Билет – 10
1. Қатысым актісіндегі жүзеге асырылатын жағдаятқа тоқталыңыз.
Коммуникация термині (латын тілінен аударғанда Communicatio - байланыс, қатынас) – араласу, ойлармен, идеялармен, деректермен бөлісу т.б. деген мағынаны береді. Коммуникативтік - танымдық қызмет, тілдің көмегімен жүзеге асырылады, еңбек ету мен танымдық процесс барысында адамдар арасында болатын қатынастардың ерекше түрі.
Қазақ тілін өзге ұлт аудиториясында оқытудағы қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф.Ш.Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалады. Ғалым: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі», - деген анықтама береді.
Қатысымдық әдістің сипаты:
1. Тіл үйренуші клиент ретінде, ал оқытушы кеңесші ретінде ұйымдастырылады;
2. Ана тілі мүлдем қолданылмайды;
3. Грамматика мен лексикалық минимум индуктивті түрде беріледі;
4. Тіл үйренушілер мәтінді таспаға жазып, қайта тыңдап, негізгі таспамен салыстыра отырып, айтылым дағдысын қалыптастырады;
5. Белсенді өзара әрекет жаттығулары қолданылады.
Жүргізу тәсілдері:
1. Таспада жазылған мәтінмен коммуникацияға түсу;
2. Тәжірибені қайта жаңғырту;
3. Тіл үйренушінің дыбыстауын таспаға жазып, қайта тыңдау;
4. Оқытушы-компьютер өзара байланысы;
5. Топтық, жұптық жағдаяттық тапсырмалар.
Қатысым уәждемесінің қалыптасу жолдары:
1. Үйренетін тілде телебеғдарламалар көру, радиобағдарламалар тыңдау, оларды талдау;
2. Көркем әдебиет оқу, оқығаны туралы әңгімелесу;
3. Сол тілдің атақты өкілдерімен кездесу, әңгімелесу;
4. Сол тілде ғана сөйлеуге арналған жазғы лагерлер ұйымдастыру;
5. Оқу үдерісін жеделдету;
6. Жүйелі бақылау және проблемалармен жұмыс жүргізу;
7. Интерактивті оқыту әдістерін қолдану;
8. Оқу үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу.
2. Мәтінге берілген анықтамалардың біріне тоқталыңыз (жалпы саны қанша?)
0Пайымдау — ойлау процесінің белгілі бір сатысы немесе ой тұжырымдаудың түрі; басты бір мәселеге жауап қайтаруда бір-бірінен туындайтын ой-пікірлер туындысы. Пайымдау — ойлаудың алғашқы сатысынан оның тұжырымына өту жолы. Бірақ пайымдау туралы түсініктер бірден жүйеленбейді, бірін-бірі толықтыра да бермейді.Философия тарихында пайымдауды ғылыми танымға қабілеттілік (Кант), анықтамаларды шектейтін білімнің калыптасу кезеңі (Гегель) дейтін түсініктер бар. Пайымдау — құбылыстың себебі мен байланысын анықтайтын ақыл-ойдың құрамдас бөлігі, тіл табысудың алғашқы деңгейі. Пайымдау тәсілін сипаттау, жинақтау және дәлелдеу — логиканың негізгі міндеттерінің бірі.
Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? сұрағына жауап береді.
Күз
Күз келді. Айнала алтын түске боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түскен. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда.(Әңгімелеу)
Кірпіш
Ежелден адамдар үйді кірпіштен салуды ұнатқан.Себебі, кірпіш суда ерімейді, суықта үгілмейді. Ол күйдірілгендіктен берік болады. Қазір де кірпіш үй құрылысында, өнеркәсіп құрылыстарында пайдаланылады. (пайымдау)
Аққу
Аққу киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі (сипаттау)
3. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасының бір бөлігіне, өзіңізге ұнаған тілдік талдау жасаңыз.
Соғыс... Тағы да соғыс. Алыстан зеңбірек гүрсілі естіледі. Ол құрғырдың даусына да құлағым көнігі болып алдым, əp снарядтың үлкені мен кішісін ғана емес, қаншалық алыс жақынға түсетінін де ұшып келе жатқан даусынан ажыратам. Шектей шұбатылып, созылып шығатын мына дауысында танимын. Снаряд гүжілдеп ажал төндіріп келе жатса, минаның даусы алдын — ала жаназаңды оқып келе жатқандай азалы. Қазіргі атыс алыстан естіледі, əсіресе, аузы — мұрны бітеулі жеркепенің ішіне снаряд даусы талып жетеді. Құрып кеткір, бір түрлі құлаққа жайлы ұяң гуіл. Ал сол снарядтың астында жатқан адамдарға оның айтары жоқ, олар тура тозақ отының астында. Мына киіздей тұтасып ақырын ырғалып естілген майда гуіл бар ма?.. Тіпті соның ішіне кірмей — ақ жақындап барсаң...
Формасы: Жазбаша.
Мәтін типі/түрі: Монолог, баяндау.
Стилі: Көркем әдебиет
Жанры: Роман
Аудиториясы: Түрлі жастағы оқырмандарға.
Мақсаты: Қызықтыру
Тілі: Мәтін
Достарыңызбен бөлісу: |