Әрекет үстіндегі құмды қолдану
Математика сабақтарында төмендегіндей жаттығуларды қолданылады:
1.«Өлше де сана». Балалар қасыкпен құмды өлшейді және санын санайды.
2.«Түрлі өлшемдермен өлше». Бірдей мөлшердегі құмды балалар түрлі белгілері бар қасықтармен өлшеп салыстырылады және санын санайды.
Сурет сабақтарында келесі сабақ түрлерін қолданылады:
1. «Құммен сурет салуды үйренеміз». Осы сабақты балалармен бастапқы кезеңде әрқайсысымен жекелеп өткіземіз. Бір заттың бейнесін саламыз немесе көшірме қағаз арқылы бейнелейміз. Суреттің ортасына жіңішке қылқаламмен желім жағып үстіне құм себеміз, 1-2 минуттан соң артық құмды алып тастаймыз да, қайта өз ыдысына қалдық құмды саламыз.
2. «Суретті құммен саламыз». Сабаққа түрлі түсті гуашпен боялған және түрлі табиғи реңкі бар құмдарды қолданамыз. Түрлі түсті құмды біртіндеп желіммен әр түсті жеке алып отырып суретті шығарамыз.
3. «Бауырсақ және түрлі безендірілген қуыршақтар» дымқыл құмнан мүсіндеу.
Құм ойындары
Қыстың суық күндерін де сыртқа шығу мүмкін болмаған жағдайда балалармен құммен ойнайтын түрлі ойындар ұйымдастырылады.Ойын түрлері:
Достарыңызбен бөлісу: |