Азотты және азот қышқылдары. Азотты қышқыл бір негізді әлсіз қышқыл. Азотты қышқылды сұйытылған күкірт қышқылына нитрит тұздарының біреуін қосу арқылы алуға болады.
NаNО2 + Н2SО4 = Nа2SО4 + НNО2 Азотты қышқыл тек еріген түрде ғана белгілі, ерітіндінің концентрациясын арттырғанда, я қыздырғанда азотты қышқыл айырылады.
2 НNО2 = NО + NО2 + Н2О
Азотты қышқыл әлсіз қышқыл, бірақ күшті тотықтырғыш, екінші жағынан өзінен күшті тотықтырғышпен кездессе тотықсыздандырғыш ретінде өзі тотығып азот қышқылына айналады. Төмендегі реакциялар мысал бола алады: +3 +2 2НNО2 + 2КІ + Н2SО4 = 2NО + І2 + К2SО4 +2Н2О(тотықтырғыш)
+3 +5 5НNО2 + 2КМnО4 + 3Н2SО4 = 5НNО3 + 2МnSО4 + К2SО4 + 3Н2О (тотықсыздандырғыш)
Азотты қышқылдың тұздарын нитриттер деп атайды. Нитриттер түссіз, суда ерігіш, қыздырғанда көпшілігі айырылып кетеді, барлығы улы заттар