көрме ұйымдастырылып, онда жаңадан келіп түскен газеттер мен журналдар қойылды. Қазіргі уақытта аудан кітапханаларында – 23 кітапханашы жұмыс істейді. Аудандық орталық кітапханасында және Канонерка ауылдық кітапхнасында кәсіпкерлікке қолдау көрсететін Онлайн орталығы жұмыс атқарады. Орталықта ауыл тұрғындарына тегін жаңа технологияны меңгеру курстары өтіп тұрады. Олармен 12 тренинг өткізілді. Кітапхана мектептер, музей, достық үйі, жастар орталығы, ардагерлер үйі, тәрбие білім орталығымен тығыз байланыста.

Кітапхана қызметкерлері жүргізген іс-шаралар қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, экологиялық, ұлттық, өнегелік мәдениетке, нашақорлықпен күреске және есірткіқұмарлықтың алдын алуға бағытталған.

Қызметтің басымды бағыты, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қазақстан тарихындағы суырып салма - ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні еліміздегі ең үлкен мемлекеттік мереке болып табылады. Осы датаға арналған мәдени шара «Елдің бақытын тербеткен, Тәуелсіздік» деп аталған кітап көрмесінен басталды. «Қазақстан-2050. Мәңгілік ел» кітап көрмесіндегі материалдар « Бес институциональды жаңа реформаны іске асырудағы 100 нақты қадам» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын ашады, «Үлкен мемлеке, үлкен отбасы» бөлімі Қазақстанды мекендеген халықтардың достығы мен бірлігіне арналған. Қарағайлы кітапханасында ұлы ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған «Бүгін менің туған күнім» атты әдеби кеш өткізілді. Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы- Жамбыл» тақырыбында әдеби кеш, абайтанудың негізін қалаушы, ғалым, ұстаз, жазушы, ақын, аудармашы, қазақстанның ең алғашқы әнұранының авторы Қайым Мұхаметқановтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жазушы. Ғалым. Абайтанушы» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырып, колледжің оқушылары, мұғалімдер және Достық үйінің қызметкерлері қатысты. Жауынгер –интернационалистермен «Есте сақтап, ешқашан ұмытпаймыз» тақырыбында кездесу кеші өтті.



Онлайн режимінде, Шығыс Қазақстан облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапхана базасында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы. Казақстандық азаматтық сектордың дамуы, қалыптасуы мен перспективасы» тақырыбында дөнгелек үстел өтті. Бесқарағай аудандық кітапханадағы Онлайн орталығында http://www.pushkinlibrary. kz/pd/ сайтында орналасқан «Ой бөлістім халқыммен...» атты виртуалды кітап көрмесі және президенттің http://www.akorda.kz/kz, http://www.akorda.kz/ru. ресми сайтын пайдалану бойынша интернет-тренинг өтті. Алексей Толстойдың дүниежүзіне ең танымал «Алтын кілт және Буратиноның басынан кешкендері» кітабының шыққанына 80 жыл толуына арналып «Менің сүйікті кейіпкерлерім» әдеби сандықшасы өткізілді. 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне арналып «Тіршілік тірегі -Ана» кітап көрмесі көрнекіленіп, адрестік құттықтаулар ардагерлерге жіберілді. «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» ашық кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Әр елдегі Наурыз той» қызықты жаңалық сағаты өткізілді.

Аудандық кітапхана директоры Ж.Алпыспаева
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет