Бидайбеков Е


Информатика орта мектептегi оқу пәні



бет21/87
Дата15.01.2023
өлшемі1,9 Mb.
#165576
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   87
Байланысты:
treatise13514
2 5283059015327159320, глосса космет, Биохимия дәріс тезистері 3, Д 6 2023-24
2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні

Мектепте оқытылатын информатика пәні қарқынды дамып келе жатқан информатика ғылымының мазмұнын құрайтын сан алуан мәліметтердің бәрін қамти алмайды. Дегенмен, мектеп пәнi ретiнде жалпы білім беру қызметін атқара отырып ғылымның мәнін ашатын, өте елеулі іргелі ұғымдар мен мәліметтерді-ұғымдарды қамтып, мектепте оқушыларды басқа ғылымдардың негiзiн оқып үйрену үшiн, сонымен қатар жастарды заманауи ақпараттық қоғамдағы болашақ қызмет пен өмірге дайындауға қажет бiлiммен, біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыруы тиіс.


Осы заманғы дидактика жалпы бiлiм беру мазмұнын қалыптастыру принциптерiнен ғылым логикасы мен оқу пәнiнің бiрлiгi және қарама-қайшылығы принципiн ерекше атайды. Осыған байланысты Б.Т. Лихачев айтқандай, «ғылым логикасы мен оқу пәнін құрастырудың бірлігі мен қарама-қайшылық идеясы ғылымның қайшылықтармен дамитындығына негізделген. Ол ескішілдіктер қат-қабатын бұза өзіне жол ашып, алға қарай секіріс жасайды, орнында табандап, тіпті, артқа да шегiнедi.
Оқу пәні мазмұнының педагогикалық логикасы осы ғылымның негізгі категорияларының, ұғымдарының даму логикасын ескередi. Сонымен бiрге педагогтар мен психологтар материалды меңгеруде оқушылардың жас ерекшелiктерiнiң ескерiлуiнiң қажеттiлiгiн жетекшілікке алып, оны абстракциядан нақтыға өршіту сияқты, нақтыдан абстракцияға өршіту негiзінде ұйымдастырады» [23, 378-б.]. Осы жағдайға байланысты мектеп оқу пәні информатиканың қалыптасу үдерісіне информатиканың жеке ғылым саласы ретiнде пайда болуы мен жаппай жалпы бiлiм беретiн орта мектепте жаңа пән ретiнде енуінің арасы шамамен 10-15 жыл - мейлінше өте аз мерзiм екендігінің әсері болатындығын атап өтуге тура келеді. Сол себептен мектеп информатика курсының мазмұнын анықтау жәй қарапайым мәселе болмай шығып, тіпті оны жеке пән ретiнде енгiзудiң өзi дау тудырды. Бұл пәннiң мектепке енгiзiлуiне бiрқатар шетел және отандық ғалымдар қарсы пiкiр айтып, бұл жолдың жалғыз және даусыз еместігіне назар аударды [29, 34]. Мәселе қорытындылай келгенде мынада: жалпы білім беретін жаңа білімде жалпы білім беретін мектеп үшiн жеке оқу пәнiн құрайтындар көп пе, немесе барлық мектеп пәндерiнiң мазмұны мен оқыту технологиясымен үздіксіз байланыста болатындар көп пе? [42].
Бұл сұраққа жауап беру үшін В.С. Леднев жасаған [19, 20] жалпы орта білім беру мазмұнын дамыту мәселесiнің жалпыдидактикалық талдауына жүгінейік. Өткен ғасырдың, тіпті, 60-жылдардың басында басталған ұзақ теориялық және эксперименттік зерттеулер нәтижесінде кибернетикалық білімнің iргелi негізі жалпы мектептiк білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болуы тиіс екендігі анықталып, бұл мәселенi шешу үшін мектеп пәндері жүйесіне жеке оқу курсын енгізу қажет болды. Жаңа бiлiмнiң жалпы кибернетикалық табиғатына сүйене отырып, В.С.Леднев өз зерттеуінің басынан-ақ жаңа мектеп пәнін атау үшiн «кибернетика» терминін пайдаланды, бірақ бұл жағдай аталмыш қарастырылым үшін маңызды емес деп санауға болады. Осы мәселенiң мәнін толығырақ ашайық [22, 18, 21].
Кибернетиканың басқарудың ақпараттық үдерістерінің ортақ заңдылықтарын қарастыратын ғылым ретінде пайда болуы қоршаған ортаны тануда маңызды қадам болып табылды. А.П. Ершов айтқандай, «зат пен энергия бірлігінің табиғаты анықталғаннан кейін ақпараттың бірыңғай табиғатын түсіну әлемнің материалдық бірлігін ұғынуға деген маңызды қадам болды» [8, 30-б.]. Осы сияқты материалдық жүйелерді ұйымдастырудың – физикалық (заттық-энергетикалық) және кибернетикалық (антиэнтропиялық) екi түрi туралы жалпы ғылыми түсініктерге сүйене отырып, В.С. Леднев ғылымның екi қатарын талдайды [20, 85-б.]:

  • материяның заттық–энергиялық ұйымдастырылуын (құрылымын) зерттейтін ғылымдар (химия, космология, физика);

  • материяның кибернетикалық (антиэнтропиялық) ұйымдастырылуын (құрылымын) зерттейтін ғылымдар (кибернетика, биология, антропологиялық ғылымдар кешенi, қоғамтану, техникатану).

Бұл ретте, физика мен кибернетика (әрқайсысы өз тобында) ақиқатты зерттеудiң мейлiнше жалпы заңдылықтарын, сәйкесiнше, заттық-энергетикалық және кибернетикалық тәсілдерін зерттейтiн аспектiлi ғылым саласына жатады. Осы негiзде жалпы орта бiлiм беру мазмұны құрылымының тұжырымдамасы да қалыптасады. Осы тұжырымдама бойынша, дербес жағдайда, қоршаған әлемді ұйымдастыратын екi негізгі аспектіні зерттейтiн жалпы бiлiм беретiн оқу пәндерiнiң заттық–энергетикалық және кибернетикалық-ақпараттық екi тобы ерекшеленеді. Бұл пәндер тобының әрқайсысы өз жүйе құрушы элементтерiмен қоса жүйе болып табылады. Заттық-энергетикалық аспекті жағдайында жүйе құраушы пән физика, ал кибернетикалық-ақпараттық аспекті жағдайында жүйе құраушы пән кибернетика (информатика) болып табылады. Әлемнiң кибернетика-ақпараттық суреттемесі, іс жүзінде, мектептегi барлық пәндермен қалыптастырылады, бірақ тек кибернетика (информатика) курсы ғана оқушылардың алған бiлiмдерiн қорытындылап жалпылай алады, яғни жүйе құраушы фактор ретiнде көріне алады [22].
Сонымен, жоғарыда сипатталған әлемнiң ғылыми суреттемесінiң тұжырымдамасына сүйене отырып және мiндеттi оқу пәндерiнiң жиынтығы екi фактормен – iс-әрекеттiң жалпылама құрылымы мен зерттеу объектiсiнiң құрылымы арқылы болжана анықталатындығынан [20, 108-109 б.]. В.С. Леднев құрамына кибернетикада енетiн жалпы білім беретін оқу пәндерінің мiндеттi тiзiмi туралы негізделген қорытынды жасайды. Бұл кезде жоғарыда көрсетілген екi фактор жалпы орта бiлiм беру құрылымының тұрақтылығын түсiндiретiн объективті сипатқа ие болады. Бұл құрылымда жаңа орнықты пәндердiң пайда болуы әлемнiң ғылыми суреттемесіндегі елеулі өзгерiстер мен iс-әрекеттiң үстем (басыңқы) түрінің ауысуы салдарынан болуы мүмкін. Ең есте каларлығы, кибернетика (информатика) курсы – XX ғ. туған жалғыз ғана жалпы білім беретін жаңа оқу пәні, ал қалған оқу пәндері жалпы білім беру саласы үшiн XIX ғасырдың жемiсi болып табылады.
Қарастырылып отырған проблемадағы маңызды мәселе - информатиканы жалпы білім беретiн мектепте қалай оқыту мәселесі: бұрыннан бар курстардың құрамына пән ретiнде енгiзiп, жеке курс ретiнде ме, әлде информатиканың оқу материалын бiрқатар оқу пәндерiнде тарата бөлiп оқытқан жөн бе? Осы мәселенi кибернетиканың жалпы бiлiм беретiн курсына қарастыра келе, В.С.Леднев жеке пән пайдасына келесі дәйектерді келтіреді [20, 213-б.].
«Егер кибернетика бойынша оқу материалдарын әртүрлі оқу курстарына бөлiп беретiн болсақ, онда пәнi басқа ғылымдардың құрамды бөлiгiне енбейтiн кибернетиканың зерттеу аймағы туралы мәліметтер ғылымда жүйеленетіндей негізгі белгілер бойынша жүйеленбей, басқа оқу курсының логикасында мазмұндалатын болғандықтан қосалқы түрде беріледі. Бұл оқушыларда кибернетика зерттейтін ақиқаттық облысы туралы толық емес, тіпті, бұрмаланған жаңсақ түсініктердің қалыптасуына сөзсіз әкеп тірейді. Оның үстіне, мұндай жол ұғымдарды қалыптастырудың ұтымды дидактикалық құралы болып табылатын, осы ғылыммен анықталған негiзгi ұғымдық және әдiстемелiк аппарат шеңбері мен логикасында кибернетиканың негізгі, іргелі ұғымдарын қалыптастыру мүмкіндігін жоққа шығарады. Басқа оқу пәндерi логикасында оқылатын кибернетика ұғымдары, өздерінің ұғымдық жүйесiнде бөгде бола, оқушылармен елеулі мәні шамалы, қосалқы нәрсе ретiнде қабылданатын болады. Сол себептен, орта мектепте кибернетиканы оқытудың жолдары туралы мәселенi түбегейлі мақсатқа сай шешу оны оқыту үшін жеке оқу курс ашу болып табылады... Әрине кибернетикадағы кейбiр мәлiметтер ақылға сиятындай шеңберде басқа оқу пәндерiне: математикаға, биологияға және еңбекке баулу курстарына енгiзiлуi тиiс. Жалпы орта бiлiм беру мазмұнында жаңа пәннiң пайда болуы онымен тығыз байланыстағы пәндердiң орны туралы басқаша қайтадан ойластыруды, тіпті, олардың мазмұнына кейбір жөндеулер енгізуді қажет етедi. Бұл өзгерiстердің пәнаралық байланыстардың құрылымы мен сипатына әсер етпеуі мүмкін емес» [13, 213-б.]. Осы қорытындыларды дамыта отыра, [21] мақала авторлары «информатика» оқу пәнінің мектеп бiлiм беру құрылымындағы орнын толығымен негіздейді: «Жалпы кибернетикалық білім жалпы білім беру мазмұнының базалық құраушысы болып табылады. Бұл дегенің, оған келесі дидактикалық формуланы таратуға болады деген сөз, яғни жалпы білім берудің кез келген базалық құраушысы бiлiм беру мазмұнына екi түрде: ерекше оқу пәні (бұл қазір информатика курсы) түрінде және басқа оқу пәндеріне «кірме» түрінде енедi».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет