Құм терапиясының маңызы: Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын дамиды.
Құм терапиясының мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Құм терапиясын қолданудың әдіс — тәсілдері:
Әңгімелесу
Түрлі – түсті құммен сурет салу
Танымдық ойындар
Коммуникативтік ойындар
Пікірталастар
Құмдағы ойындардың негізгі принциптері:
1. Шығармашылық белсенділік таныта отырып, бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезінетін табиғи ынталандыратын орта жасау.
Бұл үшін біз баланың мүмкіншіліктеріне сәйкес келетін тапсырмаларды таңдаймыз; ертегі түріндегі ойындарға нұсқаулық құрамыз, оның нәтижесін, идеялары мен әрекетін жағымсыз бағалауға жол бермейміз.
2. Ертегі ойындарының кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнау, шынайы «бірге тұру».
Осы принциптің негізінде қиялдағыдан шынайылыққа және керісінше өзара ауысу жүзеге асырылады. Мысалы, Ханшайымның құтқарушысы ролінде болып, бала жағдайдан шығатын жолды ұсынады, сонымен бірге оны құмда шағын фигуралардың көмегімен шынайы ойнайды. Сонымен, ол өзінің ісі мен таңдаған жолының дұрыстығы не қателігіне көз жеткізеді.
Құм – өте ұсақ ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенің сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.
Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.
Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да мен құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолданып отырамын. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |