17.09 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Б.Оспанова 5-6 сынып оқушыларының арасында «Сөз мерген» лингвистикалық сайысын өткізді. Бұл сайыста әр оқушы көшбасшылық танытып, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады. Пән мұғалімі жан-жақты танымдық тапсырмалар дайындағандықтан, оқушылар қызыға белсене ат салысты.
Сайыс соңында әділқазы алқасы топ жарып шыққан жеңімпаз қатысушыны анықтап, мақтау грамотасымен мадақтады. Сайысқа қатысқан басқа оқушылар да шағын сыйлықтарға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |