Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



Pdf көрінісі
бет27/250
Дата28.11.2022
өлшемі5,73 Mb.
#160138
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   250
Байланысты:
методы обучения Дадли

 
 


29 
КӘМТ 
(Күш, Әлсіздік, Мүмкіндік, Тәуекел)
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

басқалармен жұмыс; 

ойлау, шешім қабылдау;

проблемаларды шешу. 
 
Жалпы сипаттама 
Бұл әдіс оқушыларға мәселенің барлық аспектілерін зерттеуге мүмкіндік береді. Ол 
болашақта бастама жасау үшін іс-әрекет жоспарын дайындау барысында пайдаланылуы 
мүмкін. Ол сонымен қатар бұған дейін не істелгенін және болашақ салдарын назарға алу 
үшін топты немесе оқиғаны бағалауға арналған тәжірибелік құрал бола алады.
Сыныпты жоспарлау 
Бұл тапсырманы әртүрлі тәсілдермен орындауға болады. Ақпарат жинау үшін 
қағаз 
конвейерді 
пайдалануға болады, бұл жағдайда мұғалім топтардың парталар арасында жүріп-
тұруы ыңғайлы болуын ойластыру керек. Немесе топтар өз орындарында қалып
проблемаларды қарастыру үшін төменде қоса берілген шаблонды пайдалана алады. 
Жұмыс алгоритмі 
1. Мұғалімнің оқушылармен КӘМТ мағынасын талқылап, әрбір термин жеке алғанда нені 
білдіретінін, әсіресе «күш», «мүмкіндік», «әлсіздік» және «тәуекел» арасындағы 
айырмашылықтарды түсіндіргені жөн. «Мүмкіндіктер» және «тәуекелдер» болашақта 
туындауы мүмкін болжалды салдарларға шоғырлануы тиіс, ал «күш» пен «әлсіздік» бұған 
дейін болғанды зерттеу негізіндегі мәселенің оң және кері аспектілерінің тізімін құруды 
қамтиды. 
2. Оқушыларға талқылап, баға беруге арналған ақпарат беріледі. Идеялар тиісті 
тақырыпшалармен беріледі (К-Ә-М-Т).
3. Мұғалім бір тақырыпшаға тоқталып, оны талқылап болған соң ғана келесі тақырыпшаға 
көшеді. Мысалы, оқушыларға «мүмкіндікке» көшпес бұрын, «күшті» зерттеуге уақыт 
беріледі.
4. Кері байланыс кезінде мұғалім мына сұрақтарды қоя алады: Не жақсы? Не жаман? Қазір 
не болуы мүмкін? Болашақта алға ілгерілеуге не кедергі жасауы мүмкін?
5. Командалық жұмыс бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет