Бестөбе №2 орта мектебі ҚР халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай өткізілген «Тілін білмеген – түбін білмейді»



бет1/19
Дата18.03.2017
өлшемі3,56 Mb.
#12010
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Бестөбе №2 орта мектебі

ҚР халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай өткізілген «Тілін білмеген – түбін білмейді» атты онкүндіктің есебі



Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімдері



2016-2017 оқу жылы

Бекітемін:



мектеп директоры: ______Т.Ж. Сыздыков
Бестөбе №2 орта мектебінің 2016-2017 оқу жылында «Тілін білмеген – түбін білмейді» атты тілдер онкүндігін өткізу бойынша іс-шаралар жоспары.



Іс-шаралар

Сыныптар

Уақыты

Өтілетін орны

Жауаптылар

1

Мектепшілік салтанатты жиынында Тілдер күні мерекесінің ашылуы.

1-11

07.09.2016

Акт залы

ӘБ жетекшілері

2

Тақырыптық қабырға газеттерін шығару.

1-11

08.09.2016

2-ші қабат дәлізі

Сынып жетекшілері

3

Сауатты жазу сайысы.

5-11

09.09.2016

39 кабинет

Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі

4

«Тіл - достық пен келісімге апарар сара жол» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу.

1-11

10.09.2016

кабинеттер

Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері

5

«Тіл бірлігі - ел бірлігі» тақырыбында кітапханада көрме ұйымдастыру.

1-11

қыркүйек

кітапхана

Кітапханашы

6

Қазақстан халқы тілдеріндегі көркемсөз оқу сайысы.

5-9

13.09.2016

26 кабинет

Тіл мамандары

7

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты сыныптан тыс іс-шара.

9-11

14.09.2016

28 кабинет

Б.К.Досимова

8

«Інімнің сүйікті ісі» ашық сабақ.

4 «А»

15.09.2016

26 кабинет

А.А Рыспаев

9

«Сұраулы сөйлем» ашық сабақ .

8 «Б»

16.09.2016

26 кабинет

Д.Е.Бекишева

10

«Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір» атты фестиваль.

5-11

16.09.2016

Акт залы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестігі

11

«Сөз мерген» лингвистикалық сайысы.

5-6

17.09.2016

33 кабинет

Г.Б.Оспанова

12

«Тілін білмеген – түбін білмейді» атты тілдер онкүндігінің салтанатты жабылуы.

1-11

19.09.2016

Акт залы

ӘБ жетекшілері


Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні мерекесіне орай Бестөбе №2 орта мектебінде өткізілген «Тілін білмеген – түбін білмейді» атты онкүндіктің есебі.
Мақсаты: тілдер онкүндігіне орай өткізілетін іс-шаралар арқылы балалардың тілге деген сүйіспеншілігін ояту, өзге ұлт оқушыларын қазақ тілін қызығушылықпен оқуға, құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
2016 жылдың 07-19 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының Тілдер күніне байланысты Бестөбе №2 орта мектебінде іс-шаралар аталып өтілді.

07.09 күні 1-2 ауысым оқушыларына қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тілін білмеген – түбін білмейді» атты Тілдер апталығының салтанатты ашылуы жарияланып, әр қазақстандықтың жүрегін тебірентіп, бойымызды мақтаныш сезімге бөлентетін ҚР мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Мерекелік салтанатты жиынға пән мұғалімдері мен мектеп оқушылары қатысып, білім ордамыздың басшысы Сыздыков Төлеутай Жарұлы баршамызды Тілдер мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тақырыпқа сай өлең жолдары оқылып, тілдің ерекшілігі, қасиеттілігіне тоқталып өтілді және музыка пәнінің мұғалімі Д.А.Бектасова қасиетті ана тіліміз туралы әсем ән шырқады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет