19
БІР МИНУТ
Қалыптастырылатын дағдылар:
ақпаратты басқару;
өзін өзі басқару;
ойлау.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушыларда оқылған материалдан түйінді, басты
ақпаратты іріктей білу
дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді тыңдау дағдысын дамытады.
Аталған әдісті
«Ыстық орындық»
тапсырмасымен байланыстыруға болады.
Сыныпты жоспарлау
Топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Сондай-ақ барынша жайлы қарым-
қатынасты қамтамасыз ету мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың
ортасына қоюға болады.
Жұмыс алгоритмі
1. Оқушылар тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты атап
көрсетеді. Оқушыларға рөлді топта немесе жеке зерттеуіне болады.
2. Оқуға берілген уақыттан кейін оқушылар «ыстық»
орындыққа отырып, бір
минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын ұсынады.
3. Басқа оқушылар мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық» орындықтағы
баланың тақырыптан ауытқығанын
немесе қайталанғанын, күмәнді деректер келтіргенін
аңғарса, олар наразылық білдіре алады.
Мұндай жағдай орын алса, уақыт тоқтатылады.
4. Мұғалім наразылықтың дұрыс/бұрыстығын шешіп, өз шешімін дәйектеуі қажет.
5. Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы оқушы ойыннан
шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан оқушы ұпай алады.
6. Егер де наразылықтан бас тартылса, онда оқушы басқа
наразылық білдірілгенше
дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады. Егер оқушы 1 минут бойынша
«ыстық» орындықта отыра алса, ұпай алады.
7. Қосымша тапсырма ретінде оқушылармен «
Достарыңызбен бөлісу: