13.09 күні 1-9 сынып аралығында Қазақстан халқы тілдеріндегі көркемсөз оқу сайысы өтті. Қатысушылар алдарына жан салмай, таңдаған өлеңдерін нақышына келтіріп, жатқа оқып берді. Поэзияға жандары жақын екенін көрсете білген оқушылар әділқазы алқасы мен ұстаздар тарапынан ерекше мадақтауға ие болды.
14.09 күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Б.К.Досимова қазақ тілінде оқытылатын 9-11 сынып оқушылары арасында «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты сыныптан тыс мәнді де сәнді іс-шара өткізді. Оқушылардың елге, жерге, тілге деген құрметін одан әрі дамытып, оларды құрметтей білуге үйретті.
Достарыңызбен бөлісу: |