Бүгінгі студент ертеңгі маман


Мұғалімдері қандай болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды



бет5/9
Дата24.11.2023
өлшемі39,17 Kb.
#193349
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Болашақ педагог психологтардың кәсіби құзіреттілігінің негіздері

Мұғалімдері қандай болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекеттер ғана алға озып шыққан. Мұғалімнің рөлін төмендету қашанда болмасын мемлекетті аздырып, әдет – ғұрыптарды нашарлататын қынжылтарлық жағдайлармен аяқталып отырған.
Алғашқы талап педагогикалық қабілеттіліктің болуы оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен; балаларға сүйіспеншіліктен; олармен қарым – қатынаста қанағаттанудан кернетін тұлғалық сапа. Мәселен, В.А. Сластенин қабілеттердің мынадай негізгі топтарын бөліп көрсеткен:

  1. Ұйымдастырушы: мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру, міндеттерін бөліп беру, жұмысты жоспарлау, атқарылған істің қорытындысын шығару және т.б. біліктерінен байқалады.

  2. Дидактикалық: оқу материалын көрнекілік, құрал – жабдықтарды іріктеу және дайындау; оқу материалын ұғынықты, анық, мәнерлі, сенімді және бірізділікпен баяндау; танымдық қызығушылықтар мен рухани қажеттіліктердің дамуын ынталандыру, оқу танымдық белсенділігін арттыру және т.б.

  3. Рецептивтік: тәрбиеленушілерін рухани әлеміне ене алу, олардың эмоциональдық көңіл – күйін объективті бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктерінде көрініс береді.

  4. Коммуникативтік: мұғалімнің оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық мақсатқа сәйкес қарым – қатынастар орната алу білігінен байқалады

  5. Суггестивтік: оқушыларға эмоциональды – еріктік ықпал жасаудан корінеді.

  6. Зерттеуіштік: педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып білу және объективті бағалау білігінен көрініс береді.

  7. Ғылыми – танымдық: мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне саяды. Педагогикалық кабинеттерді (талант, икемділік, бейімділік) педагогикалық алғышарты деп есептеуге тура келеді, алайда олар тіпті де шешуші кәсіби сапа емес. Мұғалім ол қашанда ұлы еңбеккер. Гуманизм бұл мұғалім үшін міндетті сапа, яғни, өсіп жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылық, ретінде қарым – қатынас жасау, бүл қарыш – қатынасты ол нақты істер мен қылықтарында көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет