Аммоний тұздары. Аммиактың судағы ерітіндісіне қышқылдардың біреуінің ерітіндісін қосса аммоний тұздары түзіледі.
NН3 + НСІ = NН4СІ NН3 + НNО3= NН4NО3 Аммоний тұздары түссіз, суда ерігіш, жақсы диссоцияланғыш заттар, ерітінділері сәл қышқылдық реакция көрсетеді.
+ - NН4СІ ↔ NН4 +СІ
+ 2- (NН4)2 SО4 ↔2 NН4 +SО4 Аммоний тұздары қыздырғанда оңай айырылады:
NН4СІ = NН3 +НСІ
(NН4)2 SО4 = NН3 +Н2SО4 NН4 NО3 = N2О + 2Н2О NН4 NО2 = N2+ 2Н2О (NН4)2 СО3 = 2NН3 + Н2О + СО2 (NН4)3 РО4 = Н3РО4 + 3NН3 Қолданылуы:1.Аммоний сульфаты, аммоний нитраты - тыңайтқыш ретінде қолданылады.
2. Аммоний хлориді- мата бояуда, металл дәнекерлеуде және гальваникалық элементтерде қолданылады.
Азоттың оттекті қосылыстары. Азот оттегімен бірнеше оксидтер түзеді. Барлығы да азот қышқылынан немесе оның тұздарынан алынады. Азот оттегімен мынадай оксидтер түзеді:азот(І) оксиді N2О; азот(ІІ) оксиді NО; азот(ІІІ) оксиді N2О3; азот(ІV) оксиді NО2; азот(V) оксиді N2О5;
Азот(І) оксиді N2О- түссіз, ұамды иісті, тәтті дәмді суда нашар еритін газ.Оны алу үшін нитрат аммоний тұзын балқытып, одан әрі қыздырса айырылады.
NН4NО3 = N2О ↑+ 2Н2О Азот(І) оксиді N2О-термодинамикалық тұрақсыз қосылыс. Қыздырса ол айырыла бастайды.
2 N2О = 2N2 + О2 Аз мөлшерде оттекпен араластырып дем алуға пайдаланса, адам ауырғанды сезбей, көңілденіп шаттана бастайды, сондықтан оны шаттандырғыш газ деп те атайды. Бұл оксид сумен де, қышқылмен де, сілтілермен де реакцияласпайды.
Азот(ІІ) оксиді NО-түссіз, сүйылуы, еруі қиын газ, қайнау температурасы 151ᵒ С, қату температурасы -163,7ᵒ С.
Зертханада азот(ІІ) оксидін, азот қышқылы мен мысты әрекеттестіру арқылы алады:
3 Си + 8 NNО3 = 3 Си(NО3)2 +2 NО + 4Н2О Өте жоғары температурада (3000-4000ᵒ С) азот оттегімен әрекеттесіп азот(ІІ) оксидін түзеді:
N2 + О2 = 2NО
Атмосферада найзагай әсерінен көп мөлшерде NО түзіледі. Найзағай әсерінен атмосфера азотынан жылына 100 млн т. оксид түзіліп, жаңбыр суымен жерге түсетіні анықталған. Азот (ІІ) оксиді сумен де, сілтілермен де әрекеттеспейді. Ол ауада тотығып, азот (ІV) оксидіне айналады.
2NО + О2 = 2NО2 ΔНᵒ = - 112,9 кДж/моль
Хлормен қосылып нитрозил хлоридін түзеді:
2NО + СІ2 = 2NОСІ
Азот диоксиді NО2 – қоңыр түсті, ұнамсыз иісті, улы газ.Сұйылуы оңай, қызыл түсті сұйықтыққа айналады, tқ =21,3ᵒ С, tқат =11,2ᵒ С, қатты түрі – түссіз масса.140 градустан жоғары температурада диоксид, оксидке және оттекке айырылады.
2 NО2140→2 NО + О2 Азот диоксиді күшті тотықтырғыш, оның әсерінен көмір, күкірт, фосфор тұтанып жанады. Азот диоксиді сумен әрекеттесіп азот қышқылы және азот(ІІ) оксиді түзеді.
3 NО2 + Н2О = 2НNО3 + NО
Азот диоксиді ауаның қатысында сумен әрекеттесіп азот қышқылын береді.
4NО2 + О2 + 2Н2О = 4НNО3 Егер азот диоксидін сілтілермен әрекеттестірсе қышқылдардың орнына тұздары түзіледі.
2NО2 + 2NаОН = NаNО3 + NаNО2 + Н2О Азот ангидриді N2О5- ақ түсті кристалды зат, күшті тотықтырғыш, көптеген органикалық заттармен жанасып кетсе ақ от алады. Азот ангидриді сумен әрекеттесіп азот қышқылын түзеді.
2N2О5 + 2Н2О = 4НNО3 Азот ангидриді кәдімгі жағдайда айырылып, NО2 және О2 түзеді, қыздырса қопарылыс жасайды.
2 N2О5 → 4NО2 + О2 Азот ангидридін азот қышқылы мен фосфор ангидридін әрекеттестіріп алуға болады.
2 НNО3 + Р2О5 = N2О5 + 2НРО3