Сабақты бекіту Қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекцияны қалай шығарып алуға болады? Мысал келтір.
Үйге тапсырма беру: Биіктігі 10-ға тең, диаметрі 4-ке тең цилиндрдің қиғашбұрышты фронталь диметриясын сал
Технология - 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Полистирол материалын қолданып әртүрлі сувенирлер жасау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Өндірістегі және тұрмыстағы пластмассалардың түрімен, пластмассалардың қасиеттері мен таныстыру. Еңбек сабағында және сабақтан тыс уақытта өңдеуге тиімді пластмассалармен жұмыс істеуге, жұмыс жасау барысында құрал-жабдықтарды пайдалану жолдарын үйрету.
2.Дамытушылық: Сабақ барысында берілген тапсырмаларға үлгі құрып, сол үлгі бойынша сувенирлер дайындату арқылы оқушылардың шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың сабаққа деген композициялық талғамын, эстетикалық ой-өрісін қалыптастыра отырып, шығармашылыққа, шеберлікке, ұқыптылыққа, және бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ. (Шығармашылық)
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту.
Көрнекіліктер: Пластмассадан жасалған ойыншықтар, суреттер т.б.
Керекті – құралдар: Тақтайша, краска, фломастер, қағаз, желім, қайшы, жіп, пластмассаның түрлері, б.
Тех. құралдар: магнитафон, компютерь, фотоаппарат.
Қолданған әдебиеттер: Н.Е. Цейтлин, А.П. Демидова «Справочник по трудовому обучению», М.И. Нагибина «Чудеса для детей из ненужный вещей», Крыжановский В.К. Кербер М.Л. «Пройзводство изделий из полимерных материалов» Санкт-петербург 2004ж. Еңбекке баулу 4-сынып 2000ж. «Атамұра»
Сабақтың барысы: Жоспар.
1. Ұйымдастыру.
- Оқушыларды түгелдеп, топқа бөліп орындарына отырғызу.
2. Көңіл күйді анықтау.
3. Жаңа сабақ.
1) «Киндер – сюрприз» тобы.
2) «ТОІ – БОХ» тобы.
3) «ТОҮ- ТОҮ» тобы.
Үш топқа, ыдыста пластмассалардың әр түрінен қиылған, қиындылар алдарына қойылады. Әрбір оқушы алдарындағы затты қолдарымен ұстап, иіп, бүктеп қатты- жұмсақ екені көріп қандай зат, қай жерлерде қолданып жүр, қалай аталатынын айтып береді.
4. Ассоциация құру.
1. Тұрмыстық өндірісте пластмассаларды қай жерлерде қолданады.
2. Техникалық өндірісте пластмассаларды қай жерлерде қолданады.
3. Медецина саласында пластмассалар қай жерлерде қолданады.
Пластмассалар - пластикалық массалар сыртқы жағдай әсерінен белгігі бір пішінге келтіруге қабілетті және сол пішінін сақтайтын, шыны тәрізді не кристалды күйде болатын материалдар.
Қазақстанда пластмасса алу үшін 1973 жылы полимерлер өндірісі 43 млн. жеткен. Құрамындағы қажетті қосылыстардың дұрыс және белгілі мөлшерде алынуын қадағалай отырып, техникалық әр түрлі мақсатқа сай пластмассаларды шығару болатынына көз жеткізген. Алғаш пластмасса өндіру жұмысын Атырау қаласының мұнай – химия зауыдында өндірлген полимер өнімдерін еліміздің 200-ден астам кәсіпорындарына жіберіп отырған.
Қазіргі уақытта пластмассаның беткі қабығынан алынатын (пленка) полимер, поливинилхлорид, полистирол, полиэтилен, полипропилен, поролон , целлофан, жарамсыз материалдар (бросовы материалы) өнімдерінің күнделікті өмірде қолданамыз
1. Поливинилхлорид - пластмассаның бұл түрінен су өткізбейтін плащ, клеенка, скатерть, салфетка, линолеум, еден плиткалары, лак, эмаль, клей т.б. алуға болады.
2. Полистирол – қатты, мөлдір, шыныға ұқсас зат.
3. Органикалық шыны - қатты, жеңіл және мөлдір пластмасса.
4. Полиэтилен – көп таралған синтетикалық материалдардың бірі. Ол жеңіл, мықты, ешқандай иіссіз. Өнеркәсіпте полиэтиленнің екі түрін қолданылады.
1. Тамақ өнімдерінде.
2. Күнделікті өнеркәсіпте.
Полиэтилен еңбекке баулу сабағында және сыныптан тыс уақытта пайдаланылады.
5. Полипропилен - табиғи газдан алынады. өте жұқа, полиэтиленге ұқсас.
6. Поролон – синтетикалық материал. Поролон көмір қышқыл газынан алынады. Поролон өте жеңіл, суды бойында жақсы ұстайды. Жұмсақ мебельдерді жасауда пайдаланады. Бастауыш сыныптарда жұмсақ ойыншықтар жасауда пайдаланады.
7. Фото және кинопленка. Бастауыш сыныпта сыныптан тыс уақытта жұмыс жасауға беріледі.
8. Целлофан - түрі мөлдір, қалындығы 0,01 – 0,06 мм заттарға, тамақ өнімдерін орауда кеңінен қолданылады.
9. Жарамсыз материалдар (бросовы материалы) - көбіне үй шаруашылығында қолданылмай, керексіз лақтырылып тасталынады.
Мыс: пластмасс қақпақтар, жіптің катушкалары, дәрі – дәрмектің ыдыстары, тіс ысқыш пастаның сырты
5. Сарамандық жұмыс. ( Күй ойналып тұрады)
1) «Киндер – сюрприз» тобы. Конфеттің сыртындағы капсулалардан ойыншық құрастыру. 1) Үлгісін құрып алу. 2) Фонтаграмма құрастыру
2) «ТОІ – ВОХ» тобы. 1) Карнавалдық костюмнің үлгісін құру. 2) Целлофаннан костюм жасау. 3) Фонтаграмма құрастыру.
3) «ТОРІ- ТОР» тобы.1) Үлгі құрастыру. 2) Бос баклашкадан ыдыстар құрастыру. 3) Фонтаграмма құрастыру.
Зертханалық жұмыс: полиэтилен, полистирол, полипропиленнің қасиеттерін көрсету.
Көрнекі құралдар: приборлар, пробирка ұстағыш, спирт шамы, шыны таяқша, реактивтер: ацетон, бензол, дихлорэтан
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Ж.Баласағұн
1.Жоғары молекулалы қосылыстар туралы түсінік
2.полимерлердің қасиеттері
3.Зертханалық жұмыс
4.Термопластикалы полимерлер:
А) полиэтилен
Б) политропилен
В) поливинилхлорид
Г) полистирол
5.Термореактивті: феголформальдегид
6.Полимерлер тұрмыста, техникада, өндірісте ауылшарушалығында
7. Қоршаған ортаны полмер заттардан тазарту.
I. Жоспар бойынша оқушылар өздері дайындаған жұмыстарын оқып, талдады.
1. Табиғи жоғары молекулалы қосылыстар (целлюлоза, крахмал, лигнин, ақуыздар және нуклеин қышқылдары) ерте заманнан белгілі. Оларды жануарлар мен өсімдіктер әлемінен көптеп кездестіруге болады.
Жоғары молекулалы қосылыстар химия ғылымының бір саласы ретінде XIX ғасырдың 30 – жылдарынан кейін қалыптастып, осы күнде дамудың жоғары сатысына ие болып отыр. Полимер туралы түсінікті 1830 жылы Шведтің атақты химигі Берцелуис ғылымға енгізді. Бұл заттардың жай бөлшектерінен күрделі молекулалардың түзілуі туралы түсінік еді.
XIX – XX ғасырларды полимер химиясы А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылысы туралы теориясына арқа сүйеді. Жоғары молекулалы қосылыстарды синтездеудің жаңа тәсілдерін іздестіруде олардың физикасы мен механикасы дамыды, макромолекулаларды химиялық түрлендіру кең өріс алды.
Қазіргі кезде полимерлердің маңызы зор, сондықтиан оларды өндіру мен тиімді пайдалану – халық шаруашылығын дамытудағы негізгі бағыттардың бірі. Соңғы уақытта полимерлік материалдар өндірісі қарқынды өсуде. Бұлар – полиомидтер, пенопластар, полиэтилен, полипропилен, поливинилхлорид.
III. Зертханалық жұмыс орындалады.
IV. Термопластикалық полимерлер – қыздырғанда жұмсарып, пластикалы болады да, суытса қайта қалпына келіп, өзінің алғашқы қасиеттерін сақтап қалады.
Термопластикалық полимерлер полиэтилен, поливинилхлорид, полистирол жатады. Полиэтилен ( - CH2 – CH2 - )n – қатты, түсі ақ, қолға ұстағанда майдай сезілетін парафинге ұқсас материал. Полиэтилен көгілдер жалынмен жанады. Оған қышқылдың, негіздің, KMnO4 – ерітінділері әсер етпейді, тек конц HNO3 бүлдіреді.
Пластирол ( - CH2 – - )n – бұл полимердің мономері стирол CH2 =
V. Термореактивтік полимерлер – қыздырғанда пластикалық қасиетінен айырылп, балқымайтын және ерімейтін күйге түседі. Термореактивтік полимерге жататын фенолформальдегид смоласы жатады. Поликонденсация реакциябойынша синтездейді.
VI. Полимерлердің табиғатта кең таралуы техника мен тұрмыста жан – жақты қолданылуының бір себебі олардың көртүрлілігі, оңай алынатындығы және физика – химиялық өзгерістерге тұрақтылығы болып табылады. Синтетикалық полимерлердің пайда болуы пластмасса, талшықтар мен каучуктер, желім, бояу, электризоляциялық материалдар өнеркәсібінің тез дамуына ықпал етті.
Қазіргі көптеген синтетикалық полимерлі материалдар өздерінің қасиеттері жағынан табиғи заттардан да асып түсіп отыр. Олардың кейбіреуі (политетрофторэтилен) химиялық қасиеттері жағынан алтын мен платинадан, механикалық және ыстыққа шыдамдылығы жағынан көптеген металдардан асып түседі. Резеңке өнеркәсібі ( газ өңдейтін, бензин мен майға тұрақтылығы, эластикалығы) табиғи каучуктерден де артық материалдармен қамтамасыз етілген.
Оқушылар полимер материалдарының төрт типке бөлінетінін және олардың қолданылатын салаларын айтып шықты.
Полистирол материалы өңдеуге өте қолайлы . Оны арамен кесуге ,қайшымен қиюға ,өткір құралмен сызық түсіріп кесуге, егеумен өңдеуге ,құмқағазбен өңдеуге болады
Плоистрол материалынан әртүрлі сувенирлер ,жұқа ойыншықтар, көлемді экспонаттар жасауға болады . Қолданылатын желімдер –дихлорэтан, ацетон, момент ,SSS желімі , 110 желімі т.б пайдалануға болады
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: полистиролдан жасалатын дайындаманың эскизін әзірлеу, технологиялық картасын сызу
Технология 7 – сынып.
Сабақтың тақырыбы: Токарь станогында ағаш жону тәсілдері
Білімділігі: Материалға технологиялық карта бойынша өлшем бірліктерін түсіру және біріктіру тәсілдерінің дәлдігін анықтау жолдарын үйрету.
Дамытушылығы: Станоктың бөлшектері мен сызбаларын оқып үйрену, оқушылардың іскерлігін, жұмыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелігі : Жұмысты нақты орындап ,шығармашылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Қауіпсіздік техникасын мұқият сақтауға тәрбиелеу
Сарамандық жұмыс. Ағаш жону білдегімен жұмыс жасау.
Ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясына түсінік беру.
Сабақтың түрі: Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: Бейнелеу, Сызу, Тарих.
Сабақтың көрнектілігі: Суреттер,ағаштан жасалған бұйымдар,станок, технологиялық карта
плакаттар, технологиялық карта, шаблон, әдебиеттер, оқулықтар, т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, жұмыс киімін кигізу.
Үй тапсырмасын тексеру: өтілген тақырыптарға сұрақ - жауап жүргізу арқылы тоқталу.
Ағашты көркемдеп өңдеу дегеніміз не?
Ағашты өңдеу дегеніміз не?
Неліктен ерте заманда біздің ата-бабаларымыз күнделікті өмірде, тұрмыста ағаш бұйымдарын, заттарын көп пайдаланған?
Көне ұлттық ас үй бұйымдарын атаңдар.
Ағаштан жасалған ұлттық көне үй жиһаздарын атаңдар.
Ежелгі заманда қазақтардың шеберлік танытқан салаларын атаңдар?
Бұйымдарды қалай әшекейлейді? т.б сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын бағалау
Жаңа сабақ: СТД 120 Ағаш жону білдегі.
.
Сабақтың негізгі мақсаты: Оқушыларды СТД-120 білдегімен жұмыс жасауға үйрету.
.
Әдісі:Нақтылы бұйымның үлгісін қолдану.
1. Ағаш токарьлық станогының негізгі бөліктерін еске түсіріп қайталап шығалық.
А. Станок маркасын ата?
Б. Ненің көмегімен станок қозғалысқа түседі?
В. Дайындама ненің көмегімен бекиді?
Г. Ағаш жонатын аспап атауы?
Ағаш өңдеуге арналған токарь станогында қауіпсіз еңбек ережелерін орындау.
1. Станоктың электр торабына қосылу желілерін тексеру.
2. Өңдеу құралдарының ақаусыз болуын қарап шығу.
3. Токарь станогында құралды пайдалану жолдарын еске түсіру.
Бұрғылау станогындағы қауіпсіздік ережесі.
1. Станоктың тоққа қосылуын тексеру
2. Тесуге арналған бұрғы пышағын орнату
Сабақтың барысы: Ағаш өңдейтін СТД-120 м үлгісіндегі токарь станогының құрылысымен танысайық, маркасы С- станок, Т-токарьлық, Д- ағаш өңдеуші 120-арақашықтық,м-жетілдірілген станок мүлгісі, платформадан, электр қозғалтқыштан, қорғағыш қаптама, тректі табан, станок негізгі бөлігі, алдыңғы қыспақ тетік, артқы қыспақ тетік, шам, патрон, ұстайтынтұтқа, мөлдір экран, түймеше тетіктен тұрады.
Цилиндр, конус, шар тәрізді бүйымдарды жону үшін оларды СТД-120 білдегіне салып жонып, өңдейді. Біздің Отандық өнеркәсібіміз орталықты, қарама – қарсы және орталықсыз жону білдегін шығарады. Орталықты жону білдіктерде салыстырмалы түрде алғандағы диаметрі онша үлкен емес, ұзынша бөлшектер өңделеді. Дайындалған ағаш материалдарды алдыңғы және артқы қыспақтардың орталығы арасына мықтап бекітіледі.СТД – 120М қарама – қарсы тік білдектердің көлемі едәуір үлкен, жайпақ бөлшектер өңделеді. Олар алдыңғы қыспақ тығырына бекітіледі. Мұнда білдекте артқы қыспақ тетігі болмайды. Орталықсыз (дөңгелек тақшалы) білдектер цилиндр және конус тәрізді, үлгідегі бөлшектерді жасап шығаруға қолданылады. Білдектің кескіш пышақтарының өткір жүздері ішке қарай бағытталған іші қуыс пышақ бастары болып табылады.
Өңделуге арналған ағаш материалы өз осінен айналатын пышақ басына сәйкес беріледі. Ағаш өңдейтін СТД – 120 м білдегі негізгі бөлігі (ағаш жону білдегінің суреті) бағытаушы тетіктерімен қоса алғанда, шойынның құйылған тіректі негізі (6) болып табылады. Ол өзінің екі тіректі табаны (5) станоктың тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы (7) және артқы (13) қыспақ тетіктер ұстайтын тұтқасы (11) орналастырған. Білдектің жұмыс механизмдері кесу аймағын (жұмыс кеңістігін) құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғағышпен (12) жабылып тұрады. Білдек орнатылатын тіректі негіз (6) өзінің тірек табандары (5) арқылы білдектің тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы (7) және артқы (13) қыспақ тетіктері, ұстайтын тұтқасы (11) орналастырған. Білдектің жұмыс механизмдері кесу аймағы жұмыс кеңістігін құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғанышпен (12) жабылып тұрады. Білдек орнатылатын тірек негіз (6) өзінің тірек табандары (5) арқылы ағаштан жасалған арнаулы платформаға (1) мықтап бекітілген. Оның сол жақ бөлігіне білдектің электро механикалық жетегі орналатын. Ол жетек қайысты іске қосатын, білікке бекітілетін қос сатылы тегергіштің сыналы белдігінен және токарь станогының алдыңғы қыспақ тетігінің шпинделіне бекітілетін екінші қос сатылы тегершіктен тұрады.
Шпинделдің айналу шапшаңдығын өзгерту жетек белдікті бір тегергіштің тұтқасын екінші тегергіштің тұтқасын ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Білдектің жетегі сақтандырып тұратын қорғағыш қаптамамен жабулы тұрады, ал ол (3) бұранданың көмегімен мықтап бекітіледі.
Білдек жұмысына басшылық жасау түймеше тетік блогы (8) арқылы қамтамасыз етіледі. Ол блок алдыңғы қыспақ тетікке (7) орналастырылған. Дәл осы жерге жарық түсірген шам (9) бекітілген.
Дайындалған ағаш материалдарын бекітіп ұстау үшін ауыспалы шпиндельдін саптама тетіктері қолданылады. Оған орталық шанышқысы ( үш тісті айыр) карпус, патрон өңделетін ағаш материалдарды ішкі ойықтарды ойып – жону кезінде патронға бекітілетін болса, ағаш мериалдарды диаметрі неғұрлым үлкендері орналастырылады.
Жетектің сақатандырғыш қоршауының қақпағын электр қозғалтқышпен ашқан кезде оған электр қуаты берілмей, тоқтап қалатындай етіп сақтықпен жалғастырылған. Ағашты кесіп өңдеу аймағы алдын ала қорғағышпен жабдықталған. Атап айтқанда, қабылдаушы тетік жұмыс істеп тұрғанда адамды түсіп жататын жаңқалардан қорғайды және ағашты аралау кезінде зиянды шаң тозаңның күшейіп, шоғырлана түсуін бәсеңдетеді, үгінді қалдықтардың үйіліп қалуын азайтады.
Ағаш өңдейтін СТД-120 м үлгісіндегі токарь станогының құрылысымен танысайық, маркасы С- станок, Т-токарьлық, Д- ағаш өңдеуші 120-арақашықтық,м-жетілдірілген станок мүлгісі, платформадан, электр қозғалтқыштан, қорғағыш қаптама, тректі табан, станок негізгі бөлігі, алдыңғы қыспақ тетік, артқы қыспақ тетік, шам, патрон, ұстайтынтұтқа, мөлдір экран, түймеше тетіктен тұрады.
Қазір ағаш ұқсату шеберлігімен шұғылданатын мамандықтардың түрлері көп. Әдетте қазақ халқы ағаш ұқсатумен айналысатындарды үйші, оймашы, балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген.
Үйші деп негізінен киіз үйдің сүйегін, яғни кереге, уық, шаңырақ жасайтын қолөнершілерді атаса, міндетті түрде бетіне өрнек салатын жастық ағаш , жүкаяқ, төсек ағаш, кебеже тәрізді үй-іші, мүлкі аяқ-табақ оятын іскерлерді оймашы деп атаған.
Ағаш құраумен, қайық, арба, шана жасаумен кәсіп етушілерді балташы десе, балық ұстау үшін т.б.түрлі шаруа қажетін өтеу мақсатымен себет, шынта шарбақ өрушілерді тоқушы деп атаған. Алайда бұл бөліңістің тиянақты шегі жоқ, себебі өмірде балташы үйшілікпен, ал үйші тоқушылықпен немесе тоқушы оймашылықпен қатар айналыса берген. Сондықтан ежелгі ұғымды, ағаш ұқсату ісімен шұғылданатын шеберді ұста деп атаған.
Ал ұсталар айналысатын кәсібінің басты ерекшелігіне орай темір ұстасы , ағаш ұстасы болып бөлінеді. Бұл бөлініске қарамастан , нағыз ұста , ұсталық өнердің жоғарыда аталған екі түрінде жете меңгерген. Сондықтан оң саусағынан өнер тамған әмбебап шеберді ғана халық ұста деп атаған. Халқымыз айтулы ұсталар соққан заттарды кие тұтқан. Атап айтқанда , қас шебердің қолынан шыққан заттарды ырым етіп іліп қою бүгінге дейін сақталған.
Еліміздің нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты қазіргі кәсіптік техникалық мектептерде әмбебап ұсталар даярлау қолға алынды. Олар ағаштан, темірден , басқада конструкциялық материалдардан әшекей бұйымды жасауды үйренеді. Сонымен қатар 2-3 жыл ішінде ұсталық өнердің 3-4 түрін меңгереді.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда ағаш жонумен айналысамыз, яғни токарь станогында цилиндр тәріздес ойылып, өңделген бұйым жасаймыз. Ағаш жоңу токарь станогында жұмыс істеу ретімен, әдіс-тәсілдермен, жасалу жолдарымен технологиялық картаға қарап жұмыс істеп үйренеміз.
Біріншіден, біз ағаш материалын даярлап аламыз. Ағаш материалының өлшемдері: ені 50х50 мм. ұзындығы 400 мм етіп екі жағын 90º та тік бұрыш жасайтындай кесіп аламыз. Шаршының диагональдары қиылысқан жері кесу орталығы болып табылады және біз сол жерді қарындаштың көмегімен сызып белгілеп, қоларамен тереңдігі 4-5 мм ойып кесіледі. Патронға бекіген үш тісті айырдың ортаңғы айыры дайындаманың тура ортаңғы нүктесінде тығылып тұруы керек. Дайындаманың екінші жағын, яғни артқы тетік еніп қысып тұратын жағын алдыңғыдай ретпен сызамыз, диагональдары қиылысқан жері - тесу нүктесі болып табылады. Табылған нүктені белгілеп, арнайы тескіш құралмен тереңдігі 7-10 мм тесеміз.
Дайындама ағаштың қырларын қол сүргімен сүргілеп, цилиндр тәріздес қылып дайындаймыз. Жұмысқа кіріспес бұрын станокты толық тексеріп аламыз. Ағаш оятын, жонатын қашауларды өткірлеп, жұмысқа даярлап аламыз. Арнайы жұмыс киімдері жинақы да ыңғайлы болуы керек. Дайындаманы алдыңғы тетік пен артқы тетік аралығында мөлшерлеп қойып, артқы тетікті негізгі станок тірегіне болт, гайка көмегімен арнайы кілттер арқылы бекітеміз. Содан кейін артқы тетіктің үстінгі, дайындаманы қысып тұратын үшкір басты бұрандасының штурвалын айналдыра бұрау арқылы екі тетік ортасына дәлдікпен дайындаманы қысып бекітеміз.
Оң қолымызға жартылай дөңгелек қашауды ұстап, сол қолымызбен қашауды тығырыққа тірей сол қолымызбен басып. Қашауды баяу және біркелкі қозғалыс арқылы саптама тұтқалы тіректің қапсырма темірі бойымен ілгері жылжытып, айналысқа түскен ағаш материалға тиетіндей етеді. Бөлшектің үстіңгі қабатын қажетті диаметрге дейін оның қысқа бөлігінде ғана өңдейді. Содан соң бұл өзге бөліктерді өңдеуге көзбен шамалап жүргізе беруге бағыт береді. Қарадүрсін өңдеу процесі кезінде цилиндрдің диаметрін оқтын-оқтын бақылап отыру қажет: өңдеуді 4-5мм болған кезде бітіруге болады.
Дайындаманың екі жағы шетінен 3-4 см өлшеп алып қиғаш жүзді қашаумен әдеттегідей кесеміз, алайда толық кесіп тастамаймыз, 15 мм қалтырамыз. Станокты тоқтатып болғаннан соң, тетікпен цилиндр тәріздес бұйымды босатып алып екі жағындағы кесінді қалдықты арамен кесіп аламыз. Жұмысты толық аяқтап шығамыз.
Қорытынды . Бағалау
Үйге тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |