Табиғаттағы азоттың айналымы. Органикалық заттар шірігенде оның құрамындағы азоттың біраз бөлігі аммиакка айналады. Аммиак топырақтағы бактериялардың әсерінен тотығып азот қышқылына айналады. Азот қышқылы топырақтағы карбонаттармен әрекеттесіп нитраттар түзеді.
2НNО3 + СаСО3 = Са(NО3)2 + СО2 + Н2О
Азоттың аз бөлігі заттар шірігенде де атмосфераға бөлініп шығады.Сонымен қатар органикалық заттар жаңғанда да, ағаштарды өртегенде де бос азот бөлініп шығады. Топырақтың құрамындағы нитраттардан оттегін, ауасыз жерде бактериялар бөліп алып, нитраттарды ыдыратып бос азотты бөліп шығарады.
Табиғаттағы азоттың кемістіктерін табиғаттың құбылыстарымен (найзағай кезінде) толтырып отырады. Атмосферадағы бос азот найзағай кезінде мынадай өзгерістерге ұшырайды:
N2→NО→NО2 + Н2О О2→ НNО3
Топырақтағы азотты байытып отыратын бактерияларды азотбактериялары деп атайды. Олар ауадағы азотты өздеріне сіңіріп алып, оларды азоттың қосылыстарына айналдырады. Ал, өсімдік болса оларды белокқа және де басқа да күрделі заттарға айналдырады. Сонымен табиғатта үнемі осындай азоттың айналымы болып отырады. Алайда жыл сайын топырақтағы азот қосылыстары егінмен азайып отырады. Сондықтан топырақты жыл сайын тыңайтқыштармен құңартып тұру керек.
3. Фосфор
Достарыңызбен бөлісу: |