Бестөбе №2 орта мектебі ҚР халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай өткізілген «Тілін білмеген – түбін білмейді»



бет12/19
Дата18.03.2017
өлшемі3,56 Mb.
#12010
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем

  • Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Сұраулы сөйлем және оның жасалу жолдары туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

  • Дамытушылық: Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға, көркем жаза білуге дағдыландыру.

  • Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, оған жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

  • Сабақтың типі: жаңа сабақ

  • Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

  • Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау жұмыстары, тіл дамыту

  • Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

  • Пәнаралық байланыс: әдебиет

  •  

  • Сабақтың барысы:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • -оқушылармен сәлемдесу;

  • -оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;

  • -оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.



  • Психологиялық дайындық



  • Үміт күтіп кейінгі ұрпақ-жастардан,

  • Сенім арту бабалардан басталған.

  • Қазақ тілін мойындату әлемге –

  • Жастар үшін болса екен басты арман!



  • ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: оқушылардан хабарлы сөйлемнің ережесін жатқа сұрау.



  • «Сұрақ менен – жауап сіздерден» үй жұмысын бекітуге арналған сұрақтар:

  • 1.Сөйлем аяқталған нені (ойды) білдіреді?
    2. Сөйлем неден (сөзден) құралады?
    3. Сөйлемдегі сөздер қалай (бөлек) жазылады?
    4. Сөйлемнің бірінші сөзі (бас әріппен басталып жазылады) ше?
    5. Сөйлемнің соңына не (нүкте) қойылады?
    6. Хабарлы сөйлемнен кейін (нүкте қойылады) ше?



  • Мұғалім сөзі: Жарайсыңдар, жақсы! Оқушылар, мен сендерге жаңа не қойдым? –Сұрақ

  • Сұрақты не үшін қоямыз? –Жауап алу үшін.

  • Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар? – Сұраулы

  • сөйлем.







  • ІІІ. Жаңа сабақ

  • Сұраулы сөйлем

  • Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді. 

  • Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ дейміз.

  • Мысалы: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар?

  •  

  • Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен (Қашан?Кім? Қанша? Қайда? Неге?Кімде? т.б.) және ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалады.



  • Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша ойға байланысты туған сұрақты жетек сұрақ дейміз.

  • Мысалы:

  • - Кеште кімдер өлең айтты?

  • - Ұлдар өлең айтты.

  • - Қыздар ше?



  • Жетек сұрақтар толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.



  • Екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты анықтауыш сұрақ дейміз.

  • Мысалы:

  • - Бұл кісілер  қай жердікі?

  • - Жетісудікі.

  • - Жетісудікі?

  • - Иә, Жетісудікі.



  • Анықтауыш сұрақ сұрау интонациясы арқылы жасалады. Сұраулы сөйлемдерден соң сұрау белгісі қойылады. Сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы онша бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен тынады.



  • ІҮ. Білімді бекіту

  • 19-жаттығу (35-бет). 1.Мәтінді оқып, тақырыбын өздерің қойыңдар (мәтінді бөлікке бөліп, оқушыларға оқытамын). 2.Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді тауып, қандай сұрақ екенін анықтаңдар.







  • 21-жаттығу (36-бет). 1.Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңдар. Ішінде негізгі сұрақ, жетекші сұрақ, анықтауыш сұрақтар болсын. 2.Сұрақтарыңа басқа қатар оқушылары жауап берсін.



  • 1-қатар: 1-2 абзац

  • 2-қатар: 3-4 абзац

  • 3-қатар: 5-6 абзац



  • Талдау жұмыстары:

  • 1-қатар: синтаксистік талдау.

  • Осы ғасырда біздің халықтың басынан өткерген қиямет-қасіреті мол.



  • 2-қатар: сөз тіркесіне талдау.

  • Қазақта «бақыт» деген ұғым бар.



  • 3-қатар: морфологиялық талдау.

  • Бақыттың кіндігі – Отан.







  • Терме диктант

  • Шығарма үзіндісінен сұраулы сөйлемдерді теріп жазып, жасалу жолын анықтау.



  • Мынау – өзен. Өзен бойындағы ел қайда? Күздігүні бұл өзенде ел отырмаушы ма еді?! Жиегінде жол жатыр ғой.. Маңайды жынұрғандай қылды ғой! Мал-жанында билік қалды ма?.. Талай қызы мен сияқты соры қайнады ғой!.. Бірақ тап мендей болған жоқ шығар. Қостарына әкелген әйел көрінбеді ғой. Әлде өлтіріп тастап жүрді ме?.. Орыс шіркін адамды аямайды екен-ау! Құрғырдың атын атамайыншы, тағы келіп қалар! Олар неғып қайтпайды? Әлде бірдеңеге ұшырады ма? Олар кіммен соғысып жүр екен? Әлде төңіректегі қазақтармен? Қой, қазақ бұлармен неғып соғыса алсын? Не қауқары бар?

  • Жүсіпбек Аймауытов



  • Сергіту сәті

  • «Білім және дәстүр сыны» бойынша 9 карточкалы плакат тақтада ілулі тұрады. 3 қатардан 3 оқушыдан шығып, қалтадан нөмірленген асықтарды таңдайды. Қай оқушыға қандай нөмірлі асық түссе, сол нөмірлі карточканы таңдап, ішіндегі жаңылтпашты жылдам оқып шығады.



  • 1-карточка: Сұр інген сүрінген бе?

  • Сүрінген сұр інген бе?

  • 2-карточка: Ғарышкер ұшты ғарышқа.

  • Ғарышқа ұшты ғарышкер.

  • Айтшы, ғарыш алыс па?

  • 3-карточка: Қыс қыспаса, қыс па?

  • Құс ұшпаса, құс па?

  • 4-карточка: Мұртынан күлуге жөн бе екен,

  • Сыртынан күлген жөн бе екен?

  • Сыртынан күлген өзге тең!

  • Мұртынан күлген оңды екен!

  • 5-карточка: Дөңгелектің бір аты –

  • «Доңғалақ па?»

  • Доңғалақтар

  • Шын-ақ,

  • Қолғанат па?

  • 6-карточка:  Кім сызғышсыз?

  • - Біз сызғышсызбыз.

  • - Сызғышсыздарға сызғышсыз сызғыш.

  • 7-карточка: Үш кіші ішік піштім,

  • Бес кіші ішік піштім,

  • Неше кіші ішік піштім?

  • 8-карточка: Шеше, шеше,

  • Неше кесе?

  • Сынды кеше?

  • 9-карточка: Көже пісті

  • Көжені неше кісі ішті?

  • Неше кесе ішті?



  • Ү. Сабақты қорытындылау.

  • Шығармашылық тапсырма:

  • 1-қатар: сұраулы сөйлемнен тұратын әдеби шығармаларды;

  • 2-қатар: сұраулы сөйлемнен тұратын әндерді;

  • 3-қатар: сұраулы сөйлемнен тұратын сахналық көріністер мен кинофильмдерді еске түсіріп, жазу.



  • Жұмбақ шешу:

  • 1.Өзім сөзден тұрамын.

  • Біткен ойды құрамын.

  • Сөйлем

  • 2.Қоя салсаң бір тары,

  • Жаңалықты айтамын.

  • Хабарлы сөйлем

  • 3.Ойды аяқтап орақ тұрады,

  • Жауап сөзді қалап тұрады.

  • Сұраулы сөйлем



  • ҮІ. Үй тапсырмасы: 22-жаттығу (37-38б.). 1.Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолын анықтаңдар. 2.Қазақ халқына тән дүниетанымды атаңдар.



  • ҮІІ. Бағалау

  • Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды әділ бағалау.







  • Бестөбе №2 орта мектебі













  • «Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір» атты фестиваль

  • (5-8 сынып оқушыларына арналған)

















  • Өткізген:қазақ тілі мен әдебиеті

  • пәнінің мұғалімдері











  • 2016-2017 оқу жылы



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет