Биыл Әлихан Бөкейхановтың дүниеге келгеніне 150 жыл толады. Қазақ халқының қуанышына бұл мереке юнеско көлемінде аталып өтетін болды



Дата28.01.2018
өлшемі429,14 Kb.
#34592
КІРІСПЕ

Биыл Әлихан Бөкейхановтың дүниеге келгеніне 150 жыл толады. Қазақ халқының қуанышына бұл мереке ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін болды.

Бұл ғылыми жобамның өзекті мәселесі ол Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов халқында зерттеу жүргізген ғалымдар мен тарихшылардың мағұлматтарына сыни көзбен қарап оларды бір ізге түсіріп реттеу. Сонымен қатар Қазақ елі біле бермейтін ақпараттар мен құжаттар және деректермен бөлісе отырып , Әлихан Бөкейханов туралы тың деректерді көпшіліктің назарына ұсынып насхаттау.

«Хан баласының мойнында қазақтың өтелмеген қақысы бар еді, соны ақтауға тырысам, қазаққа қайтсем де қызмет қылам» деген Әлихан Бөкейханов тірісінде қандай жан еді? Айтқан сөзін орындай алды ма? Бұл сұрақтың жауабын тарихтың қатпар беттерін ақтарып отырып табамыз. Иә, ол өзінің алға қойған мақсатына жетті. Қазақ елінің тағдыры талқыға салынған сын сағатта оқыған азаматтардың басын қосып, тұңғыш Қазақ Республикасының негізін қалады. Ол құрған Алашорда үкіметінің ғұмыры ұзақ болған жоқ. Бірақ сол аз уақыттың өзінде талай дүниенің басын қайырды. Қазақтың қазақ екендігін, азат ел бола алатындығын көрсетті.

Әлихан Бөкейхан – қазақтың басын бiрiктiрiп, ерiктi ел болуын көксеп, сол мақсатқа жету жолына өз бойындағы бар қасиетiн: ақыл-ойын, өнер-бiлiмiн, жiгер-қайратын, бар саналы өмiрiн арнаған адам. Егер ол өзiнiң бас пайдасын ғана ойлап, патша заманында мансапқор болып, шен-шекпенге қызығып, ұлық болғысы келсе, өзi ақсүйек, хан әулетi әрi оқымысты Әлихан Бөкейханға ол жол оңай едi.

Бiрақ Әлихан қара басының қамын ойлаған жоқ, туған халқының қамын ойлап, белiн бекем байлап, ел үшiн еңбек ету жолына түстi. Әлихан – қазақ тарихында демократиялы баламалы түрде сайланған Алаш Орда – Ұлт кеңесінің тұңғыш төрағасы»! Ал оны үлгі ету үшін әр адамның санасына Әлиханның қандай намысшыл, ұлтын сүйген ұлы адам екенін жеткізу керек. Осы жолда кішкене болсада өз үлесімді қосу парыз деп санадым.

«Алаш» зиялыларын бастап Әлихан қазақ елін Батыс Еуропа өркениеті деңгейіне жеткізуді түпкілікті мақсат етіп алды. Осы мақсатқа ол мәдениеті мен әлеуметтік-экономикалық болмысы жағынан қазаққа бір табан жақын жапондардың әйгілі «Мэйдзи төңкерісі» тәжірибесі мен оның жемістерін ден қоя зерттеді.


I. БҮКІЛӘЛЕМДІК ШЫНАЙЫ ДАҢҚТЫ ҚАЙРАТКЕР

1.1. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

1.1.Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба ? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағынет аламыз ба ? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.

Түрік баласы(Әлихан)

Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейхан- адамзат баласының тарихында сирек кездесетін тұлға. Әлихан- төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп өткен Шыңғыс ханның 23-ші ұрпағы-Төре тұқымынан бола тұра, Қасым хан, Абылай хан, Бөкей хан, Кенесары сынды халық ақ киізге көтеріп, хан тағына отырған емес- оның заманы өтіп кетті. Қазақ халқының тарихында Шыңғыс ханның кейінгі ұрпақтары қарама-қайшы- екіұшты рөл атқарды: бір жағынан, алғашқы кезеңде олар көшпелі ру-тайпалардың бірігіп, жаңа және қуатты қазақ мемлекетінің құрылуына ұйытқы болса, екінші жағынан- олардың билік үшін ішкі күрес-тартысы салдарынан «қазақ»этнонимді құрағанымен де, бірегей халық, ұлт болып толық пісіп-жетілмеген халықтың Орта, Ұлы, Кіші жүздер ретінде «үштік одаққа»бөлініп бытырауына түрткі болып, ақыр соңында бірінің соңынан бірін орыс империясының отарлығына душар етті. Міне,соңғы жайтты терең зерттеп білген Әлихан: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!»-деп ертеден-ақ халқы алдында серт беріп, сол сертіне ақырғы демі біткенше адал болып өтті. Бірақ өзінің шыққан тегін мақтан тұтты, шыққан тегінің абырой-намысын көзінің қарашығындай қорғады және атақты хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де шексіз қызмет етуді, Алашына қамқор болуды өзінің өтпес-өтелмес борышы, ер-азаматтық парызы санады.



Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттык және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы 5-наурызда бүрынғы Семей облысы, Қаркалы уезі, Тоқырауын болысының 7- ауылында дүниеге келген. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей — Батыр — Мырзатай — Нұрмұхамед — Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат түтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралыгында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факуль- тетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы түрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады.Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Оқуын бітіріп, Омбыға оарлғанда Ә.Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің капиталистік қоғамның қанау тетіктерін ашып берген экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Халық бостандығы» партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады.Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсеі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. XX ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұхара мен Түркістанға бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді.

1.2. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ – ПУБЛИЦИСТ

1.2. Әлихан Бөкейханов публицист ретінде тану, оның жеке тұлға ғана емес, үлкен ірі қоғамдық тұлға екендігін көрсетеді. Оның өмір баяны, жүріп өткен жолдары, өзіндік дүние танымы барлығы сол уақыттың сол қоғамның тыныс тіршілігін аңғартқандай. Әлиханның өз заманының жаршысы тегеуірінді публицис екендігін баяндамас бұрын, нені публицистика және кімді публицис деп айта аламыз. Осыған қысқаша мағлұмат бере кетейік.

«Публицистика» - ол уақыт пен қоғам арасындағы шындықты көрсететін бірде белгілі қаламгерлер қауымының айналысатын кәсібі, жұмысы, енді бірде өзіндік сипаты бар шығармалар тобы, яғни творчество саласы, журналистика жанры, тағы бірде өмірді зеріктеудің, қоғамдағы болмыс құбылыстарды бағалап, білудің әдіс тәсілі деген ұғымдарды білдіреді.

Ал, публицист болса осы творчестволық кәсіпте арқау болып отырнған салаға әбден машықтанып жан-жақты зеріттеп білуін және соны уақыттан қалмай не озбай дәл сол күн талабына сай жауап беруші тұлға.

Міне, біз публицист пен публицистиканың өзіндік бір тұлға екендігін аңғардық. Екеуі де бір талапқа сай заңды ғылым немесе ғалым.

«Біз публицистердің ұдайы істейтін істерімен шұғылдануға - өз заманымыздың тарихын жазуға тиіспіз және біздің күнделікті өмірді жазуымыз қозғалысқа тікелей қатысушылар мен қаһарман тұлғаларға нақ сол қозғалыс үстінде мүмкіндігінше көмек беретіндей етіп жазуымыз керек, - жазғанда қозғалысты ұлғайтуға, күрес жүргізудің күш неғұрлым аз жұмсалып, неғұрлым көп және барынша баянды нәтижелер бере алатын құралдарын тәсілдері мен әдістерін саналы түрде таңдап алуға жәрдемдесетіндей етіп жазуымыз керек» - деген талап қоямыз.

Енді, Әлихан Бөкейхановтың осы талаптарға қаншалықты деңгейде жауап бере алды соған тоқтала кетейік.

Біз Әлиханды еске алғанда көз алдымызға сонау ХХ ғасырдың басы, сол кездегі тыныс-тіршілік жалпы, қоғам көз алдымызға елестетеміз. Әрине бір перзентіміздің бойынан бүкіл біз уақытпен қоғамды көз алдымызға елестету ұлы істің жемісі міне, Әлихан турасында бір ауыз сөзбен айтар болсақ әйтсе де сөзіміз дәлелді болуы үшін оған жан-жақты кеңінен тоқтала кетсек.

Әлихан Бөкейханов замандастары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, т.б. сынды биігінде ел таныған азаматтарымызбен терезесі тең әрі өзіндік ерекшеліктері де, бар біртуар дара тұлға. Олай дейік себебіміз Әлиханның публицистика әлеміндегі өзіндік қолтаңбаларының аса сауаттылығы мен қоса оның өміршеңдігі. Яғни оның еңбектерінің уақыт талабының ауасындай құндылығында.

II . ӨШПЕСТЕЙ ІЗ ҚАЛДЫРҒАН ТҰЛҒА

2.1. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ӘДЕБИ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ

2.1. Алаш қайраткерлері ақталып, олардың әдеби, ғылыми мұралары халық игілігіне айналған ширек ғасырдан астам мерзімде алаштану бағытында көптеген зерттеу еңбектері жазылды. Бұл іс әлі жалғасып жатыр. Тілшілер қауымы да қазақ тіл ғылымының бастауында тұрған Ахаңның, сондай-ақ, тілге қатысты еңбектер жазған Алаш арыстарының мұрасына арналған диссертациялық зерттеулер жүргізіп, ғылыми монографиялар мен мақалалар жарияладық. Қазақ тіл білімін, әдеби тілді дамытуға қосқан үлесі, ғылыми жаңалықтары анықталды. Алайда, бұл оқығандарымыздың арасында Әлихан есімі атала бермейді. Осы кезеңде тарихи тұлғаның мұрасы тарихшылар тұрғысынан көбірек зерделеніпті. Оның ұлттық баспасөзді дамыту жолындағы қажырлы еңбегі мен аудармашылық қыры да жекелеген әдебиетші, журналист мамандар тарапынан сөз болған. Ғалымның соңында қалған мұрасының басым бөлігі осы салаларға қатысты болғандықтан, солай болуы да орынды сияқты. Дегенмен, оның өмір жолын, қоғамдық-саяси қызметі мен соңына қалдырған мұрасын мұқият зерттесек, қайраткердің қазақ тілінің дамуына да көп еңбек сіңіргеніне көз жеткізуге болады.

Өткен ғасыр басында-ақ Қошке Кемеңгерұлы: «Әлиханның қазақ еліне сіңірген тарихи қызметі: әдеби тіл тууына себеп болды», деп жазыпты. Біздің бұл мәселеге ден қоюымызға да Қ.Кемеңгерұлының осы пікірі басты себеп болды. Неге? Өйткені, Қ.Кемеңгерұлы – «Қазақша-орысша тілмаш» (Мәскеу, 1925) тәрізді ғасыр басында жарық көрген едәуір көлемді сөздіктің редакторы болған, «Грамматика казахского языка» (1927) сынды еуропалықтарға арналған оқу құралының және «Жауро¬палықтарға арналған оқу құралы» (1-кітабы. Ташкент, 1928; 2-кітабы. Қызылорда, 1929) кітаптарының авторы, тіл мәселесіне арналған «Қотыр сөздер», «Жат тілді оқыту әдісі», «Мектеп қай тілде болу керек?» «Қазақша ай аттары», «Дұрыс па? Бұрыс па?» және басқа да бірқатар мақалалар жазған, тілдің жайын жақсы білген алаш оқымыстысы. ХХ ғасыр басындағы қазақ тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан, есімі Ахаңнан кейін аталуға тиіс делініп жүрген Алаш білімпазы. Ахаңнан бастап тіл мәселесін зерттеген замандастарының еңбектерімен жақсы таныс, өзі де солардың қатарында болған білімпаз мұндай пікірді жайдан-жай айта салмасы анық. Сондықтан сол кезеңде өмір сүріп, Алаш мүддесі үшін Әлихан Бөкейханмен қатар еңбек еткен білікті ғалымның пікіріне ерекше мән беру қай жағынан алып қарасақ та негізсіз емес. Ендеше: «Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан қазақтың әдеби тілінің тууына қалай себеп болды?» деген сұраққа жауап іздеп көрелік.

Тарихымыздың ХХ ғасыр басындағы кезеңін Алаш көсемі Әлихансыз елестету мүмкін емес. Өйткені, ол осы кезеңдегі қазақтың тарих көшінің бағыт-бағдарын белгілеп, ел мен жер, тіл мен діл тағдыры, дін мен дәстүр тұтастығын сақтау үшін жұрт жұмысының жауапкершілігін мойнына жүктеп, басын бәйгеге тіккен тарихи тұлға. Иә, бұл кезеңде елге адал қызмет еткен ұлт зиялыларының әрқайсысының тарихымыздағы өзіндік орны, ұлтымыздың оянуына, өркендеуіне сіңірген зор еңбегі бар. Ол айдан анық. Алайда, солардың арасында қайсар мінез, табанды қайраткерлік болмысымен, саяси күрескерлік рухының биіктігімен және жан-жақты білімділігімен, бүтін бір елдің тағдыры мен оның алдыңғы қатарлы зиялы қауымын қалыптастыру, азаттық үшін бірігіп күресу жолында көшбасшылық қасиетімен ерекшеленіп, дараланып тұрған ең көрнекті тұлға – Әлихан. Мемлекет тізгінін ұстаған, ұлт көшін бастаған көшбасшылар мен көсемдердің сол қоғамға, сол халықтың өмір-тағдырына ілгерінді-кейінді ықпалы да зор болатынына адамзат тарихынан мыңдаған мысал табылады. Әлихан қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы көшбасшысы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ірі саясаткер. Ал тіл – кез келген мемлекеттің ішкі бірлігі мен сыртқы қарым-қатынасында, ұлттың тұтастығы мен мәдени дамуында негізгі рөл атқаратын басты құрал және баға жетпес рухани қазына. Қазаққа адал қызмет етуді өмірінің мәні санаған, өзі айтпақшы «Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеген» Әлихандай ірі қайраткер, сұңғыла саясаткер мұны жақсы білген. Сондықтан да, ол Алаш қозғалысының көсемі, Алашорда үкіметінің төрағасы ретінде де, мектепті, училище мен институтты тәмамдап, толық әрі жүйелі білім алған өз заманының ең алдыңғы қатарлы, озық ойлы ұлт зиялысы ретінде де тілдің рөлін терең сезінген. Тіл қадірін, қазақ тілінің қасиетін білмейтін адам «Анық түрік затты халық тілі – біздің қазақ тілі» деген сөзді айта ма? Академик Кеңес Нұрпейісұлы атап көрсеткендей, Әлихан Бөкейхан халқымыздың саяси көсемі. Бір халықтың саяси көсемінің елдің ішкі саясатының ең өзекті мәселесі тілге, тіл саясатына мән бермеуі, оны назардан тыс қалдыруы мүмкін емес еді. Дәлірек айтқанда, ол өзінің саяси жолының алғашқы қадамынан бастап қазақ тілінің ісқағаз жүргізу, сот пен тергеу, білім беру тілі болуын күн тәртібіне қойған, ресми органдардан талап еткен саясаткер.

Алаш ардақтысының өмір жолымен, соңында қалдырған мұрасымен танысқан кез келген көзіқарақты жан оның ұлттың тұрмыс-салты мен мәдениетін, тілі мен әдебиетін жақсы білген, бұл рухани құндылықтардың қадір-қасиетін, халық өмірінде алатын орнын терең пайымдай алған өресі биік, зияткер мемлекет қайраткері екеніне көз жеткізеді. Ол Абай мұрасын айрықша қадірлеп, өзі мұрындық болып кітабын шығарды. Өмірінің соңына дейін Ахаңды азаматтық-саяси ұстанымы бір үзеңгілесі, ұлт азаттығы, ел мүддесі жолындағы күрестегі ең сенімді серігі ретінде ерекше жақын тұтты. Тізе қосып, елге еңбек етті. Мағжанның поэзиясын, Мұхтар Әуезовтің тілге жетіктігін атап өтіп, алғашқы аудармаларын жоғары бағалады.

Бұл жерде тағы да Қошке пікіріне жүгінгенді хош көріп отырмыз. Ол: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде, айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азаттық тобы болды. Бұл топты баулыған Әлихан», деп жазады.

Егер ол баулыған азаттық жолындағы азаптың бәріне шыдаған үркердей ғана Алаш арыстарының қатарында ұлт ұстазы Ахаңнан бастап, тікелей қазақ тілін зерттеуге арналған еңбектер мен қазақ тіліндегі пән оқулықтарын жазған Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанұлы, Х.Досмұхамедұлы, Е.Омарұлы, Н.Төреқұлұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Б.Байтоғаев, М.Мырзаұлы, Б.Малдыбайұлы, С.Қожанұлы, Ж.Күдеріұлы, К.Жәлелұлы сияқты зиялыларымыз кіретінін ескерсек, Әлиханның ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасуына қаншалықты зор ықпал жасағанын пайымдауға болады.

Ол өзінің төңірегіне топтасқан бүкіл алаш оқығандарын қазақша газет шығаруға, көркем шығармалар мен қазақша пән оқулықтарын жазып, қазақ баласын ана тілінде оқытуға жұмылдырды. Бұл оның ұлт көсемі ретінде жазба әдеби тілдің қалыптасуына жасаған үлкен ықпалы, басты тарихи қызметі. Қ.Кемеңгерұлының «…әдеби тіл тууына себеп болды» деген пікірінің ең басты әрі жалпы сипаты да осы болар деп пайымдаймыз.

Алаш қайраткерінің жазба әдеби тілдің дамуына қосқан үлесі мұнымен ғана шектелмейді. Ол Алаш зиялыларын бұл іске жұмылдырып, ұйымдастырып, жөн сілтеп, жалпы басшылық жасап қана қойған жоқ. Өзі де солардың бел ортасында жүріп, қолынан қаламын тастамай өнімді еңбек етті. Қазіргі ғылым тілі, көркем әдебиет тілі, баспасөз тілі, ресми ісқағаздар тілі бір күнде қалыптаса салған жоқ. Тіліміздің функционалдық стильдік тармақтарының жіктелуіне қазақ тілінде газет шығарып, оқулықтар мен оқу құралдарын, көркем шығармалар мен ғылыми, ғылыми-көпшілік ең¬бектер жазған ХХ ғасыр басындағы оқығандардың, көрнекті ағартушы-ғалымдардың қосқан үлесі орасан зор.

Әлихан, Ахаңдар бастаған қазақ оқығандары, ағартушы-білімпаздар тобы ұлттық баспасөзді дамыту мен оның тілін қалыптастыруға да бар білімі мен тәжірибесін, көп күш-жігерін жұмсады. Әсіресе, «Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын» деп, М.Әуезов оның қазақ өміріндегі рөлін атап көрсеткен жалпыұлттық тұңғыш газеттің ұлт тарихында алатын орны айрықша болды. Сондай-ақ, ұлттың ой-санасын оятқан бұл басылым қазақтың баспасөз тілінің, бүгінгі ұлттық жазба әдеби тілінің де қалыптасуына негіз қалады.

Әдеби тіліміздің даму, қалыптасу тарихы тілтанушы ғалымдар тарапынан едәуір жақсы зерттелді. Қазақ әдеби тілінің ұлттық дәуірге дейінгі және ұлт ретінде қалыптасқан кезеңіндегі әдеби тілін жан-жақты зерделеген «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты еңбегінде академик Р.Сыздық: «…Қазақтың ұлттық әдеби тілі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптасты деген тұжырымға келеміз» деген тоқтам жасайды. Ал тіл дамуының осы кезеңдерін арнайы зерт¬теген белгілі тілші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бабаш Әбілқасымов «Қазақтың жазба әдеби тілінің қалыптасу кезеңі» атты мақаласында өткен ғасыр басындағы жазба әдеби тілдің қалыптасуындағы Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін ерекше атай отырып, былай деп жазады: «Ол өзінің қазақ тілінің заңдылықтарын баяндап берген іргелі еңбектерімен қатар қазақ қоғамын дүр сілкіндірген алғашқы ұлттық баспасөзіміз «Қазақ» газетін (1913-1918) шығарып, жаңа жазба әдеби тіліміздің нағыз үлгісін жасап берді. Сөй¬тіп, қазақ тілшілерінің дұрыс көрсетіп жүргеніндей, ұлы ағартушылардан бас¬талған жаңа жазба әдеби тіл үлгісі қазіргі кезеңде жан-жақты дамып, өзінің кемеліне келіп отыр».

Ғалым осы мақаласында Ахаң «Қазақ» газетін шығару арқылы жаңа жазба әдеби тілдің үлгісін жасады және қазіргі жазба әдеби тіліміздің негізін ХХ ғасыр басында еңбек еткен ағартушылар қалады деген ғылыми тұжырымға келеді.

Ахметтанушы, алаш мұрасын зерт¬теуші тілші-ғалымдардың қай-қайсысы да қазақ тіл ғылымының атасы саналатын ғұлама-ғалым Ахаңның ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасуына да өлшеусіз үлес қосқанын атап көр¬сетеді. Ғалымның соңына қалдырған құнын жоймайтын ғылыми мұрасы соған дәлел. Ал енді «Қазақ» газеті жазба әдеби тілдің үлгісін жасады» деген тұжырым тұрғысынан қарағанда, қазақ тіліндегі газет шығару мәселесін күн тәртібіне қоюдан бастап, қазақ өміріне үлкен серпін берген бұл тұңғыш ұлттық баспасөздің алғашқы санынан соңғы 265-ші санына дейін аянбай атсалысқандардың бірі ғана емес бірегейі алаш көсемі Әлихан Бөкейхан екенін де ұмытуға болмайды.

Көрнекті тарихшы ғалым, академик Кеңес Нұрпейісов: «…Ұлттық баспасөз органдары қатарында «Қазақ» газетінің алатын орны ерекше. Өйткені, ол басқа басылымдармен салыстырғанда ұзақ мерзім (1913-1918 жылдар) шығып, 265 саны жарық көрді. «Қазақты» дүниеге келтірген және оның тұрақты авторларының қатарында Алаш қозғалысының халық таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты қайраткерлер болды. Осы азаматтар мен олардың сенімді серіктері «Қазақ» газетін жалпыұлттық басылым дәрежесіне көтерді», – десе, белгілі тарихшы, алаштанушы ғалым, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі М.Қойгелдиев: «1909 жылы Петербордан Абайдың тұңғыш кітабын шығарған Бөкейханов болатын және «Қазақ» газетін шығару идеясы да Әлекеңдікі. Әрине, Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі орасан зор», – дейді. Алаш мұрасын терең зерделеген белгілі тарихшы ғалымдар Әлиханның газетті шығару идеясының және оның тұрақты авторы болғандығын анық жазады.

Алаш қайраткерінің мұрасын көп жылдар бойы зерттеп, көптомдық еңбектерін шығарып жүрген журналист-ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы: «Ресейлік мұрағат құжаттарына сәйкес (ЦГА, С.-Петербург, №776 қор, №21 тізбек, №16 іс), газет шығаруға рұқсат 1905 жылдың 9 желтоқсанында Мұстафа Оразайұлы мен бас редактор ретінде Ахмет Байтұрсынұлына берілгенімен, тұңғыш жалпыұлттық қазақ басылымын шығаруға мұрындық болған ұлт көсемі Әлихан екеніне тарихи айғақ-деректер шүбә келтірмейді» – деп жазады. Сонымен қатар, осы зерттеуші Ә.Бөкейханның «Қазақ» газетіне өз авторлығымен жазған мақалалары да саны жағынан мол екенін айтады. Бұл сөзінің дәлелі ретінде әлихантанушы төмендегідей деректерді келтіреді: «Қазақтың» алғашқы 5 санында Әлекеңнің кемінде 6 мақала аудармасы жарияланды емес пе? Ол ол ма, газеттің әрбір санында Әлиханның Қыр баласы, Қ.Б., Ғ.Бөкейханов, Ғ.Б. [яғни Ғали хан Бөкейхан], Ғали хан, Түрік баласы, Арысұлы деген бүркеншік есімдермен кем дегенде 2 көбіне 3-4 мақаласы жарық көріп тұрды. …Жалпы, «Қазақтың» 6 жылда шыққан 265 санында бір Әлекеңнің 300-ге тарта мақаласы, әдеби сыны, фольклорлық зерттеуі, көркем аудармасы, ашық хаттары, пікір-таластары, үндеулері және т.б. туындылары жарияланды. «Қазақта» одан көп жарияланған қазақты таба алмайсыз…».

Қайраткер мұрасын арнайы зерттеп жүрген С.Аққұлұлы Әлиханды да «Қазақ» газетінен бөліп қарауға болмайды, Ахаң сынды оның да газетті шығаруға еңбегі ерекше сіңді деп санайды. Журналист-ғалым Қ.Сақ «Қазақ» газетінің шығарушылары туралы шындық», тарихшы Жандос Құмғанбаев мен Ермек Балташұлының «Әлихан Бөкейханов және «Қазақ» газеті» мақалаларында да алаш көсемі Ә.Бөкейхан ұлтымыздың тұңғыш жалпыұлттық газетін шығаруда, ұйымдастыруда айрықша рөл атқарды дейді.

Ендеше, қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің үлгісін жасаған «Қазақты» шығару идеясының да, ондағы жарияланымдардың да белсенді авторы Әлихан Бөкейхан сол жазба әдеби тілдің дамуына да үлкен үлес қосты деген қорытынды жасауға негіз жеткілікті.

Алаш ардақтысының соңында қалған мұраларының елеулі бөлігі – аудармалары. Аудармашылық – оның шығармашылық қызметінің маңызды қыры. Әлихан Бөкейхан көркем аудармамен, ғылыми, ғылыми-танымдық, саяси әдебиеттер мен түрлі пән оқулықтарын, оқу-ағартуға арналған құралдарды аударумен де айналысты. Олардың арасында қысқа-қысқа мысалдар мен әңгімелер де, көлемді повестер мен романдар да бар. Алаш зиялысы әлем әдебиетінің жауһарлары саналатын Ги де Мопассан, О.Уайльдтің, көрнекті орыс классиктері Л.Н.Толстой, А.П.Чехов, И.С.Тургенев және В.Г.Короленко, Д.Н.Мамин-Сибиряктің шығармаларын, көне гректің әйгілі ақын-мысалшысы Эзоп мысалдарын, орыс генералы, этнограф, археолог, тарихшы, фольклор зерттеушісі, профессор Н.А.Маркстің «Қырымның ескі әңгімелерін» аударды.

Әдеби тілді, ғылым тілін қалыптастыруға қосқан Ә.Бөкейхан үлесінің бірі ол жасаған терминдер. Аударған оқулықтары мен ғылыми еңбектерінен оның қаламынан туындаған көптеген терминдерді кездестіруге болады. Мәселен, Қыр баласы аударған К.Флам-марионның «Астрономия әліпбиі» Мәскеудегі Кеңес Одағындағы халықтардың Кіндік баспасынан 1924 жылы жарық көрді. Осы еңбекте айдың жартылай тұтылысы – частное затмение луны, айдың толық тұтылысы – полное затмение луны, аспан кеңдігі – небесное пространство, аспан тасы – аэролит, ауыспалы жұлдыздар – переменные звезды, жер белбеуі, белбеу – экватор, бұлтшық – облачко, егіз жұлдыздар – двойные звезды, жанартау – вулкан, жантайма – наклон (земной оси), жердің білегі – ось земли, жұлдызшық – звездочка, күннің беті – поверхность солнца, күн қотаны – солнечная система, қоралы жұлдыз – совокупность звезд, құс жолы – млечный путь, қырағы түтік – телескоп, пөліс шеңбері – полярный круг, терістік пөліс – северный полюс, толық тұтылыс – полное затмение және т.б. терминдер бар.

К.Фламмарион еңбегін аудару барысында ол да сол кезеңде төл оқулықтар жазған немесе аударған өзге де алаш зиялылары сияқты терминдерді қазақша жасауға басымдық берген. Ғалым бұлардан өзге де көптеген астрономия, география және қоғамдық-саяси терминдерді қазақ тілінде жасап, қолданады. Олар жөнінде арнайы сөз еткен жөн. Оның аудармалары мен мақалаларында бүгінгі тілдік қолданысымызға енген айыпкер, әкім, әкімші, әкімшілік, баспасөз, даяшы, жарнама, жауапкер, жолбасшы, көшбасшы, көшбасшылық сынды көптеген атаулар кездеседі. Бұлардың арасында өз қаламынан туындаған атаулар да болуымен бірге ол замандастары жасаған сөздерді де талғап жұмсау арқылы тілдік қолданысқа енгізуді мақсат еткен. Мұны да ұлттық жазба әдеби тілдің қабырғасына қаланған «кірпіш» деп ұғу керек. Өйткені, қай кезеңде де елге қадірлі тұлғалардың, сөздің құнын білетін қалам иелерінің жаңадан жасалған атауларды, терминдерді қолдануы олардың тілде орнығуына, жалпыхалықтық сипат алуына оң ықпал етеді. Ә.Бөкейхан да өзінің баспасөз беттерінде жариялаған мақалаларында, ғылыми еңбектері мен аудармаларында Алаш қайраткері жасаған жаңа атаулар мен терминдерді қолданып, олардың әдеби тілге сіңуіне қызмет еткен. Әлекеңнің ХХ ғасыр басында халық арасындағы зор беделі мен қолынан қаламы түспей өндіріп жазғанын ескерсек, оның сол кезеңде жасалған талай сөздің қолданысқа еніп, сөздік құрамымызды байытуға септігі тигеніне еш күмән жоқ.

Ә.Бөкейхан ұдайы жаңадан жасалған терминдерге қатысты өз көзқарасын, ұсыныс-пікірлерін білдіріп отырған. Қыр баласы «кітап сыны» деген айдармен қазақша шыққан кітаптардың көпшілігіне сын-пікірлер жазды. Олардың тіліне, мазмұнына, аударылу сапасына ерекше көңіл бөлді. Сондай еңбектердің бірі 1925 жылы Орынборда шыққан Н.Островскаяның «Еңбекшілерге кооперация не үшін керек?» деген кітапшасы. Оны аударған Сапа Жүсіпұлы. Осы кітап жөніндегі пікірінде ол: «Сапа жолдас орыстың «потребитель» деген сөзін «тұтынушы» деп қазақшалайды», деп жазады. Бұл рецензия арқылы біз бүгінгі қолданысымыздағы «тұтынушы» терминінің ХХ ғасыр басында жасалғанын және оның авторы Сапа Жүсіпұлы екенін анықтау мүмкіндігіне ие болдық. Ғалым еңбектеріне үңілген сайын мұндай құнды деректер табыла береді. Сондықтан оның еңбектерінің толық жинағын шығарып, тілдік тұрғыдан зерттеудің мәні зор.

Әлихан: «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ», деп алаштың жоғын жоқтап, барын түгендеп, ұлтымыздың қамын жеп өткен жұрт шырақшысы. Азаттық жолындағы арпалыспен өткен күреске толы ғұмырында ол ұлтының ертеңі үшін бар күш-жігерін, білім-тәжірибесін жұмсаумен бірге, басын бәйгеге тігіп, жанын да қиды. Қазақтың өз жерін еркін жайлап, өз елінің төрінде отырып, ұл-қызын қазақша оқытып, билік пен төрелікті қазақ тілінде айтуы үшін аянып қалған жоқ. Қазақ тілінде газет шығарды, қазақша кітаптар бастырды, жүздеген мақалалар жазды. Өзгелердің озық ойларын қазаққа жеткізем, көркемдік танымын кеңейтем деп аударма да жасады. Қайсар рухты, асыл текті қайраткердің көшбасшылық арынымен де, қаламының қарымымен де қазақтың жазба әдеби тілінің дамуына қосқан үлесі, сіңірген еңбегі де елеусіз қалмауы керек.



2.2. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН - ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ КӨСЕМІ

2.2. Ә.Н.Бөкейханның қазіргі қазақ әдебиеті тарихында қалдырған бірден-бір өшпес ізі- ұлы, кемеңгер ақын, ағартушы Абай туралы жазып қалдырған еңбегі. Ұлт әдебиетінің өз алдына жеке бір саласы-әдеби сынның іргесін қалап кеткен еңбегі және қазақ ауыз әдебиетінің теңдессіз үлгілерін жинақтап, өңдеп бастырған және зерттеуге қосқан үлесі де зор. Ауыз әдебиетінің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қара қыпшақ Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» сынды үздік үлгілерін өңдеп, бастырған, өз замандастары Абай, Шәкәрім, Міржақып, Жүсіпбек сынды ақын-жазушылардың шығармаларына әділ де өткір сын жазып, насихаттаған.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан-қазақтың 20-сыншы ғасыр басында ілгерішіл ұлт зиялыларының лидері болды. Ол қазақтың өлкетану ғылымының негізін қалаушы, қазақ халқының төл тарихы, әдебиеті, фольклоры, этнографиясы, Қазақ өлкесінінң экономикасы мен халық шаруашылығы бойынша жүздеген ғылыми ізденіс пен зерттеудің авторы есебінде, ғұлама ғалым, дарынды публицист ретінде кең танылды және өмірінің соңғы сәтіне дейін ғалым болып қалды.

«Мен Кеңес өкіметін жақтырмадым, бірақ мойындадым!».Бұл –«халық жауы» деген нақақтан-нақақ айыппен өлім жазасына кесілген адамның ақтық сөзі болатын. Кеңес өкіметі алдында ол өзін айыптымын деп мойындамады да, өзін ешбір жазықсыз ату жазасына кескен заңсыз биліктен кешірім өтініп жалынып-жалбарынбады да. Ол тұлғаның аты ғана- қалың бұқара халқын рухтандыратын, оның атұарып кеткен ісі, оның артта қалдырған орасан мол мұрасы бой көтеріп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятар еді, ал ұлт тәуелсіздігі мен мемлекеттігі жолында қиян-кескі күреске толы өмір тәжірибесі- келешек ұрпаққа үлгі-өнеге.

Әлихан өзінің сан қырлы ғылыми және публицистік қызметін қоғамдық-саяси күресімен қарама-қатар атқаруға мәжбүр болды. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс төңкерісі кезінде ол ұлт зиялыларының Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев, Міржақып Дулатов, Райымжан Мәрсекұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы сынды алдыңғы қатарлы өкілдерін өз төңірегіне топтастырып, бүгінгі күні «Алаш» деген атауымен белгілі ұлт-азаттық қозғалысының жаңа толқынын бастады.Өзінің 1910 жылы Санкт-Петербургте «Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыстың формалары» жинағымен басылып шыққан «Қазақтар» («Қырғыздар») атты әйгілі тарихи-анықтамалық очеркінде Қыр баласы - елағасы өзі бастаған осы зиялылар тобын «батысшылдар» деп атайды: «Таяу келешекте қырда, бәлкім, екі саяси партия ұйымдастырылатын шығар... Олардың бірі ұлттық-діни аталуы ықтимал және қазақтардың өзге мұсылмандармен бірігуі оның идеалы болып табылады. Екінші батысшыл бағыты осы сөздің кең мағынасында айтқанда - қазақ даласының болашағын саналы түрде батыс мәдениетін жүзеге асыра отырып көреді».

Бүгінгі таңда батысшыл зиялылардың атқарып кеткен қызметі «Алаш» ұранды ұлт-азаттық қозғалысы ретінде танылса, Әлихан Бөкейхановты оның идеялық негізін қалаушы, бас идеологы, саяси жетекшісі деп бірауыздан мойындайды.

«Алаш» қозғалысы мен оның көсемі Әлихан Бөкейхановтың 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін, яғни отаршыл патшалық самодержавие тұсында қандай қиян-кескі күрес жүргізгенін мынадай фактіден байқауға болады. 1917 жылғы төңкеріске дейінгі және одан кейінгі кезеңде бір Әлиханның өзі 7 рет тұтқындалып, бірнеше тәуліктен 4 және 8 айға дейін түрмеде отырып шығып, 2 рет саяси айдауда болды. Оның ішінде Самарада 8 жылын өткізсе, Мәскеуде шым-шытырық оқиғалар мен қиян-кескі күреске толы ғұмырының ақырғы 15 жылын сарп етті.

«Алаш» қозғалысының басы-қасында жүріп, ол халқының жазбаша тарихын жазу, таныту мақсатында ұлтының тарихын тиянақты зерттеді, Алтын Орданың заңды мұрагері болып табылатын, бір кезде қуатты мемлекет болған Қазақ хандығының бірліктен, күш-қуатынан айырылып, отарлыққа түсуінің объективті де субъективті себептерін анықтады. Ол, сондай-ақ, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей империясының отарлау саясатына ең ауқымды қарулы қарсылық көрсеткен Кенесары хан көтерілісінің өз мақсатына жете алмауының тарихи себептерін де зер сала зерттеді. 1903 жылы Санкт-Петербургте Әлихан екі автормен бірлесіп жазған «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері» атты тұңғыш ғылыми монографиясын жариялады. Бұл шығармасында ол Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуын, хандықтың кейінірек үш жүзге бөлініп Ресей империясымен одақ құрамын деп оның отарына айналуы, ақыр аяғында Сібір және Орынбор қазақтары туралы 1822-1824 жылдардағы екі ереженің күшімен хандық институты жойылып, қазақтың ұлттық мемлекеттігінен айырылған тарихын мейлінше жан-жақты сипаттап берді. 1910 жылы өзінің ең танымал «Қазақтар» атты тарихи-анықтамалық очеркін жариялады.

Өз туындыларында Әлихан түрлі тарихи жағдаяттардың салдарынан Ресей империясының отарлығына душар болған башқұрт, татар, хақас, қырғыз, Қырым татарлары, ноғай, алтайлықтар сынды басқа түркі халықтарының тарихын, тұрмыс-тіршілігін де, кең қамтыды. Бұлтартпайтын мұрағат құжаттары мен түрлі естелікке қарағанда, 1917-1920 жылдары Әли¬хан Ресейдің өзге түркі-мұсылман халықтарының көсемдерімен таяу болашақта біріккен түркі-мұсылман елі -Түркістан мемлекетін құру мүмкіндігін талқылайды. Сол кездегі құбылмалы саяси ахуалды ескере отырып, алты алаш көсемі оны «Шығыс Ресей мұсылмандарының федерациясы» деп атауды ұсынады.

Ұлтының тарихын зерттей келе Әлихан қайғылы болса да маңызды бірнеше тұжырымға, оның ішінде тарихи және ең бастысы, саяси қорытындыға келеді. Олардың біріншісі: алты алаш¬тың бірлігінен, соның салдарынан тәуелсіздігінен айырылуының ең басты сыры - бұрынғы хан-сұлтандардың Ресей империясы тарапынан отарлау қаупі төнген сәтте де өз билігіне қараған ру-жүздерді біріктіре алмауы. «Бұрынғының көбі, - деп жазды Түрік баласы (Әлиханның қазақша лақап есімінің бірі - С.А.) 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Қазақ тарихы» мақаласында, - күш-қуатты тиісті орнына жұмсамай, бірінің көзін бірі шұқудан уақыты артылмады, істегенінің бәрі жәбір, залым болды; қылғанының бәрі зорлық-зомбылық еді».Сол себепті де Әлихан туған халқы алдында бұрынғы хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы ретінде өзін айыпты сезінді, кең сахара даласында емін-еркін көшіп-қонып ғұмыр кешкен, қайталанбас салт-дәстүрі, мәдениеті бар халқын еш қарсылықсыз отарлыққа жегіп берген алдыңғы хан-сұлтандардың бар кінәсі мен халқының келешек тағдыры үшін бар жауапкерлікті өз мойнына алды. «Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, - деп жазды Әлихан 1914 жылы жазған мақаласының бірінде, - тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қой¬маймын». Әлихан соңғы демі біткенше осы сертіне адал болып қалды.

Өзінің тарихи зерттеулерінен соң жасаған алты алаш көсемінің екінші маңызды саяси тұжырымы - қарулы күрес арқылы қуатты орыс империясының отарлық шырмауынан құтылып, ұлттық мемлекетті қалпына келтіру іс жүзінде де, теория тұрғысынан да мүмкін емес. Қалың қазақты өзін өзі билеу құқына да, одан соң толық ұлттық тәуелсіздікке де қайта қол жеткізетін жалғыз жол, Алаш қозғалысы жетекшісінің көзқарасы бойынша, заман талабына сай ұлттық мәдениет қалыптастыру және қазақ қоғамын еуропалық деңгейге жетелеп жеткізу болып табылады. «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ, - деп ашық атап көрсетті «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 3 санында тағы да сол Түрік баласы, - Осы ғасырдағы әлем жарығына қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай, және өзіміздің шарқ әдетіне ыңғайлы қылып «Қазақ мәдениеті» (Казакская культура) құрып, бір жағынан «Қазақ әдебиеті» (Казакская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы».

2.3. АЛАШ ИДЕЯСЫ – ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ

2.3. Алаш зиялыларының ұлт мүддесі жолындағы қызметтері сан қырлы. Қазақ ұлтының тарихи санасын көтеру жолында аянбай қызмет етті. Ә. Бөкейханов Ресей императорлық география қоғамының қызметіне қызу араласты. 1896 жылы оның Батыс-Сібір бөлімінің мүшесі болды, ал 1901 жылы оның басқару комитетіне сайланды. Оның тарих саласында жазып қалдырған «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» атты алғашқы еңбегі 1903 жылы «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» деген көп томды альманахтың 17-ші томына еніп, Санкт-Петерборда жарық көрді. Шығармада қазақ өлкесінің тас дәуірінен бергі тарихы көрініс тапқан. Сонымен бірге қазақ даласының соңғы ғасырлардағы өмір-тарихын сипаттаған. Бөкейханов қазақ мемлекетінің пайда болуының тарихи кезеңдерін, даму заңдылықтарын да терең зерттеген. Бұған оның әр жылдары Ресей императорлық география қоғамы Батыс-Сібір бөліміне қараған Семей бөлімшесінің басылымдарында жарияланған «Из переписки (писем) киргизских ханов, султанов», «Из переписки хана Средней киргизской орды Букея и его потомков» және «Из бумаг султана Большой киргизской орды Сюка Аблайханова» атты ғылыми жарияланымдары куә бола алады. Бөкейханов назарынан Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтерілісі де тыс қалмаған. Оның бұл тақырыпта 1923 жылы Ташкентте «Материалы к истории султана Кенесары Касымова» атты кітапшасы шыққан. Ә.Бөкейханов халықтың ауыз әдебиеті мұраларынан үлгі алмай ұлттық әдебиеттің өркендеуі мүмкін емес деп түсінген. Ол ауыз әдебиеті туындыларын жинауға көп күш салды. Сондай-ақ қоғам қайраткері тұңғыш абайтанушы да болды. Абай шығармаларын жаңа заманның тынысы, лебі деп түсінді, қалыптасып келе жатқан қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалады. Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздерін жинақтауға атсалысты. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тұңғыш жинағын редакциялап, жинақтың 1909 жылы Санкт-Петерборда басылып шығуына қол ұшын берді. Бөкейхановтың кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі көркем аударма. Тәржімаларының ішінде орыстың классик жазушылары Л.Толстой, А.Чехов, В.Короленко, Д.Мамин-Сибиряктармен қатар, Еуропаның қаламгерлері, сондай-ақ, үнді, түркі тектес халықтардың әдеби шығармалары бар. Ол көркем аудармаларының басым көпшілігін 20-30-шы жылдары аралығында, КСРО халықтарының орталық баспасындағы Қазақ секциясының әдеби қызметкері болып қызмет етіп жүрген кезінде жасаған. Бөкейханов қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист. Оның қаламынан шыққан мақалалар Санкт-Петербордағы «Сибирские вопросы», «Биржевые ведомости», «Новая жизнь» секілді басылымдарда жиі шығып тұрған. Ол халықтың сана-сезімі мен ұлттық мәдениетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген. Бөкейхановтың атқарған ісі, кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат-мұрасы әлі де жан-жақты талданып, зерттеле түспек.

Ә.Бөкейхан 1915 жылы 22 ақпанда «Қазақ» газетіне «Неміс мәдениеті» атты мақала жариялады. Мұнда Германия жұртының Еуропадағы мәдени-тарихи орны мен әлеуетін сараптайды. «Мәдениет ілгері басқан сайын, қала зорайып, қалада табан ақы, маңдай термен күн көрген адам көбейеді. Зор қаладаға адам есебінен мәдениет дәрежесі сыналады» деп жазды.

Адамзаттың жалпы мәдениетін «рухани мәдениет» және «нәрсе затына жалынған мәдениет» (материалдық мәдениет) деп бөліп көрсетіп, «Үй өзімдікі деме, үй артында кісі бар» деген қазақтың сөзі бар. Сенің әрбір қадамыңды, әр сөзіңді аңдып отырған билік бар. Жарайды, сендер жалпықазақ съезін шақырасыңдар, онда саясат туралы сөз болмай қоймайды. Соның бәрі биліктің құлағына жетсе, сендердің әр қайсыңды жүргізбейді. Сондықтан бұл әңгімені қоя тұрыңдар. Уақыты келгенде көрерміз» деген.Тарихшы М. Қойгелді «Бақытжан Қаратаев, Райымжан Мәрсеков, Жаһанша Сейдалиндердің ұстаған бағытының стратегиялық және тактикалық тұрғыдан дұрыс еместігін уақыт көрсетті»,-деп зерделеген еді.

Әлихан Бөкейхан сол кезеңдегі қоғамдық-саяси ахуалды өте терең әрі жақсы түсінген: «Қазақ жерінде қоныс аударушы орыс шаруалары мен орыс казактарының саны басым әрі олардың қолында қару бар. Және билікте солардың жағында. Біз әуелі оларды ішке тартып, біз сендерді ешқайда қумаймыз, сендерге жаулығымыз жоқ, бірігіп мемлекет құрайық, бірлесіп әрекет етейік деп оларға түсіндірейік. Сосын барып, тәуелсіздікті жариялайық»,- деген. Тарихшы Мәмбет Қойгелді «Алаш» сол кездегі еуропалық үлгідегі ұлттық демократиялық партия болған. Партияның басты құжаты саналатын бағдарламасының өзі сол тұстағы батыстағы кез келген партияның бағдарламасынан кем болмаған», - дейді.

«Алаш» ұстанымы - халық ұстанымы, ұлт үстанымы. Қазақ қанша өмір сүрсе «Алаш» сонымен бірге өмір сүретін болады. «Алаш» идеясы - халықтың құндылықтарын сақтау, оны ұрпаққа жеткізу идеясы. Ал біз үшін ең үлкен құндылығымыз ол біздің атамекеніміз - қазақ жері, оның асты-үсті байлығы. «Алаш» идеясы сол қазақтың асты-үсті байлығын ұрпаққа жеткізу үшін жасалған идея. «Алаш» зиялылары ондаған жыл бойы осы мақсат үшін күресті. «Алаш» зиялылары қазақ халқының өз мемлекет тәуелсіздігін алу үшін тер төкті. «Алаш» көсемі Әлихан Бөкейхановтың: «Мемлекеттігі жоқ халық - жетім халық» деген қанатты сөзі содан қалса керек-ті. Мемлекеттігі жоқ халық, қорқақ халық, жалтақ халық деген сөз. «Алаш» зиялылары мемлекет үшін, ұлт үшін күресті. «Алаш» зиялыларының мақсаты қазақ деген халықтың барлық рухани құндылығын, салт-дәстүрін ұрпаққа жеткізу болды.

Алаш зиялылары Еуразия кеңістігіндегі Қазақ Елінің мәртебесі биік болып, әлемдік өркениеттен өзіне тиесілі орынды иеленуі үшін өз өмірлерін арнады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Әлихан Бөкейханов – жұртшылықтың, халықтың қаламгері. Оның публицистік шығармашылығы ұлт тағдыры мен болашағының, оның ғұмырнамасының айнасы. Ол сол жолда, сол бағыт-бағдарда, сол мұрат-мақсатта еңбек етіп келе жатқан публицист. Ол өз буын, өз ғұмырнамасын жазушы ғана емес, сол арқылы тұтастай ұлттың атынан сөз айта алатын дәрежеге көтерілген ірі тұлға. Сондықтан болар оның қаламынан туған кез-келген туындыны оқырман ыждаһатпен қабылдайды. Өйткені ол қай жанрда жазса да барлығын дерлік өзіндік қалыптасқан дара стильмен, көркем шұрайлы тілмен жазады.

Публицистикасы тақырыбының ұлт қамын жеген, ел болашағына алаңдаған ойларын көптеген мақалаларынан білеміз. Журналистік және жазушылық екі түрлі мамандық, екі ұдай қызмет болса да, иесі бір көзқарастан – ұлттық идея, ұлттық санадан ешқашан айнымаған.

Отыз жылға жуық мерзім ішінде Ә.Бөкейхановтың шығармашылық жолы қазақ баспасөзінде қалыптасқан, сол арқылы қалың оқырманға жете таныс болған.

Журналист кез-келген материалды – корреспонденциядан бастап ең ақыры өлеңге дейін жаза алуы керек. Ол әдеби деректерді, әсіресе, газеттік әдебиетті білуі қажет.

Ал Ә.Бөкейханов қаламынан туған көркем публицистикалық жанрдың қай-қайсысынан да публицистің жазу техникасын әбден меңгеріп, төселгені, аз сөзге көп мағына, көп жайтты сыйдырып жіберетін шеберлік қыры оның шоқтығын биіктетеді.

Қорыта айтқанда, Ә.Бөкейхановтың публицистикасының басты қасиеттері мынадай: біріншіден, қандай жанрда қалам тербесе де ұлттық идея,ұлттық рухты нысанаға алуы, екіншіден, публицистикасы тақырыбының проблемалығы және ондағы заман мен қоғамның ащы шындығы.

Ә.Бөкейханов публицистикасы қазақ баспасөзінің дамуына ғана емес, қоғам санасының өрлеуіне де зор үлес қосты.

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,

Демейді қандай қазақ оны оң көзі.

Семей тұрсын, жеті облыс - бар қазақтан,

Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, –

деп С.Торайғыров айтқандай, Әлекең әрқашан да қазақ жүрегінде жеке дара тұлға болып қала бермек.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы:Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”,

2.Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра

3. "Егемен Қазақстан" газеті, 2015 жылғы 24 қараша

4. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992.

5. С. Өзбекұлы «Арыстары Алаштың» А., 1998 ж.

6. М. Қойгелдиев «Ә. Бөкейханов шығармалары» А., 1994 ж. .

7. С. Өзбекұлы «Арыстары Алаштың» А., 1998 ж.

8. М. Қойгелдиев «Ә. Бөкейханов» А., 1994 ж.

9. К. Нүрпейісов «Алаш һәм Алашорда» А., 1995 ж.

10. Төлебаев «Алаш» партиясы // Егемен Қазақстан 2001 ж. 7 желтоқсан

11. М. Қойгелдиев «Ә. Бөкейханов шығармалар» А., 1994 ж.

12. К. Ахметова «Алаш партиясы туралы бірер сөз» // Ақиқат. 1995 ж. 7 шілде

13. «Алаш азаматтары жайлы деректер» Ақиқат.1993 №4

14. Әбжанов «Қазақ интелегенциясы мен мәдениеті туралы» Алматы 1992ж .

15. Құл - Мұхаммед «Алаш ардагері. Ақбаевтың саяси құқығының көзқарастары» Алматы

16. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. Арыстар тұғыры. (Екінші кітап)./ М.Қ.Қозыбаев.- Алматы: Ғылым, 1998.- 280 бет.

17. Бөкейхан Әлихан. Таңдамалы / Ә.Бөкейхан.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995.- 472 бет.

18. Бөкейхан Әлихан. Шығармалар / Ә.Бөкейхан.-Алматы: Қазақстан, 1994.-384 бет.

19. Тынышпаев М. Қазақтар және азаттық қозғалыс / М.Тынышпаев // Ақиқат - 1992. - №5.- 22-27 бет.

20. Қозыбаев М.Қ. История и современность / М.Қ.Қозыбаев.- Алматы: Ғылым, 1991.- 294 бет.



ҚОСЫМШАЛАР

1. 1890-1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқығанын растайтын құжат





Каталог: uploads -> doc -> 082c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
082c -> Сабақ жоспары Топ №3 Сабақтың аты Тамақтандыру кәсіпорны өндірісін ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет