Жалпы сипаттама Бұл – оқушылар арасында нақты ақпараттың ауқымды көлемін таратудың балама
тәсілі. Мұғалім дәріс оқығанның немесе айтып түсіндіргеннің орнына, оқушылар тақырыпқа
қатысты ақпаратты өздерінің құрбыларымен бөліседі. Ақпаратты тарату бойынша басқа да
пайдалы ойын үшін
«Кластерлерді» қараңыз.
Сыныпты жоспарлау Жүріп-тұру және әңгімелесу ыңғайлы болуы үшін ашық кеңістік қажет. Немесе төрт
адамнан тұратын топта оқушылар партада отырады, екі оқушы белгілі бір уақыт өткеннен
кейін тобын ауыстыра алады.
Жұмыс алгоритмі 1. Белгілі бір факт немесе статистикалық деректері бар қағаз парағы әрбір оқушыға
таратылады. Мүмкіндігінше әрбір оқушы үшін әртүрлі тұжырым болғаны жақсы.
2. Оның тұжырымның мағынасын түсінетіндігін анықтау мақсатында, оқушылар
өздерінің тұжырымдарын оқиды.
3. Оқушылар сынып ішінде жүріп, өздерінің тұжырымдарын басқа оқушылармен
бөліседі. Оның мақсаты өзінің фактісін барынша көп адамға түсіндіру болып табылады.
4. Оқушылар мысал келтіре отырып, өз түсініктемелерін толықтыра алады. Егер
қисыны келсе, олар өз тұжырымдарын басқа оқушылардың тұжырымдарымен
байланыстыруға тиіс.
5. Фактілермен алмасуға арналған уақыт аяқтағаннан кейін, оқушылар тапсырманы
орындау барысында алынған ақпаратты жүйелеу үшін шағын топтарда жұмыс істейді.
6. Кейіннен
жауап алу жүргізілген кезде оқушылар өздерінің санаттау жүйесін
түсіндіреді және дәйектейді.
7. Олар
сонымен қатар әртүрлі фактілерге/деректерге қатысты өздерінің
реакциясымен бөлісуі мүмкін. Оларды не таң қалдырды? Оларды не абыржытты? Қандай да
бір тұжырым оларды мұңға батырды ма немесе бақытты етті ме? Немесе қандай тұжырым
оларды қызықтырды?
8. Оқушылар өзінің жеке оқуы туралы ойлануы мүмкін. Олар қандай ақпаратты есте
жеңіл сақтайды? Олар үшін ең маңыздысы не?
9. Барлық сауалдар бойынша басты тұжырымдарды тақтаға немесе оқу плакатына
жазып қоюға болады.