«Биле-биле» би байқауы
29 сәуір - Халықаралық би күніне орай ұйымдастырылған
«Биле-биле» балалар би байқауы.
Мақсаты: Өз халқының және өзге халықтардың мәдинетін танып білуге бағыттау. Балаларды би қимылдары арқылы музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық өнердің қыр - сырын білу.
1-жүргізуші:
Сәлем - анам - алтын күн
Сәлем қартым - халқымның
Уақытыма риза боп
Бақытыма шалқыдым
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз,
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім
Мереке басы болсын берекеңіз
Игі еңбектің жемісін бәрі көрсін,- дей келе бүгінгі
«Биле-биле» бишілер байқауына өз өнерін көрсетуге келген бишілердің өнерін тамашалайық.
1-жүргізуші:
Би қимылын теріңдер!
Бәрің бермен келіңдер!
Бұл қызықты сайысты
Тамашалап көріңдер.
2-жүргізуші:
Бұл сайыстан қашпайық
Өзге істі тастайық
Әзір болсақ бәріміз
Ал,сайысты бастайық!
№1 «Шұғыла» балабақша бүлдіршіндері арасында өткелі отырған
«БИЛЕ- БИЛЕ» би байқауын тамашалауға қош келдіңіздер!
(Балалардың барлығы ішке кіреді)
1-жүргізуші:
Мың бұралып билеген
Өнерді кім сүймеген.
Би билеген сұлуларға
Кімдер басын имеген
2-жүргізуші:
Жүлделі орын алуға күш салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазылар алқасымен танысайық
Бүгінгі біздің сайысымыздың әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1-жүргізуші:
Бұл атаулы күнді 1982 жылы ЮНЕСКО бекітті. Ал неге халықаралық би күнін дәл осы күнге қойды? Өйткені 29 сәуірде француздық балетмейстер, би өнерінің реформаторы әрі теоретигі Жан Жорж Новер (1727-1810) өмірге келген. Жан Жорж Новердың аты тарихта «Бүгінгі балет өнерінің атасы» ретінде қалған.
Халықаралық би күні – «барлық биді» біріктіруге қызмет етіп келе жатқан атаулы күн. Бұл өнер түрі әр түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, ынтымақтастық пен бейбітшілікке баулып, этникалық қарым-қатынасты одан әрі нығайта түседі. Бидің де өзі үні, өз тілі болады. Би де талғамды қажет етеді. Тілмен түсіндіре алмайтын жайтты бимен жеткізуге болады.
Ұрпағын мақтануға болса лайық,
Біз бүгін мақтанайық,жар салайық.
Сайысқа қатысатын бүлдіршіндерді
Құрметпен қол соғып қарсы алайық
2-жүргізуші:
Бір шаңырақ астында қазақ ұлтымен бірге бір ананың баласындай болып,130-дан аса ұлт өкілдері тұрады.Мұнда ұлтына,нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен –бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз,қазақ,өзбектер
Монғол,ұйғыр,дүнгендер,
Армян,тәжік,грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр.
«Бірлік бар жерде-бақыт бар»
«Ынтымақ-достық кепілі»-дегендей бүгін біз бірлігіміз жарасқан халық билерін тарту етеміз
1-жүргізуші:
Низкий поклон от русской земли
В степь Казахстана мы привезли
Ты цвети Казахстан ,расцветай
Наш любимый солнечный край!-дегендей
Орыс биімен «Бал бала» тобын қарсы алыңыздар
2-жүргізуші:
Жолым түсіп, тағдыр талап,
Грузин дос болдым қонақ,
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол- ақ.-деп
Грузин биімен «Айгөлек» тобын қарсы алайық
1-жүргізуші:
Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Испан биімен «Ботақан» тобын қарсы алыңыздар
2-жүргізуші:
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық-
Сыған биімен «Балбұлақ» тобының биші қыздарын қарсы алыңыздар
1-жүргізуші:
Қадірменді бір досымыз-өзбегім
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сезімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің –дегендей
Өзбек биімен «Күншуақ» тобын қарсы алыңыздар
2-жүргізуші:
Арғы атам –ер түрік,
Біз қазақ еліміз
Самал тау шалқар көл,
Сарыарқа жеріміз –деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай
Түрік биімен «Бәйтерек» тобын қарсы алыңыздар
1-жүргізуші:
Жырласа қазақ,татармен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан-дегендей
Татар биімен «Өркен» тобын қарсы алыңыздар
2-жүргізуші:
Тыңда,тыңда,тыңда мені,
Ұлы жұртым қазақ халқым
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын,менің даңқым-дегендей
Қазақ биімен «Балдаурен» тобын қарсы алыңыздар
1-жүргізуші:
Орыс,кәріс туыс боп ағаласып
Қаны, тілі жатыр ғой араласып.
Отбасының бақыты ортақ болған.
Қол ұстасып еңбек етіп,туыстасып-дегендей
Корей биімен «Балауса» тобын қарсы алыңыздар
2-жүргізуші:
Мың бұралған бишілер билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Бишілерін сыйлаған халқым менің,
Шығыс биін қошеметпен қарсы алайық
Шығыс биімен «Шаттық» тобын қарсы алыңыздар
1-жүргізуші:
Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс - әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім - әсерлері би қимыл - қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды
2-жүргізуші:
Келе - келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (Грекия, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан) билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Билеу деген ол жай кез келген қимыл жасау емес. Әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт дәстүрін, тіршілігін жалпы өмірін, мінез құлқын көруге болады дейді өнер адамдары.
1-жүргізуші:
Ендеше бүгінгі сайыскерлеріміздің қайсысы біздің еліміздің табиғатын, тұрмыс тіршілігін қимыл қозғалыс арқылы, ырғақты көрсете білгенің әділ қазылар алқасы кішкентай бүлдіршіндерімізге тілектеріңіз бен ескертулеріңізді айта отырып,бағасын берулеріңізді өтінеміз
2-жүргізуші:
Жақсы шәкір азамат аттанады,
Халқынан, ата –анадан
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін
Ортаға шақырайық БАСШЫЛАРДЫ
Әділ қазылар алқасына сөз беру,сайыс жеңімпаздарына орын беру,мараппаттау рәсімі
Назарларыңызға рақмет,қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |