2
Кіріспе
Бүгінгі күні біздің қоғамға
проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын,
сындарлы
ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын және командада,
топтарда
тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті және бастамашылық қабілеті бар жастар қажет.
Күрделілігі күн
сайын артып, өзгеріп және тез жетіліп келе жатқан, біз өмір сүріп
жатқан
әлемде «Білімнің болуы» бүгінгі күні жеткілікті емес. Адамдардың өмір бойы білім алуын
оңтайландыру үшін жастардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, оларға жан-жақты білім
беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін сіңіру қажет екені сөзсіз.
Осы әдістемелік құрал оған енгізілген әдістермен
шектеліп қалмауға тиіс, ол
мұғалімдер өздерінің күнделікті педагогикалық қызметіне енгізгісі келетін әртүрлі әдістер
туралы оларға тәжірибелік кеңес беру үшін құрылған. Бұл жинақ мұғалімдер үшін жоспарлау
барысында, оқушылар мен мұғалімдерге арналған ынталандырушы, байытушы, батыл және
шоғырландырушы ортаны құруда пайдалы құрал болады деп күтіледі.
Сондай-ақ бұл оқу-әдістемелік құралда жинақталған әдістер мен тәсілдер мұғалімдер
жүргізіп отырған тәжірибелік жұмыстың нәтижесі ретінде алдағы
уақытта оқыту және оқу
мәнмәтініне сәйкес пайдаланылады және әзірленеді деп болжанумен қатар, бұл
мұғалімдердің көшбасшылығын нығайту әдісі болып табылады.
Белсенді
оқыту мен оқу әдістерін таңдау, пайдалану және әзірлеу – оңай жұмыс емес,
өйткені мұғалімдерде қандай да бір тәсілді қолданардың
алдында көптеген сұрақтар
туындайды, мысалы:
Осы сабақ білім алушылардың
жасына
сәйкес келе ме?
Сыныпта қандай балалар жиналған, мысалы, қабілеттерінің деңгейлері әртүрлі, саны,
жынысы және т.б.
Жекелеген оқушыларда жоспарлау барысында ескерілуі
тиіс белгілі бір мұқтаждық,
өзіндік мән-жайлар бар ма?
Белсенді оқыту мен оқудың белгілі бір әдісін пайдаланардың алдында мұғалімдер
өздеріне әртүрлі сұрақтар қойып, өзінің үдерістегі рөлі мен іс-қимылын ұдайы ойластырып
отыруы керек.