Бүгінгі заман талабы не?


К білім беру дегеніміз не, ол біздің баламызға не үшін керек және осы жүйемен қайда білім алуға болады деген сұрақтарға жауап іздеп көрсек



бет2/9
Дата18.01.2022
өлшемі22,47 Kb.
#129461
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Кенжебекова НургулМухитовна БҚО; А.Тихоненко ат.ЖОББМ

4К білім беру дегеніміз не, ол біздің баламызға не үшін керек және осы жүйемен қайда білім алуға болады деген сұрақтарға жауап іздеп көрсек.

Оқу және жаңашылдық дағдылары – ол балалардың зейінін шығармашылыққа, қарым-қатынасқа, сыни ойлау мен ынтымақтастыққа бағыттайтын дағдылар (Griffin, P., McGaw, B. andCare, E., 2012). Балаларымызды болашаққа дайындауда шығармашылық, сыни ойлау, қарым-қатынас және бірлесіп әрекет ету мәселелеріне назар аудартатын дағдылар:



  1. Criticalthinking (сыни ойлау).

  2. Communication (қарым-қатынас).

  3. Creativity (креативтілік).

  4. Collaboration (командалық жұмыс).

Көптеген зерттеушілер осы дағдыларға қызығушылықты да қосады, бірақ олар дағды емес, сапа, яғни адамның жеке қасиеті болып табылады.

Әрбір педагог тырысу керек балаларды дағдыландыруға:

- өз бетімен, жұпта/топта, жоғарытехнологиялық кеңістіктік ортада ойнауға қабілетті болуды;

- педагогтермен және басқа балалармен өзара әрекеттестікке қабілетті болуды;

- икемді және креативті ойлауға қабілетті болуды.

Сыни ойлау

Сыни ойлауды дамыту үшін балаларға зияткерлік ойындар (мысалы, басқатырғыштар және жұмбақтар), топта пікір-таластарды өткізу және түрлі проблемалық жағдаяттарды талқылау пайдалы. Сыни ойлауды меңгерген бала икемді, жоспарлау мен сезінуге, ымыралық шешімдерді іздеуге дайын болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет