87
• оқушыларға өздерінің жұмыстарын және басқалардың жұмыстарын қалай бағалау
керектігін үйретуге;
• сабақтарда өзара және өзін өзі бағалауды өткізу шараларын жоспарлауға;
• әрбір тапсырманы оқыту мақсаттарын және одан күтілетін
нәтижелерді
түсіндіруге;
• оқушыларға олардың
алдағы қадамдарын
анықтауға көмектесуге;
• оқушылардың
өз оқуына қатысты
өзіндік талдау жүргізуін
жүйелі түрде
ынталандыруға;
• оқушыларға бағалау жүргізуге мүмкіндік беру үшін уақыт пен оны жүргізу
жолдарын жоспарлауға тиіс.
Ауызша кері байланыс
Кері байланыс үш бағытта жүреді:
•
Мұғалімнен оқушыға
– мұғалім оқушыларға ағымдағы жетістіктерге және алдағы
қадамдарға қатысты ақпарат береді;
•
Оқушыдан мұғалімге
– мұғалім оқушылардан өздерінің оқуына қатысты
түсініктемелер алады;
•
Оқушыдан оқушыға
– өзара бағалау барысында.
Аталған
бағыттардың барлығы маңызды, қажетті және бір-бірімен өте тығыз
байланысқан. Ауызша кері байланыс ұсынған кезде мұғалім
алдағы уақытта оқушылар
өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастыруға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: