Бидайбеков Е


Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі педагогикалық ғылымның жаңа саласы және информатика мұғалімін дайындайтын оқу пәні



бет22/87
Дата15.01.2023
өлшемі1,9 Mb.
#165576
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   87
Байланысты:
treatise13514

2.3 Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі педагогикалық ғылымның жаңа саласы және информатика мұғалімін дайындайтын оқу пәні

1985 жылы орта мектепке жалпы бiлiм беретiн «Информатика және есептеуіш техника негіздерін» жеке пән ретiнде енгізу объектiсi информатиканы оқыту болып табылатын педагогикалық ғылымның жаңа саласының қалыптасуына жол ашты. Ғылыми мамандықтардың ресми жіктелуі бойынша, оған қоғам қойған мақсаттарға сай дамуының қазіргі кезеңiнде информатиканы оқыту заңдылықтарын зерттейтiн педагогиканың бұл саласы «Информатиканы оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен әдiстемесi» (бiлiм беру деңгейлерi бойынша) деген атауға ие болды. Тіпті, ғылыми бағыттың қиын оқылатын түсіндірмесінен көрініп тұргандай, классификатор жолы педагогикалық ғылымның осы саласының мейлiнше тұтастық пен толықтыққа айқын ұмтылатындығын көрсетеді. Келтірілген тұжырымдамадан, информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясына, ол қай жерде, қандай деңгейлерде: мектепке дейінгі, мектептегі кезеңде, барлық орта білім беру орындарында, жоғары оқу орындарында, информатиканы өз бетімен оқуда және қашықтықтан оқыту түрлерінде және т.б. жүргізілмесін, барлық жерде информатиканы оқыту үдерісін зерттеуді жатқызу керек екендігі шығады. Осы айтылған салалар қазіргі кезде заманауи педагогикалық ғылымның алдында өзіне тән ерекше проблемаларын қойып отыр. Бізді, бұл жағдайда, бірінші кезекте информатиканы оқыту әдістемесінің информатиканы оқытуды орта мектепте жалпы білім беретін информатика пәні шеңберінде қарастырылатын саласы қызықтырады.


Информатиканың әдістемесінде берілген анықтамадағы информатиканы ғылым ретінде оқытуда бұл ғылыми саланың дайын күйде бар екендігін білдірмейтіндігі байқалады. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі бүгінгі таңда қарқынды даму үстінде. Мектеп информатикасының енгеніне бірнеше ондаған жылдар болса да, көптеген мәселелер жаңа педагогикалық ғылымда жақында ғана пайда болып, терең теориялық негізге ие болып, ұзақ тәжірибелік тексеруден өтіп үлгермеуде.
Оқытудың ортақ мақсаттарына сай информатиканы оқыту әдістемесінің алдында мына негізгі міндеттер тұр: информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын, сонымен бірге сәйкес жалпы білім беретін пәннің мазмұны мен орнын орта мектептің оқу жоспарына сәйкес анықтап, мектепке, пән мұғаліміне мақсатқа жетуге бағытталған ұтымды әдістер мен оқытудың ұйымдастыру формаларын жасап, ұсыну; информатиканы оқыту құралдарының бар жиынтығын (оқу құралдары, программалық құралдар, техникалық құралдар және т.б.) қарастырып, мұғалім жұмысы тәжірибесінде оларды қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар жасау.
Басқа сөзбен айтсақ, информатиканы оқыту әдістемесінің алдында басқа мектеп пәндерінің әдістемесі сияқты, дәстүрлі негізгі үш сұрақ тұрады:

  • информатиканы не үшін оқытамыз?

  • ненi оқытамыз?

  • информатиканы қалай оқытамыз?

Информатиканы оқыту әдістемесі – жаңа ғылым, бірақ ол құр жерден қалыптасып жатқан жоқ. Жалпы кибернетикалық білім берудің мақсаты мен мазмұнын алдыңғы қатарлы, iргелi дидактикалық зерттеулер, информатика пәнін енгізгенге дейін отандық мектептерде жинақталған оқушыларды кибернетика элементтеріне оқытудағы практикалық тәжірибелер, алгоритмдеу, программалау, логика элементтері, есептеуіш және дискретті математика, информатиканы оқытудағы жалпы білім беретін негізгі мәселелерді қайта өңдеу жалпы жарты ғасырлық тарихты қамтиды. Информатика әдістемесі педагогикалық ғылымның iргелi бөлімі ретінде өз дамуында философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға, сонымен бірге орта мектептің кең көлемді практикалық тәжірибесіне сүйенеді.
Информатиканы оқыту әдістемесіне біріктірілген әдістемелік–педагогикалық білім мен тәжірибелердің барлық жиынтықтарынан, “Информатика” мамандығына мұғалімдерді дайындайтын білім беру бағдарламасына енетін жоғарғы кәсiптiк білім берудің Мемлекеттік стандартына сай «Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» оқу пәні ерекше орынға ие болады [5]. «Информатиканы оқыту әдістемесі» оқу курсы ең алғаш педагогикалық жоғарғы оқу орындардың оқу жоспарына 1985 жылы физика-математика факультеттерінің құрамында «Информатика» қосымша мамандығы бойынша мұғалімдерді дайындауды ұйымдастыруға байланысты енгізілді [24]. Сонан соң осы курс бойынша оқу құралы пайда болды [17]. 1993 жылы бірінші рет негізгі мамандығы «Информатика» мұғалімі болатын талапкерлер қабылданды (Омбы пед. университеті [16]). 1995 жылдан бастап “Информатика” мамандығы бойынша жоғарғы педагогикалық білім берудің Мемлекеттік стандарты іске асырылуда. Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарында да информатикадан «негізгі» мұғалімдерді дайындау кең дами бастады. Бұған қарамастан, болашақ информатика мұғалімдерінің ұзақ мерзім ішіндегі әдістемелік дайындығының мазмұны – оның кәсiптiк дайындығындағы әлсіз бөлігі [15] екендігі байқалып, дұрыс сынға алынды. Ұзақ уақытқа дейін кафедралар мен студенттерге негізінен мерзімді басылымдарды пайдалануға тура келгеніне қарамастан, қазіргі кезде информатиканы оқыту әдістемесі бойынша оқулықтар біртіндеп шыға бастады. Болашақ информатика мұғалімдерінің әдістемелік дайындығына ресми бағдар ретінде сол кезде ұсынылған оқу бағдарламаларын жатқызуға болады [32]. Бұл оқу пәнінің мазмұны информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негізін, негізгі программалық–техникалық құралдардың жиынтығын, сонымен қатар, мектеп информатика курсының нақты тақырыптарын оқып-үйренудің әдіс-тәсілдерін қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет