Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



Pdf көрінісі
бет33/250
Дата28.11.2022
өлшемі5,73 Mb.
#160138
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   250
Байланысты:
методы обучения Дадли

Сыныпты жоспарлау 
Орындықтарды шеңбер етіп қойыңыздар, (егер қажет болса) сөйлеушіні білдіретін бір 
зат алыңыз (мысалы, доп). Бөлме ішінде оқушыларға арналған ынталандыру материалдарын 
орналастырыңыз.
Жұмыс алгоритмі
Мұғалім тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіреді. Оқушыларға ынталандыру 
материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге 
оралғанда, тақырыпқа/пәнге қатысты жауап алғылары келетін сұрақтарды ойластыру үшін, 
оларға бір-екі минут беріледі. Сұрақтарын құрастырып болған соң, оқушылар пікір алмасып, 
талқыланатын мәселеге қатысты бір тоқтамға келу үшін дауыс береді. Мұғалім сұрақтарды 
дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз 
ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, үйлестіруші ретінде қатысады. 


36 
ТЫҢДАП ОТЫРҒАН ҮШТІК 
Мақсаты

Ақпарат алу, терминдерді түсінуді дамыту, алынған ақпаратты өңдеу және талдау 
дағдыларын, бақылаушы рөлі арқылы өзінің іс-әрекеттеріне талдау жасау дағдыларын 
дамытуға бағытталған тәсіл. 
 
Сыныпты жоспарлау 
Оқушылар үшеуден отырады, екеуі бірге, ал біреуі олардың қарсысында сәл алшақта 
– сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды.
Жұмыс алгоритмі 
Оқушылар үш адамнан тұратын топта жұмыс істейді. Топтағы бір оқушы – шешен, 
біреуі – тілші және үшіншісі – хатшы рөлін атқарады. Шешен бір нәрсені айтады, сұрақты 
түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме 
беруді сұрайды. Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. 
Келесі жолы оқушылар рөлдерімен ауысады. 
 
 


37 
ЕЛШІЛЕР 
Мақсаты 
Белсенді тыңдау, шешендік өнер және сөйлеу мәнері, бөлу және өзара байланыс құру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет