Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы: «География, жерге орналастыру және кадастр»
СӨЖ
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының көші-қон мәселелері»
Орындаған: Сәкенқызы А
Қабылдаған: Акашова А
Алматы
Бүгінгі Қазақстан үшін ең маңызды қос мәселе - Көші-қон мен демографиялық өсім екені түсінікті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты да аталған мәселені оңтйлы шешуге қарата бағытталып отырғаны жайлы жазып келеміз.
Қазақ халқы небір алмағайып күндерді бастан кешті. Десе де, халқымыз «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бүгінгідей бақытты, бейбіт күнді ешқашан көрмеген болар. Бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған байтақ даласы бізге қалай мирас болса, осы ел мен жердің тәлейіне туған Нұрсұлтан Назарбаев алыстағы ағайынды Отан құшағына оралтып, қазақ тарихында алтын парақтар ашты.
1999 жылғы санақ жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады.
Әдетте қазақтардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың қалалықтарға айналу қарқыны жоғары.
Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша, әрбір үшінші қазақ шет елдерге тұрады. Алыс және жақын шетелдердегі жалпы қазақтың саны 6 млн 100 мың адам.
Қазақтардың 2000 жылдың басындағы барлық саны:
Қазақстанның өзінде 8 млн 590 мың. Бұрынғы посткеңестік, қазіргі дербес республикаларда 3 млн 837 мың.
Шалғай шетелдерде 2 млн 263 мың. Ал 1999 жылдың аяғы мен 2001 жылдың басындағы өтпелі Маргиналдар мен метистері қосқанда исі қазақ саны 15 млн-ға толады. Соның 12,5 млн таза қазақтар қалғандары ұлттық менталисті анықталмаған ділі шала қазақтар.
Олардың орналасуы бойында санын көрсетсек: Алыс шетелдерде және жақын шет елдердегі қазақтар:
Өзбекстанда 2560 мың
Ресейде 1000 мың
Түркіменстанда 140 мың
Қырғыстанда 95 мың
Украйнада 15 мың
Белоруссияда 5 мың
Азербайжанда 4 мың
Грузияда 3 мың
Молавада 3 мың
Прибалтикада 2,5 мың.
Қытайда 2000 мың
Монғолияда 100 мың
Ауғанстанда 30 мың
Түркияда 25 мың
АҚШ-та 14 мың
Иранда 10 мың
Алманияда 9 мың
Канадада 7 мың
Францияда 9 мың
Иракта 5 мың
Елдің демографиялық дағдарыстан шығуы үшін көші–қоны үрдістерін реттеу қажет. Қазіргі кезде мемлекеттің əлеуметтік жəне экономикалық дамуы мен ұлттық қауіпсіздік мүдделері көші– қонды реттеуде жаңа жолдарды талап етіп отыр. Мемлекетімізде байырғы кезде əр түрлі себептермен көшіп кеткен шетелдердегі қазақтардың еліне қайта оралуына жағдайлар жасалуда. Мемлекет əр жылы оралмандарды қабылдауда квоталар белгілейді. Елімізде заңсыз көшіп келушілер мен босқындар саны өсуде. Халықтың өсіп-өнуі оның өзгеруі, туылым, өлім, көші-қоны көрсеткіштерін дамуын қамтиды. Соңғы кездері біздің ел үшін адамдардың шекара арқылы қоныс аударуы, өздерінің тұрғылықты жерлерін ауыстыруы маңызды мəселе болды.
Көші-қонын адамдардың тіршілік ету ортасын өзгерту нысаны деп қарауға болады. Көші-қон дегеніміз тұрғылықты өзгерту не оған қайтадан қайтып келу мақсатында адамдардың шекара арқылы белгілі бір аумақ арқылы қозғалысы болып табылады.
1997 жылғы 13 желтоқсандағы «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес: «көші-қон – жеке тұлғалардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мəжбүрлі қоныс ауыстыруы» - деп түсініледі.
Иммиграция- елге тұрақты тұру үшін көшіп келу
Эмиграция- тұрақты тұруға елден кету
Реэмиграция- эмигранттардың елге қайта оралуы
Қазақстанның тарихи дамуы кезеңдерінде түрлі себептерімен басқа мемлекеттерге қоныс аударған қазақтардың өз отанына қайтадан оралуы репатриация процесі деп аталады.халықтардың өз отанына келуін "нұрлы көш" бағдарламасы жүзеге асырады. «нұрлы көш» бағдарламасының негізгі мақсаты - шетелдердегі қандастарымызды және еліміздің оңтүстік өңірінен солтүстік өңіріне қазақтарды ұтымды қоныстандыру. «нұрлы көш» бағдарламасы аясында мемлекет ел тұрғындарын халқы тығыз, еңбек күші мол оңтүстік облыстардан республикамыздың солтүстік өңірлеріне көшіру саясатын қолға алды. отанына оралған қандастарды да солтүстік аймаққа орналастыру шарасы жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |