Фосфордың оттекті қосылыстары. Фосфордың үш оксиді бар: Р2О3, , Р2О4, Р2О5 Дифосфор триоксиді Р2О3- ақ түсті кристалдық зат, tб =23,8ᵒ С, tқ =175,4ᵒ С. Суық сумен қосылып фосфорлы қышқыл Н3РО3 түзеді.
Р2О3 + 3Н2О =2 Н3РО3 Фосфорлы қышқыл Н3РО3 тұрақсыз, қыздырса айырылып кетеді.
4Н3РО3 →РН3+3 Н3РО4 Дифосфор триоксиді Р2О3 ауада 50-60ᵒС өздігінен тотығып, 70ᵒ С тұтанып, екеуінде Р2О5 айналады.
Дифосфор пентаоксиді Р2О5- ақ түсті, улы емес, суда жақсы еріп және онымен әрекеттесіп үш түрлі қышқыл түзеді.
Р2О5 + Н2О = 2 НРО3 метафосфор қышқылы
Р2О5 + 2Н2О = Н4Р2О7 пирофосфор қышқылы
Р2О5 + 3Н2О =2 Н3РО4 ортофосфор қышқылы
Фосфор(V) оксиді сумен өте шабыт қосылады, суды тіпті басқа заттан тартып алып та қосылады, сондықтан мұны су тартып алғыш зат ретінде де қолданады.
Дифосфор тетраоксиді Р2О4- түссіз жылтыр кристалдық зат.
Р2О4 + 3Н2О = Н3РО4 + Н3РО3 Фосфор қышқылдары. Фосфордың бірнеше қышқылдары бар: фосфорлылау Н3РО2,фосфорлы Н3РО3, метафосфор НРО3,ортофосфор Н3РО4 және т.б .
Ортофосфор қышқылы (Н3РО4)- фосфордың қышқылдарының ішіндегі ең маңыздысы, мұны көбінесе фосфор қышқылы деп атайды.
Техникалық мақсаттарға қолданылатын таза емес фосфор қышқылын кальций фосфаты мен күкірт қышқылының әрекеттесуінен алады.
Са3(РО4)2 + 3Н2SО4 = 3 Са SО4 + 2Н3РО4 Зертханада фосфор қышқылын алу үшін қызыл фосфорды азот қышқылымен тотықтырады:
3 Р +5 НNО3 +2 Н2О = 5 NО + 3 Н3РО4 Ортофосфор қышқылы- түссіз кристалдық зат, tб = 42ᵒ С, су тартқыш болғандықтан ашық ауада ылғал тартып, былжырап кетеді, суда жақсы ериді.
Фосфор қышқылын қыздырса айырылып дифосфор қышқылына айналады.
2Н3РО4 = Н4Р2О7 + Н2О
Фосфор қышқылы орташа күші бар қышқыл, су ерітіндісінде бірінші сатысына ғана диссоциацияланады. Үш негізді болғандықтан үш қатар тұз түзеді: тұздарын фосфат деп атайды:
а) орта тұздары- Nа3РО4, Са3(РО4)2-фосфаттар
ә) қышқыл тұздары- Nа2НРО4, СаНРО4- гидрофосфаттар
б) қышқыл тұздары- NаН2РО4, Са(Н2РО4)2- дигидрофосфаттар
Дигидрофосфаттардың барлығы суда жақсы ериді, гидрофосфаттардың - натрий, калий, аммоний фосфаттары, фосфаттардан кейбіреуі ғана ерімтал.Фосфаттар көп жерлерде қолданылады, әсіресе ауыл шаруашылығында тыңайытқыш ретінде қолданылады. Фосфаттардың термиялық ыдырауының бірнеше жолы болады:
NаН2РО4 = NаРО3 + Н2О
2Nа2НРО4 = Nа4Р2О7 + Н2О
Ортофосфаттардан тек қана аммоний фосфаты ыдырайды:
(NН4)3РО4 = 3NН3 + Н3РО4 Фосфорлау қышқылы (Н4Р2О6) басқа қышқылдарға қарағанда мұнда Р-Р байланысы бар. Қызыл фосфорды натрий гипохлоритімен тотықтырғанда осы қышқылдардың тұзы- натрий гипофосфаты түзіледі. Айталық қорғасын гипофосфатын Н2S пен әрекеттессе фосфорлау қышқыл түзіледі; бұл 70ᵒ С балқитын кристалдық зат.
Дифосфор қышқылы (пирофосфор) Н4Р2О7- түссіз кристалды зат, tб=61ᵒ С, суда жақсы ериді, фосфор қышқылына қарағанда күштірек қышқыл. Оның тұздарын дифосфаттар немесе пирофосфаттар деп аталады.
Метафосфор қышқылы НРО3 –шыны тәрізді зат, улы. Тұздарын метафосфаттар деп атайды. Оларды суды жұмсарту үшін және бу қазандардағы қақтарды кетіру үшін қолданады. Сонымен қатар ол кір жуатын заттардың құрамына кіреді.