Фосфордың сутекпен және галогенмен қосылыстары.
Фосфордың сутекпен екі қосылысы бар: РН3(фосфин), Р2Н4(дифосфин).
Фосфор сутекпен нашар қосылады:
2Р + 3Н2 = 2РН3
Сондықтан да фосфинді алу үшін кальций фосфоридін тұз қышқылымен әрекеттестіріп алады:
Са3Р2 + 6НСІ = 3 СаСІ2 + 2 РН3
Фосфин- түссіз газ, сарымсақ иісті, улы зат. Күшті тотықсыздандырғыш, ауада 150 градуста өзінен-өзі оталады.
Р2Н4(дифосфин)- түссіз сұйықтық, күшті тотықсыздандырғыш, ауада өздігінен тұтанады.
Фосфор трихлориді РСІ3 алу үшін көп етіп алып балқытқан фосфордың үстімен хлор жібереді, сонда фосфор солғын сары түсті жалынмен жанып, фосфор трихлоридін түзеді.
2 Р + 3СІ2 = 2РСІ3 ΔН= -644,3 кДж/моль
Фосфор трихлориді түссіз сұйық, tқ =75,3 ылғалды ауада түтінденеді, сумен өте жақсы реакцияласады:
РСІ3 + 3 Н2О = Н3РО3 + 3НСІ
Фосфор трихлоридіне көп мөлшерде хлор жіберсе, ол түссіз кристалдарға айналады:
РСІ3 + СІ2 = РСІ5 ΔН= -125,5 кДж/моль
Фосфор пентахлориді екі сатыда гидролизденеді:
РСІ5 + Н2О = РОСІ3 + 2НСІ
РОСІ3 + 3Н2О = Н3РО3 + 3НСІ
Достарыңызбен бөлісу: |