Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады



Дата02.05.2020
өлшемі15,82 Kb.
#65519
түріСабақ
Байланысты:
багалау


Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Бағалаудың жаңаша түрлеріне тоқтала кетсек: Өзін-өзі бағалау; Топтық бағалау; Критериалды бағалау; «Бағдаршам» бағалауы;

Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі,өзара бағалаудың (және өзін- өзі бағалаудың) маңызы зор. Ондағы мақсат-оқушыларға өз жұмысының сапасын көтеруге қызықтыру және оларға оны жақсартудың мүмкіндігін талдауға көмектесу. Нәтижесінде,бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетпек,себебі оқушылар оқыту үдерісі үшін тек мұғалім ғана жауапты емес екендігін түсінеді Өзін-өзі бағалау.

Топтық бағалау: Оқушылар топтарда бірлесіп жұмыс атқарған жағдайда әр топтың жекелеген мүшелері өз үлестерін қосуда үлкен жауапкершілік сезініп, сабақ барысындағы білімді игеруде айтарлықтай жетістіктер жасайды. Оқушылардың таразылау, қорытындылау, шешім қабылдау сияқты маңызды дағдыларын қалыптастырудың ең оңтайлы әдісі. Бұл әдісте барлық 3 топтың да оқушылары бағаланады. Сабақтың жоспарланған іс-әрекеттер барысында ұсынылатын тапсырмаларды ретімен жауап берген немесе өз тобы үшін үлес қосқан, жұмыстарын сәтті қорғаған оқушылар өз тобының тұсынан есімдері жазылған стикерлердің ілінуі арқылы бағаланады. Нәтижесінде әр топ мүшелері батыл белсенділікпен жылдам ойлауға, дұрыс анықтамалар мен деректер келтіруге, өз тобындағы үлгерімі төмендеу оқушылардың жауап беруіне топ белсенділерінің араласуына, бір-біріне жан аямай көмек көрсетеді.Сондай-ақ бұл бағалау түрінде барлық сынып оқушылары сабаққа түгел қатысады, әрі түгел бағаланып, ынтымақтастықпен өз жауапкершіліктерін сезінеді.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау және өзара бағалау үдерістерінің дамуына ықпал ету мақсатында сабақта критериалды бағалауды табысты қолдану. Топ бағалаушысы өз тобының мүшелерін парақшаға толық түсіреді. Содан сабақ барысындағы берген жауаптарын 4 түрлі критерийлер арқылы 5 балдық жүйемен белгілейді. Төменде көрсетілген критериалды бағалаудың критерийлері:

-топтық жұмыстағы белсенділігі;

-оқушының ізденісі;

-сұраймыз-жауап береміз;

-өз жұмысын қорғауы.



Осы критерийлердің жалпы балын есептеп, жиынтық бағаны белгілеу – топ ішіндегі жұмыстың жан-жақты өрбуіне, ізденуіне және әрқайсысының жеке пікірін тыңдағанда бір-біріне құрметпен қарағандықтары байқалды. Критериалды бағалау

Оқыту үшін бағалауда бағдаршам сигналдарын пайдалану – тиімді стратегия болып табылады. Мұнда белгілі бір тапсырмаларды орындау барысында оқушының өз жұмыстарын бағалауда білімді «Мен қалай орындадым?» деген сауал төңірегінде ізденеді. Мәселен, егер оқушы ұсынылған тапсырманың материалын түсінгендігі мен жақсы орындағанын ұғынса, онда олар жасыл индикаторды пайдаланады. Егер олар берген білімдеріне сенімсіздік танытса, онда сары түсті пайдаланады. Ал, мүлдем түсінбеген болса, онда өзіне көмек керектігін білдіретін қызыл индикаторды пайдаланады. Бұл стратегияның идеясы – «бағдаршамның» түстері арқылы оқушының өз біліміне қатысты сенімділік көрсету. Бұл қарапайым әдіс болса да оқушы жұмысын бағалауда өте маңызды рөл атқарады, нақты айтар болсам, парақшада белгілі болған қызыл немесе сары түстерден оқушының жасыл түске ауысуы үшін не істеу қажет екендігін ойланғандығы. Жасыл индикатор көрсеткен оқушылар сары түсті пайдаланғандарға көмектесулеріне, сондай-ақ олар қызыл түсті пайдаланған оқушылармен уақытша болса да мұғалім кейпіне кіріп жұмыс жүргізулері - олардың көшбасшылық қасиеттері де ашылады «Бағдаршам» бағалауы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет